Алматы филиалы



Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының және оның облыстық филиалдарының міндеті мен функциялары

Облыстық ветеринариялық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ҚР АШМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім өз жұмысын ҚР Конституциясына, ҚР «Ветеринария туралы» Заңына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасының Ережесіне және осы Ережеге сәйкес атқарады.
Бөлімнің құрылымы және саны басқарманың бекітілген лимиттік штаттық саны шегінде ҚР АШМ бекітіледі.

Бөлімнің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында малдарды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
елді мекеннің денсаулығын малдар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауындағы объектілердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ветеринария саласындағы қызметті жеке және заңды тұлғалар атқарғанда қоршаған ортаның ластануын алдын алу және жою.

Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
облыс, Астана және Алматы қалаларының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
облыста, Астана және Алматы қалалларында малдардың аса қауіпті және басқа жұқпалы ауруларының шығуын болдырмау мақсатында індетке қарсы іс-шараларды дайындап жасайды;
жұқпалы аурулардың індет мониторингін, болжамын жүзеге асырады;
ҚР АШМ аудандық (қалалық) аумақтық басқармаларының ветеринариялық бөлімінің сұраныстарына сәйкес ветеринариялық препараттарға өкілдеме (рұқсат қағаз) жасайды және оларды ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне тапсырады;

мемлекеттік сатып алу жөнінде келіп түскен ветеринариялық биологиялық препараттарды аудандарға бекітілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жоспарына сәйкес бөлуді жүзеге асырады; елді мекенді малдар мен адамдарға ортақ аурулардан және мал немесе өсімдік тегінен шыққан азық-түліктерден уланудан қорғауды қамтамасыз етуде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен өз ара бірлесуді жүзеге асырады;
мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына, ветеринария саласында қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік басшылық жасап және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; заңнамада белгіленген тәртіпте, жеке және заңды тұлғалардың лицензия алуға ұсынған материалдарын қарап шығып және олар жөнінде ұсыныстар енгізеді;

өз құзырының шегінде, министрлікке ведомстволық бағыныстағы ветеринариялық профильдегі мемлекеттік кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен мал ауруларының бекітілген диагностикалық жоспарының орындалуын, аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошақтарын жойылуын бақылайды, ветеринария бойынша ғылыми-қолданбалы тақырыптарды қосып алғанда;
өз құзырының шегінде, малшаруашылық объектілерін, өңдеу кәсіпорындарын, сою пункттерін, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларын және мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттарды сақтау пункттерін пайдалануға енгізуге және олардың құрылыс жерін таңдап алуға, жобаларын жасауға ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама береді;

ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және үлгілерде ветеринариялық есеп және есептілік жүргізеді, оларды ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне тапсырады; халық арасында ветеринария саласы бойынша және ветеринариялық-санитариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастырады;
ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Бөлімнің мамандары - ветеринариялық инспекторларының негізгі міндеттерді және өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мындай құқықтары бар:
өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға; белгіленген тәртіпте, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың ҚР ветеринария саласындағы заңдылықтардың талаптарын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруге;
ҚР ветеринария саласындағы заңға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде орындалу үшін актілерді шығаруға;
ҚР заңдылық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді қарауға; белгіленген заңнамада тәртіпте, ветеринария саласында жеке кәсіпкершілікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтіктерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешімді ұсынуға;
ҚР қолданылып жатқан заңдылықтарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

Бөлімді жоғары білімді ветеринариялық маман - бастық басқарады.

Бөлімнің бастығын ҚР АШМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқарма бастығы ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің келісімімен оны қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қызметке тағайындау кезінде оған қосымша «Облыстық, Астана, Алматы қалаларының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы» атаулары беріледі. Бөлімнің бастығы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады.

Бастық осы мақсатта:
өзінің орынбасары мен Бөлімнің мамандарының міндеттері мен жауапкершілік деңгейін анықтайды;
ҚР АШМ аудандық (қалалық) аумақтық басқармаларының бөлім бастықтарын - бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының қызметке тағайындалуына және қызметтен босатылуына келісім береді;
қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімнің ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызметтен шеттету туралы шешім шығарады;
ветеринариялық құжаттардың, ветеринариялық инспекторлардың актілер бланкілерінің қолданылуына есеп жүргізеді және тоқсан сайын олар жөнінде ҚР Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына есептілік тапсырады;
өзінің құзырына қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
ҚР заңдылықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалдарының тізбесі:
Р/с №
Филиалдың атауы
Орналасқан жері
1
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Ақмола филиалы
Көкшетау қаласы
2
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Ақтөбе филиалы
Ақтөбе қаласы
3
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Алматы филиалы
Алматы қаласы
4
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Атырау филиалы
Атырау қаласы
5
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Шығыс Қазақстан Қазақстан филиалы
Семей қаласы
6
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Жамбыл филиалы
Тараз қаласы
7
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Батыс Қазақстан филиалы
Орал қаласы

Р/с №
Филиалдың атауы
Орналасқан жері
8
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қарағанды филиалы
Қарағанды қаласы
9
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қостанайфилиалы
Қостанай қаласы
10
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қызылордафилиалы
Қызылорда қаласы
11
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Маңғыстауфилиалы
Ақтау қаласы
12
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz