Жалдан түбіртек саңырауқұлағының қалпақшаң сының астыңғы жағы қою сарғылт - жасыл




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Өміртіршілік қауіпсіздігі және қорғау кафедрасы
Улы саңырауқұлақтардың улылық
дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін
қауіптілері бозғылт арамқұлақ,
шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен
тілікқұлақ. Адам асқа жарамды
саңырауқұлақты, егер ол бүлінген
болса, жеген кезде улануы мүмкін
(зең түскен, шырыш аққан және ұзақ
сақталған).
Бозғылт арамқұлақ жаздың екінші жартысы мен күзде
өседі. Аса улы саңырауқұлақтардың бірі. Ол сары,
жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі.
Саңырауқұлақ түсі ақшыл болған сайын оның улылығы
да күшті. Бозғылт арамқұлақты басқа
саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас
саңырауқұлақтың қозықұйрықпен (шампиньон) кейбір
ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта
қалпақшысының төменгі жағындағы қатпарлар
қызғылт түсті, ал бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті.
Сонымен қатар сұрғылт арамқұлақтың улары-
фаллоин, фаллойдин мен амантин (аматотоксин)
қайнатқан кезде де, құрғатқан кезде де өзінің улылық
қасиетін жоғалтпайды. Олар тіпті адамның асқазаны
мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт арамқұлақтың
улылығы туралы ақиқатты мына мысалдан көруге
болады. Бала осы саңырауқұлақтың 1/3 бөлігін
жесімен-ақ өте ауыр күйге ұшырайды. 1-4 сағат
аралығындағы жасырын мерзімнен кейін уланған
адамның іші қатты бұрап ауырады, құсады, іші өтеді,
организм шөліркейді, құрысады. Уланғаннан кейін
екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек
түйнейді, сары ауру деңдейді, тахикардия (жүрек
соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі)
байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз
қоректенуі (дистрофия) салдарынан өледі.
Шыбынжұтпен улану біршама жеңілірек өтеді.
Қатты өскен шыбынжұтты басқа
саңырауқұлақтан ажырату қиын емес. Кейде
жаңа өсіп келе жатқан шыбынжұтты
сыроежкадан (саңырауқұлақтың бір түрі)
ажырату қиынға түседі. Шыбынқырғышта
атропино тектес алколоидтар, мускарин мен
аманитин кездеседі. Улану негізінен
мускариннің әсерінен болады. Жасырын
мерзім 1-2 сағатқа созылады, бұдан қатты тер
шығады, сілекей ағып, көзден жас шығады,
жүрек айниды, құсық келеді, іш өтеді және
бұрап ауырады. Орталық нерв жүйесіне әсер
ету салдарынан бас айналады, сондай-ақ адам
өзін-өзі ұстай алмай, көзіне бірдеңелер
елестейді. Сауығу әдеттегідей 1-2 күннен
кейін басталады. Өлімге ұшырататын жағдай
да кездесіп қалады.
Улану асқа саңырауқұлақтарды, мысалы оның бозғылт поганка,
қызыл мухомор, жалған опенок және жалған сморчок деген
түрлерін қолданғанда, сонымен қатар жеуге жарайтын сморчок,
строчка, қабанқұлақ саңырауқұлақ, қызғылт саңырауқұлақ
сияқтыларды аспаздық тұрғыдан дұрыс өндемеген жағдайда
туындайды. Уланудың шапшаңдығы саңырауқұлақтардың
түрлеріне байланысты. Мысалы, бозғылт поганкамен уланғанда
ондағы барлық у ағзаға сіңіп болғаннан кейін, яғни 2-3 тәуліктен
соң білінеді. Сондықтан саңырауқұлақтарды асқа пайдаланғанда
немесе жинағанда жеуге жарайтын-жарамайтындығын анық білу
керек. Әсіресе оның бозғылт саңырауқұлақ деген түрін
шампиньоннан, шатыр тәрізді саңырауқұлақтан және басқа да
жалпақ саңырауқұлақтардан ажырата білген жөн.
Саңырауқұлақтардан уланған кезде адам құсады, содан кейін
улану белгілері, мысалы, елестеулер, сананың жоғалуы, қатты
масаю байқала бастайды. Бауыр зақымданады және басқа да
өзгерістер білінеді. Бозғылт поганка адамды өлімге әкеп соқтыруы
мүмкін. Кейбір жеуге жарайтын саңырауқұлақтар көгеріп кетсе,
сондай-ақ жылы жерде тұрса, ондағы ақуыздардың ыдырауынан
улы заттар пайда болуы мүмкін.Бозғылт поганкада улы заттардың
екі тобы болуы мүмкін: тез әсер беретін фаллоидин және баяу
әсер ететін уытты аманитин. Олардың екеуі де бауыр мен бүйректі
қатты зақымдайды. Асқа пайдаланғаннан кейін 8-24 сағаттан соң
іш қатты ауыра бастайды, жүрек айниды, құсып, қан мен шырыш
араласқан іш өту мазалайды
Алғашқы жәрдем Саңырауқұлақ жегеннен кейін кез
келген жағымсыз жағдайда немесе уланғанына
күдіктенгенде, науқастың кідірместен дәрігерге
қаралуы керек немесе ауруханаға жеткізілуге тиіс.
Дәрігер келіп ем тағайындағанша, асқазанды мол
сумен немесе марганцовканың әлсіз ерітіндісімен не
тұзды ерітіндімен (стакан суға жарты қасық тұз салып)
шаю керек. Мұны 5-6 рет қайталап, науқасты төсекке
жатқызады. Белсенділендірілген көмір немесе іш
айдағыш дәрі ретінде күкірт қышқыл магнезия
ерітіндісін (35 г магний сульфатын жарты стакан суға
ерітіп) қабылдау керек. Толық тазарту үшін клизма
жасаған дұрыс. Адам қайта құсып немесе іші өтіп,
ағзадан көп сұйықтықты жоғалтады, сондықтан құсуды
бәсеңдететін аздаған тұзды су және қою шай ішуі
керек. Кейбіреулер мұндайда алкоголь ішуге әрекет
етуі мүмкін, бұл дұрыс емес. Өйткені ол саңырауқұлақ
уының ағзаға сіңуін күшейтіп жібереді. Алғашқы
жәрдемнен кейін тиісті емді тәжірибелі дәрігер
тағайындауы тиіс.
Саңырауқұлақтан уланып қалмау үшін әбден қарап, тексеріп
алу қажет. Егер кездескен саңырауқұлақтар улы
саңырауқұлаққа ұқсас болса, оны алмаған жөн. Әбден пісіп,
жетілген әрі кеуіп кеткен саңырауқұлақтардың да улы болуы
мүмкін. Ақ саңырауқұлақ және басқаларын асқа пайдаланудың
алдында екі рет суға қайнатып, қайнатқан суды төгіп тастау
қажет. Төккен сумен бірге саңырауқұлақтардағы улы заттар
кетеді. Жаңадан теріл әкелген жас саңырау - құлақтарды бір
тәуліктен артық сақтамайды. Одан жасалған тағамдарды екінші
тәулікке қалдыруға болмайды. Саңырауқұлақтарды кептірсе де,
сүрлемелесе де, маринадтаса да олардың құрамындағы улы
заты жойылмайды. Сондықтан саңырауқұлақтан қыста да
уланып қалуға болады. Уланудың белгілері саңырауқұлақты
жегеннен кейін, бірнеше сағаттап соң білінеді. Уланған
адамның іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, әлсізденіп, басы
айналады, кейде сіңірі тартымды. Мұндай жағдайда тез арада
дәрігерге қаралу керек.Саңырауқұлақты теру жолдарын да білу
қажет. Саңырауқұлақты таңертеңгі салқында, топырақта
көрінбей жататын жіпшумақтарын зақымдамай, түбіртегінің
төменгі жағынан ептеп пышақпен кесіп алады.
Өте майдаларын алмау керек. Сонда ол жердегі
саңырауқұлақтарды жыл сайын, ұдайы жинап тұруға
боладыСаңырауқұлақтар жеуге жарамды және жеуге
жарамсыз - улы болып екі топқа бөлінеді. Олар - әсіресе құнды
тағамдық өнім. Саңырауқұлақтардың құрамында 80 пайызға
дейін нәруыз болатын азотты заттар бар. Саңырауқұлақтарды
тергенде жеуге жарамдысын улы түрінен ажырата білу керек.
Терген кезде топырақта көрінбей жататын жіпшумақты
зақымдап алмас үшін, саңырауқұлақ түбірінің түбінен
пышақпен абайлап қиып алған жөн.
Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (веселка), жалдан
түбіртек саңырауқұлақтары - улы. Сұр шыбынжұты
саңырауқұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті және ақ
лақты. Қызыл шыбынжұтының қалпақшасының үсті қызыл
түсті және ақ лақты болып келеді. Жалдан түбіртек
саңырауқұлағының қалпақшаң сының астыңғы жағы қою
сарғылт-жасыл. Қалпақшасының үсті мен түбіртегі ашық
сарғылт-жасыл түсті болады. Түбіртегінде белдеуше сақинасы
жоқ.

Ұқсас жұмыстар
Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар
Қалпақты саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат
Қына –ерекше тірі ағза
Жұмыртқасының ұзындығы
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Зиянкестермен кешенді күресу шаралары
Жылыжайдағы жылыжай зиянкестерінің энтомофагтары және акарифагтары
Таралу аймағы
Пәндер