Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері




Презентация қосу
Микроорганизмдерге
физикалық
факторлардың әсері
Жоспары :
I. Кіріспе
Микроорганизмдер туралы түсінік
II. Негізгі бөлім
1. Микроорганизмдерге әр түрлі
факторлардың әсері
2. Микроорганизмдерге физикалық
факторлардың әсері
Кіріспе
Микроорганизмдер, микробтар – тек
қана микроскоппен көруге болатын өте
ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда
голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан.
Микроорганизмдер арасында прокариоттар және
эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде
микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады.
Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ
болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан
оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде),
өсіруде және зерттелуде ерекше тәсілдерді
қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді
зерттейтін ғылым саласы – микробиология.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір бір
жасушалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым
бөліну арқылы тез көбейеді. Көп жасушалы
организмге тән өте күрделі жынысты көбею
процессі бұлардың көбінде болмайды.
Негізгі бөлім
1. Микробтар ортаның көптеген факторларының әсеріне ұшырайды . Осы жағдайға
қарамай олар сұйық ауада да , терең вакумде де ,сіркеде де атом реакторының суында
да тірі жәндіктер арасында да және олардың ішінде де тіршілік қабілетін сақтайды.
Жағдайдың әр түрлілігі физикалық , химиялық , биологиялық және басқа факторлар
әсерінен организмдер қасиеттері түрліше болады.
А) Химиялық факторлар . Микробтар , барлық тірі жәндіктер сияқты қоршаған орта
факторына өте сезімтал болып келеді . Олар ортаның болмашы өзгерісіне орын
ауыстырады не басқаша әрекет етеді. Қолайлы жағдай нышаны білінсе микротар
соған қарай жылжиды , ал қолайсыз болса –керісінше әрекет жасайды . Бұндай
құбылыс хемотаксис деп аталған . Микроб клеткасына қолайлы әрекет ететін заттар
оң хемотаксис тудырады ; микробтар әрекетін өте қоздыратын не баяулаттатын күшті
әрекет еттетің заттар , улы заттар теріс хемотаксиске ұшыратады .
B)Микробтар физикалық, химиялық әсерге ұшырап қана қоймайды, биологиялық
әсерлерге де ұшырайды. Табиғатта барлығы байланысты және өзара тәуелді. Тірі
жәндіктер тұрақты экологиялық жүйеге – биоценозға біріккен. Бұлардың әрқайсысына
түр жөнінде және поуляцияның сандық қарым-қатынасы, структура, өзара қатысы
және басқа белгілері тән болып келеді. Түрлі ценоздар ( фитоценоздар, зооценоздар)
арасында табиғатта микробиоценоздар – микроорганизмдер тобы үлкен орын алады.
Олардың өздерінің арасында және басқа тірі организмдер арасында өте әрқилы өзара
байланыстар бар, бұл өзара байланыстар симбиоз, комменсализм, метабиоз,
саттелизм, синергизм, антагонизм және тағы басқа түрде білінуі мүмкін.
2. Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері
Микроорганизмдерге температураның әсері. Ортаның темпера-турасы
— микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы —
микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Мәселен,
пішен таяқшасы +5 — 57°, көптеген сапрофит бактериялар +20—35°
арасында тіршілік етуге бейімделген. Бірақ ауру қоздырушы паразит
микроорганизмдердің басым кәпшілігі тірі организмде, солардың дене
қызуының шамасында +35 —Зб°-та тіршілік етеді.
Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі
бар. Олар оптимальды, максимальды және минимальды
температуралар.
Оптимальды температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай
туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганизмдердің өніп-өсуі мен
олардың споралар түзуі қажетті оптимальды температураға үнемі
сәйкес келмейді. Мәселен, өсіп дамуы үшін + 37° керек болса, олардың
спора түзуге қажетті температурасы +■31°.
Минимальды температура — бұл тіршілікке қажетті температураның ең
тәменгі шегі. Ал температура бұдан темендесе, микроорганизмдер
тірщілік ете алмайтын болады.
Максимальды температура микроорганизмдер тіршілік ететін
температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа микробтар тіршілік
ете алмайды. Әдетте ортаның температурасы минимальды жағдайдан
тәмендегенде микробтар кейбір жануарлардың қысқы ұйқыға кеткені
тәрізді күйге душар болады. Мұны микробтардың анабиозы деп атайды.
Әр түрлі температураға бейімделулеріне байланысты барлық микроорганизмдерді
психрофильді, мезофильді және термофильді деп үш топқа бөледі.
Психрофильді, яғни салқын сүйгіш микроорганизмдер, төменгі температурада жақсы
тіршілік етеді. Олар үшін оптимальды температура --10°, минимальды 10° пен 0°
арасында, ал максимальды температура +30° шамасында болады. Бүл топқа кейбір
шіріту бактериялары, зең саңырауқүлақтары, суларда тіршілік ететін бактериялар
және кейбір темір бактериялары жатады. Сонымен қатар бүл топқа тоңазытқышта
сақталатын, тағамдарды бүлдіретін кейбір микробтар да жатады.
Мезофильді бактериялар, орташа температурада тіршілік етедз. Бұл топқа көптеген
сапрофит, шіріту бактериялары, барлық ауру қоздырушы — патогендік
микроорганизмдер мен зең саңырауқұлақтары жатады. Бұлардың өсуіне қажетті
оптимальды температура +30°, минимальды температура +10°, ал максимальды
температура + 43—50° шамасында болады.
Термофильді бактериялар, едәуір жоғары температурада тіршілік етеді, оларды жылу
сүйгіш микроорганизмдер деп те атайды. Оларға қажетті оптимальды температура
+50—60°, минимальды + 30° және максимальды +70—80° шамасында болады. Бұл
топқа жататын микроорганизмдер ыстық бүлақтарда, өздігінен қызған дәндерде,
шөпте және көңде кездеседі. Олардың көпшілігі +85° температурада өлмейді, Осы
топқа көрсетілген микроорганизмдерден басқа көптеген топырақ бактериялары,
актиномицеттер, микроскоптық саңырауқүлақтар (пеницилл, аспергилл т. б.) жатады.
Прокариоттардың әр түрлі температурада өсуі және осыған
байланысты олардың жіктелуі
Температура (º С) - 0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 10
10 0
Облигатты + + +
психрофилдер
Факультативті +
психрофилдер +
Мезофилдер +
+
Термоталерантт +
ы термофилдер +
Факультативті
термофилдер + +
Облигатты + +
термофилдер
Экстремалды + +
термофилдер +
Микроорганизмдерге ылғалдық әсері.
Микроорганизмдер клеткаларының 85%-тейі су. Сондықтан олардың
тіршілік әрекеті ылғалды жерде ғана жүреді. Көптеген қоректік
заттарды микробтар клеткасы тек ертінді күйінде ғана сіңіре алады.
Ылғал әсіресе, микроорганизмдер клет-касы бөлінгенде және
көбейгенде қажет. Кейбір микроор-ганизмдер ылғалдың тапшылығына
қарамастан тіршілік ете береді. Ал микроорганизмдердің кайсыбір
топтары құрғақ жерде бірнеше жылдар бойы тіршілік қабілетін
жоймайды. Бактериялар және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар
спораларының тіршілігі ұзақ уақыт бойы сақталады. Бірақ құрғақ
жерде өніп-өсе алмайды. Бактериялар мен ашытқы
саңырауқұлақтардың тіршілігі ортаның ылғалдылығы 20—30%, зең
саңырауқұлақтарының тіршілігі —15—20% болғанда тоқталады. Бұл
олардың клеткаларының copy күшінің көптігін көрсетеді.
Рентгенттік сәулелену әсері 1898 жылдан белгілі сол жылы рентген
сәулесінің көмегімен ішек таяқшалары , қызғылт стафилококтың
,тырысқақ вибрионы және басқа микробтардың культураларын
өлтіруге қол жетті . Микробтарды 0,5 Гр сәулелендіргенде өсуі мен
пигмент түзілуі күшейеді , 1 Гр өолайсыздау әсер етеді , 3-5 Гр өсулерін
тоқтатады. Сәулеленуге грам оң бактериялар төзімдірек, грам теріс
бактериялар төзімсіздеу.
Гидростатикалық қысым әсері
108- 110МПа дан жоғары гидростатикалық қысым белоктардың
денатурациясын тудырады ,ферменттер активтілігін баяулатады , электролиттік
диссоциалануды арттырады , көп сұйықтар қоюланады . Бұлардың бәрі
микробтар тіршілік әрекетіне қолайсыз, кейде оларды өлімге ұшыратады .
Бірақ бұдан да жоғары қысымда көбейіп тіршілік ететіндер бар (барофильдер).
Жарықтың әсері :
Күн энергиясы жасыл және пурпур бактерияларға қажет ; бұлар пигмент
көмегімен жарық энергиясын биохимиялық энергияға айналдырады және оны
кейін клетка компоненттерін синтездеуге пайаланады . Басқа
микроорганизмдерге жарық энергиясы зиян келтіруі , тіпті оларды өлімге
ұшыратуы мүмкін . Көзге шалынатын сәулеленудің бактерицидтегі толқын
ұзындығына байланысты : толқын неғұрлым қысқа болса , онда энергия
соғұрлым көп жинақталады . Сондықтан оның тірі обьектілерге әсері күштірек
және керісінше .
Лазер сәулелерін негізінен пигмент түзетін бактерияларды қырып ,өлтіріп
жойып жіберу үшін пайдаланады .
Салмақсыздық әсері . Космосты игеру дәуірінде салмақсыздық
микроорганизмдерге қана емес , микроорганизмге қандай әсер ететінін білу
қажет . Космосқа шығарылған организмдер салмақсыздықты оншалықты
өзгеріссіз көтереді .
Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің бактерияларға
әсері
УФ көзге көрінетін ИК
сәулелер
Сәуленің 20 300 400 500 600 700 800 90 1000 110
ұзындығы (нм) 0 0 0
Белоктармен + +
ДНҚ зақымдау
ДНҚ-ны
белсенділігін + + +
тежеу
Эукариотты
клеткаларда + + + +
фототаксис және
+
фотосинтез
құбылыстары
Прокариотты
клеткаларда
фототаксис және + + + + + + + + +
фотосинтез
құбылыстары
Сілку әсері көбіне бактерияларды (вирусты емес ) өлімге
ұшыратады . Егер бактерия культурасын ішінде домалақ
шыны бар ыдысқа салса және сілкіп шайқаса біраздан
кейін клеткалар механикалық зақымға ұшырайды . Егер
алдын ала тоңазытса бактериялар тез бұзылады . Бұндай
жағдай тау өзендерінде және басқа ағыны күшті
өзендерде байқалады , осының әсері мен күн сәулесі және
басқа факторлар көмегімен бұндай өзен сулары
бактериялардан тазарады .
Электр тоғы микробтарға тікелей әсер етпейтін болуы
керек жоғары кернеулі тоқ қоршаған ортаны жарып
өткенде кейбір компоненттерді электролиздеп және
микробтарға қолайсыз әсерін тигізетін өосылыстар түзуі
мүмкін . Электр тоғы дезинфекциялаушы заттарды ,
әсіресе сынап препараттарының , цидтік әсерін күшейтеді
. Электролиз суды дезенфексиялауға , пайдаланылған
суды зарарсыздандыруға және тағы басқа мақсаттарда
қолданылады .
Назарларыңыз
ға
Рахмет

Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдерге физико - химиялық факторлардың әсері
Химиялық стерилизация
Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
Микроорганизмдерге температураның әсері
ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ
Табиғи жағдайда суды өзін - өзі тазарту әдістерінің сипаттамасы
Табиғатта микроағзалардың әсері
Микроорганизмдерге биологиялық фактордың әсері
Адам ауруының туындауы мен дамуында қоршаған ортаның әсері
Микробты паратизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Пәндер