Микроорганизмдердің биотикалық қарым - қатынас түрлері
Презентация қосу
Микроорганизмдердің биотикалық
қарым-қатынас түрлері.
Биотикалық фактор, биогендік фактор — ағзалардың тіршілік
әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері.
Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы,
мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы
ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді
тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағзаны қорек етеді,
микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б.
Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар
арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады.
Биоталық қауымдастық— кеңістіктің қайсы бір табиғи көлемінің
шегінде бірге тіршілік ететін автотрофтық және гетеротрофтық
организмдердің жүйесі. Микроорганизмдер (микробиоценоз),
өсімдіктер (фитоценоз), жануарлар (зооценоз) қауымдастығы жеке
қарастырылуы мүмкін. Кейде биоценоздың синонимі ретінде
түсінуге болады.
Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып
ажыратылады. Түрішілік биотикалық факторға жануарлар,
өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы
әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы
жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер
жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу),
симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық
(басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады.
Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы
ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды,
соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады.
Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер
етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі,
немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері т.б.
Биотикалық қарым-қатынастар түрлері
Биотикалық факторларға жоғарыда айтылғандай зоогенді (жануарлар
әсері), фитогенді (өсімдіктер әсері ) және микробогенді
(микроағзалардың әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер
газ тәрізді заттар (фитонцидтер) бөліп шығарады. Ол микроағзаларға
(бактериялар, саңырауқұлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи
ортаны сауықтырады. Ал әртүрлі вирустар мен микроазғалар
өсімдіктердің жұқпалы ауруларын кең таратады. Оған мысал ретінде
астық дақылдарының тат кеселі мен қаракүйесін, картоп фитофторозын
және т.б. келтіруге болады. Сондай-ақ ауру малдар арқылы жануарлар
арасында да жұқпалы аурудың кенеттен тарайтын жағдайлары болады.
Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік,
жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия,
паразитизм. Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-
қатынастар қалыптасады.
Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын ағзалардың
өзара корек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік
жагдайьшдағы қарым-қатьшастарының көрінісі. Кезінде
Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің
маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған.
Паразитизм- бұл микробтар арасындағы бірге өмір сүруден
пайданы паразит қана көретін, иесіне зақым келтіретін,
аяғында иесін өлімге ұшырататын қарым-қатынас.
Симбиоз- микробтардың екі не бірнеше түрінің бір-бірімен не
басқа жәндіктермен бірге тіршілік етуі.
Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдыгымен екінші ағза
қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың
бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші ағза біріншісін
қозғау құралы немесе қорганысы ретінде де пайдаланады
Нейтралдық- дегеніміз бір ареалда мекендеген түрлердің бір-
біріне тимей тіршілік ету арақатынас формасы. Нейтралдық кезде
даралар бір-бірімен байланыста болмайды, бірақ биоценоз
құруына қатысқаннан кейін жалпы қауымдастыққа тәуелді
болады.
Мутуализм - әр түрге жататьш ағзалардың бір-біріне қолайлы
жагдай тұғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен , тақуа
шаян (рак отшельник) мен актиния арасындағы қарым - қатынас
немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының
мысалы.
Антогонизм- бір микробтың тіршілік әрекеті өнімдерінің екінші
бір микробқа қауіпті әсер етуі.
Синергизм- микробтар ассоциациясының жеке особьтарының
бірдей физиологиялық процестері, бұның нәтижесінде соңғы өнім
мөлшері артады.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz