Ірі қара және шошқа обасы: қоздырғышы, клиникалық және патологиялық ерекшеліктері мен алдын алу шаралары


Slide 1

Ірі қара мал және шошқа обасы

Slide 2

Сиыр обасы - сиырлар және т. б. іріжұптұяқтылар(африкалық бизондар, бөкендер, бұғылар,

керіктер, гнулар) ауыратын вирусты инфекциялық ауру Сиыр обасы өлітию түрінде, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек қарынның кілегейлі қабықтарының, ісініп өліеттенуі, дене қызуының көтерілуі арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін вирустық ауру.

Slide 3

Қоздырушысы

Ауру қоздырушысы - Rinderpest morbilli virus, құрамында РНҚ бар паромиксовирустар тұқымдастығының Morbillivirus туыстастығына жататын вирус. Мөлшері 86-126 нм, әр түрлі формада және өлшемде полиморфты келеді. Вириондарының басым көпшілігі домалақ немесе сопақша, ал кейбірі жіпше тәрізді болады. Сиыр обасының, ит обасының және қызылшаның вирустарының өзара ортақ антигені бар.

Slide 4

Індеттік ерекшеліктері

Сиырдың обасымен сиырдан басқа африкалық бизондар, бөкендер, бұғылар, керіктер, гнулар және енеке ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және жабайы күйістілерде де байқалады. Бұл ауру шошқаның кейбір тұқымдарына да жұғуы мүмкін. Бұзау ересек сиырға қарағанда обаға өте бейім. Кейбір сиыр тұқымдары, мысалы, жапонның қара сиыры, кореяның сары сиыры, Үндістанның таулы аймақтарындағы сиырлар обаға сезімтал келеді. Ауру тұрақты жайлаған өлкелерде жергілікті мал біршама төзімді. Обаны жасанды жолмен сиырдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардан үй қояны мен ит бейім келеді.

Slide 5

Оба қоздырушысының бастауы рөлін денесінен вирусты нәжіс, несеп, сүт, сілекей, танау мен көзден аққан сорамен бөлініп шығаратын ауырған және ауырып жазылған малдар атқарады. Обадан өлген малдың өлексесі, ауырып жұққанда тез жазылып кететін қой, ешкі, бөкендер, шошқа т. б. жануарлар қоздырушысының таралуының қауіпті себепкері болады. Иттер, жыртқыш аңдар, құстар өлексемен қоректенгенде оба вирусын механикалық жолмен тасымалдаушы ролін атқарады. Қоздырушының малды күтетін адамдар, көлік, жем-шөп, су, төсеніш, арқылы да таралуы мүмкін.

Slide 6

Өтуі мен симптомдары

Жасырын кезеңі 3-17 күн. Ауру әдетте жіті, кейде аса жіті, жітіден төмен және үзілмелі түрде өтеді. Қой, ешкі және түйе ауыра қалған жағдайда көбінесе үзілмелі не өшкін түрінде байқалады.

Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуының 41-42°С-қа көтерлуі. Ыстық тұрақты болып, таңертеңгі мезгілде ғана аздап төмендейді. Жем-шөп жеуі саябырлап, ішек-қарында атония байқалады, шөлдей береді, сауын малдың сүті қайтады, 2-3 күн өткенде ауыз қуысының кілегейлі қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады. Бастапқыда қан кернеген телімдер, кейіннен бозғылт-сарғыш дақтар пайда болады. Алғашқыда олар тығыз болып, соңынан жұмсарып, бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жер алқызыл түсті, шеттері тегіс емес. Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің конъюнктивасы қызарып, қабықтары домбығып, көзден жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда күңгірттенеді, көздің алдыңғы камерасында эссудат жиналады. Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар бастапқы 3-4 күнде қозбалы келеді, кейіннен селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік пайда болады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері жыбырлап, жануар тісін шықырлатып, ыңыранады

Slide 7

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Өлексе өте арық. Құйрығы мен санындағы тері нәжісімен былғанған. Тері асты шелі домбығып, қан кернеген. Қан сұйылып, қара қошқылданып, нашар ұйыйды. Ауыз қуысының, оның астында алқызыл ойылым болады. Құрсақ қуысындағы сұйықтық қызқылт түсті. Шажырқай сөл түйіндері үлкейіп, қанталаған. Ұлтабардың қабырғасы қалыңдап, суланған, ішінде жағымсыз иісті қоңырқай сұйық болады, кілегейлі қабығы домбығып, қатпарланып, қанталайды. Өліеттенген эпителий сұрғылт-сары түсті қабыршақтанып, оңай сыдырылады, астында қызыл шақа ойылым көрінеді. Аш ішектің қабырғасы домбығып, қан кернеп, крупозды геморрагиялық қабынуға ұшырайды, кілегейлі қабығы ойылып, ішектің ішінде фибринді бөлінділер кездеседі. Тік ішектің қабырғасы қанталап, өліеттенген ірімік массамен бүркеліп тұрады. Көкбауыр аздап ұлғайып, капсула асты қанталайды. Өт қабындағы өттің мөлшері көбейіп, исі жағымсызданады, ал кілегейлі қабығын қан кернейді, ұсақ ойылымдар кездеседі. Бүйректері өзгеріске ұшырап, астаушысының кілегейлі қабығы домбығып, қанталайды, несепке қан араласады. Жүрек созылып, миокард азғындап, болбырайды. Эндокард және эпикард қанталайды. Өкпе домбығып, қан кернейді, кейде қабынған ошақтар ұшырасады. Миды қан кернеп, домбығады, гистологиялық тексеру лимфоцитарлық іріңсіз энцефалитті айқындайды.

