Қар көшкіні



Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Өміртіршілік қауіпсіздігі және қорғау кафедрасы
Тақырыбы: “Қар көшкіні”
Алматы 2014 жыл

Қар көшкіні
Қар көшкіні - тау шыңдары мен беткейлеріндегі қар және мұздықтардың қозғалуы, төмен қарай сырғуы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің көлемі 2 млн м3ге жетеді. Ұру күші 1 . м2ге 60- 100 тонна. Қар көшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті.

Апатты көшкін - көшкін құрайтын факторлардың қалыпты тіркесі жағдайында пайда болатын және көшкін науасында кәдімгі көшкіндерден қалыптасқан минералдық ысырынды конустан тыс алысқа тарайтын, сирек қайталанатын көшкін.


Алматы облысында
-12 наурыз күні Іле Алатауындағы кіші Алматы өзені хауызында 4 көшкін жинаушыларында жалпы көлемі 6100 м3 қар көшкіні жиналды. Көшкін жолдан тыс беткейде тоқтап қалды.
-12 наурызда Үлкен Алматы өзені хауызы ауданында көшкін жинаушыларында жалпы көлемі 17800 м3 қар көшкіні жиналды.
-17 наурызда Түрген өзені хауызында “Түрген-Батан тоғай” автожолының 23 км-де жалпы көлемі 1780 м3 3 қар көшкіні өз бетімен болды. Соның салдарынан жол бөгеліп, оны қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысында
-Катонқарағай ауданында “Согорное-Печи” а/ж 14 км 500 м-де қар көшкіндері қосылып: 7 наурызда - көлемі 300 м3 және 15 наурызда - көлемі 120 м3 3 қар көшкіні болды. Соның салдарынан жол толық бөгеліп, оны қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
-11 наурызда “Өскемен- Зырянов” а/ж 60 км-де көлемі 400м3 қар көшкіні өз бетімен болды.
-26 наурызда Катонқарағай ауданында “Согорное-Печи” а/ж жалпы көлемі 16380 м3 3 қар көшкіні тоғысты; “Белое-Чаловка” а/ж 17 км-де жалпы көлемі 690 м3 3 қар көшкіні тоғысты; 29 наурызда “Согорное-Печи” а/ж жалпы көлемі 22575 м3 7 қар көшкіні өз бетімен болды.


ЖАСАНДЫ ҚАР КӨШКІНДЕРІ
Автожолдармен жүру қауіпсіз болуы үшін 25 сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілді, түсірілген қар көлемі 87040 м3. Шығыс Қазақстан облысында 18 сақтадыру жасанды көшкіндер жүргізілді, түсірлген қар көлемі 80740 м3. Іле Алатауында 7 сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілді, түсірген қар көлемі 6300 м3. Ең маңызды сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілген жерлер:
-10 наурызда Үлкен Алматы өзені хауызында сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілді. Көлемі 5000 м3 қар көшкіні БАЖ - Космостанцияда болды. Қарда тазалау жұмысы жүргізілді.

Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері
- көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз; - көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз; - шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек; - қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз.


Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет.


Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz