Инфекциялық процестердің динамикасы




Презентация қосу
Инфекциялық процестердің
динамикасы.
Инфекциялардың түрлері және
типтері
Инфекция туралы түсінік

Инфекция (латынша infestio – ластану
– микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның
негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады.
Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты
тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін
жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға
да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар
тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.
Белгілі бір клиникалық көрінісі бар инфекция білінуінің ең ашық түрі инфекциялық
(жұқпалы) ауру деп есептеледі (анық инфекция). Мал немесе адам организмінде
паразиттік тіршілік етуге эволюциялы бейімделген микроорганизмдердің қоздыруынан
пайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп атайды. Инфекциялық ауруларға ең
тән қасиеттер:
– спефицикалық тірі қоздырушы
– паразиттің бар болуы
– жанасуымен берілуі немесе жұқпалылығы (таралу қабілеттілігінің салдарынан
қоздырушының ауру малдардан сау малдарға берілуі),
– инкубациялық (жасырын) кезеңнің бар болуы
– циклділік дамуы,
– қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы (антиденелердің
құрылуы, аллергиялық жай-күйі және ауырып, айыққан малдардың иммунитеті болуы).
Инфекция
(шығу тегіне байланысты)

спонтанды (табиғи) экспериментальды
инфекция (жасанды) инфекция

Спонтанды
инфекция осы патогендік
микробқа тән беріліс
механизмі іске асқан Жасанды инфекцияны
табиғи жағдайда пайда патологиялық
болады және мал материалды немесе
организмінде әлдеқашан қоздырушының
мекендеген шартты культурасын енгізу арқыл
патогендік микро ы жасайды
организмдердің
активтенуі арқылы
болады.
Инфекцияның типтері

Егер спецификалық қоздырушы сырттан, қоршаған ортадан, организмге

енген болса, экзогендік инфекция (гетерогендік) деп аталады. Бірақ, малдың
ауруға қарсы

тұрушылығы төмендеген организмді коммпенсалдар есебінде мекендеушілер,
шартты патогенді микробтар инфекцияны тудыра
алады. Бұл эндогендік инфекция (аутоинфекция).

Қоздырушының бір түрімен пайда болған инфекцияны қарапайым (моноинфекция)
деп, ал бүтін бір топ микробтарының потогендік әрекетінің нәтижесінде

пайда болғанда – аралас (ассоциативті) деп аталады.
Инфекцияның типтері

Егер болып өткен инфекция мен мал организмінің оның қоздырушысынан
тазарғаннан кейін сол патогендік микробтық себебімен қайтадан ауру
болса, оны реинфекция дейді. Оның даму шарты сол қыздырушыға
бейімділігінің сақталуы. Сол патогендік микробпен қозып, бұрынырақ
дамыған инфекциялық процестің фонында басталған жаңа
(қайтадан) қанығудың салдары – суперинфекция деп аталады.
Аурудың қайтадан оралуы, басталған клиникалық жазылудан кейін оның
нышандарының қайта көрініс беруі редцидив деп аталады.
Инфекцияның типтері
Таралу дәрежесі бойынша:
спорадиялық
энзоотия
эпизоотия
экспериментальды

Организмде микробтардың таралуы бойынша:
• бактеремия
• вирусемия
• септицемия
• септикопиемия
• токсинемия
• пиемия
Инфекцияның кезеңдері:

1. инкубациялық кезең - мал организміне қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші
клиникалық көріністердің пайда болуына дейінгі кезең;
2. продромалді (бастапқы) кезең - клиникалық көріністердің пайда болуымен
басталады, бұл кезеңнің ұзақтығы бір күннен 1-2 аптаға дейін созылуы мумкін;
3. өршу кезеңінде ауруға аса тән клиникалық белгілері дамиды, бұл кезеңнің
ұзақтығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін.
4. реконвалесценция (айығу) кезеңі - өршу сатысынан кейін дамиды.
Инфекциялық процестің әр сатысында асқынулар дамуы мүмкін. Асқынулар
спецификалық (арнайы) және спецификалық емес (арнайы емес) болып
ажыратылады. Арнайы асқынулар – осы аурудың қоздырғышының әсерінен
дамитын асқынуы, арнайы емес– барлық микроорганизмдердің әсерінен дамуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар

1. ЖРВИ, соның ішінде грипп
2. ішек инфекциялары (дизентерия, сальмонеллез, ботулизм, АИТВ, ВГА)
3. Бруцеллез
4. Сібір жарасы
5. Лептоспироз
6. Листериоз
7. Көктемгі-жазғы энцефалит
8. Оба
9. Тілме
10. Құтырма

Ұқсас жұмыстар
Бұзаулардағы ішек инфекцияларының салыстырмалы патоморфологиясы
Жас ерекшелік кезеңнің тарихи қалыптасуының мәселелері
Микроорганизмдер биотехнологиясы
Инфекция және оның түрлері
Гормондар биохимиясы. Гормондар және адаптациялық процестер
Инфектология ғылым түрінде және оның микробиологияда алатын орны.Инфекциялық процесстің сипаттамасы.Бактериялардың және вирустардың патогенділіг және токсигенділігі.Патогенділік және токсигенілік факторларының генетикалық бақылауы
Биотехнологиялық өндірістің технологиялық негізі
Даму психологиясы
Геоморфологиялық карталар
Тері іріңді аурулары мен терінің инфекциялық аурулары екшеу диагностикасы
Пәндер