Slide 8

Емі

Обамен ауырған малды емдеуге тиым салынған. Ауырған мал сойылып, өлексе өртеледі.

Дауалау және күресу шаралары

Обаны болдырмау үшін шекаралық аймақты қатаң бақылап, ауру шығу қаупі төнген сәтте бейім жануарларды жедел егу керек. Сиыр обасы шыға қалған кезде елді мекенге карантин қойылып, малдың қай түлігі болмасын ол жерден әкетуге тиым салынады. Сонымен қатар, ол жерден жем, мал өнімдері алынбайды, тері дайындалмайды, адамдардың келіп-кетуіне, көлік қатынасына рұқсат етілмейді. Тәулік бойы кезекшілік бекітілген күзет қойылады. Барлық сиыр малын қолда ұстап бағады. Ортақ суаттан суаруға тиым салынады. Күн сайын термометрия жүргізіп, температурасы барын оқшаулап, 2-3 күнде ыстығы қайтпаса сойып, терісімен қоса өртейді. Күн сайын қораны тазалап, дезинфекциялайды.

Ауру шыққан жердегі барлық сиыр малын бір мезгілде обаға қарсы егеді. 10 күн өткен соң жайылымға шығарады. Ауру мал тұрған қораны әктеп, кемінде 4 күнге жауып тастайды. Карантин соңғы ауырған малды жойғаннан соң 21 күннен кейін алынады. Ол жерден мал әкетуге карантин алынғаннан кейін 5 айға шектеу қойылады. Бұл мерзім өткенде шеттен обаға бейім малды әкелуге рұқсат етіледі. Әкелінетін мал обаға қарсы алдын-ала егілуге тиіс

Slide 9

Ірі қара мал обасы

Slide 10

Шошқа обасы-шошқаның вирус арқылы таралатын жұқпалы індеті. Шошқа обасының вирусы барлық органдар мен тканьдерде, лимфа түйінінде, сүйек кемігінде, көк бауырда, ішектін кілегей қабығында өніп-өседі. Шошқа обасы еметін жас торайларда жіті өтеді. Ауру 3-7 күнге созылады, жіті өтетін түрінде дене температурасы 41, 5-42°С-қа дейін көтеріледі. 1-2 күннен кейін шошқа жемнен қалады, денесі дірілдейді, жата береді, көзі қызарып, ісінеді, орнынан әрең қозғалады, салқын орын іздейді, кейде бауырының астында сарғылт сұйыққа толы күлдірек пайда болады, біраздан кейін тұтасып қоңыр даққа айналады. Жүрек қызметі нашарлап, мұрнынан қан кетеді, артқы аяқтары салданады, 7-10 күнде өледі. Ауру білінісімен ауру шошқаны бөлек күтеді, шошқа қораны 2-3%-тік күйдірігіш натр ерітіндісімен дезифекциялайды. Шаруашылыққа карантин қойылады.


Ұқсас жұмыстар
Ірі қара цистицеркозы: қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, диагностика, ем және алдын алу шаралары
Пастереллез: қоздырғышы, клиникалық-патологиялық ерекшеліктері, диагностикасы және емдеу мен алдын алу шаралары
Құс тұмауы: қоздырғышы, клиникалық-патологиялық ерекшеліктері және алдын алу мен бақылау шаралары
Шошқалардың африкалық обасы: қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы және бақылау шаралары
Ірі қара обасы (Pestis bovum): тарихы, эпидемиологиясы, клинико-патологиялық бейнесі және диагностикасы
Лептоспироз: қоздырғышы, клиникалық-патанатомиялық ерекшеліктері, ем және алдын-алу
Ірі қара малдарының спорадикалық энцефаломиелиті: қоздырғыштың төзімділігі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Шошқа тілмесі: этиология, патогенез, клиникалық және патоморфологиялық белгілері мен алдын алу шаралары
Ит обасы (Rinderpest): вирусологиясы, клиникасы, диагностикасы және алдын алу шаралары
Жылқылардың вирустық артериті: қоздырғышы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz