Шошқа тұқымдары


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

Шошқаның биологиялық ерекшеліктері. Шошқа тұқымдары.

Алматы 2015 жыл

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім А) Шошаның биологиялық ерекшеліктері Б) Шошқаның шығу тегі және негізгі тұқымдары

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

Қайталау сұрақтары

1. Сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдары?- голландия, қара ала, қырдың қызыл, холмогор, әулиеата, аиршир т. б.

2. Қой тұқымдары нешеге бөлінеді? - 4 (биязы, бияылау, ұяң, қылшық)

3. Қойдың арғы тегі?- муфлон және арқар

4. Биязы жүнді қойларды ата? - асканий, грозный, совет мериносы, арқар меринос, қазақтың биязы жүнді қойы.

5. Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы - Аустралияның шөлейтті аудандары

6. Қазақтың биязы жүнді қойы қашан кімнің жетекшілігімен шығарылды - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды

7. Әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы - Қаракөл қойы

8. Сиырдың ұрғашысы және бұқасы қанша жыл өмір сүреді? Ұрғашысы20-35, бұқасы 15-20.

9. Ет бағытындағы сиырлар:герефорд, қалмақ, абердин- ангусс, шортгорн, қазақтың ақбас, галловей, санта - гертруда, шароле, лимузин.

10. Мал шаруашылығындағы саны жағынан көбі? - қой

Slide 4

Шошқа- жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т. б. түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады. Ұрғашысы 9 - 10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 - 3 рет 8 - 12-ден торайлайды. Ұрғашысының салмағы 130 - 150 кг, еркегі 180 - 200 кг-ға жетеді.

Slide 5 Slide 6

Шошқа шаруашылығы дегеніміз - бұл елімізде ет қорын жедел толықтыра алатын мал шаруашылығының тез жетілетін саласы.

Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0, 8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Шошқа шаруашылығы-үй хайуанаттарының негізгі саласы. Шошқаның еті, майы тағам ретінде кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге терісі, басқа да өнімдері, халық қажетіне жаратылады.

Slide 7 Slide 8

Биологиялық ерекшеліктері

Басы сыртқы тұлғасының көлеміне пропорционалды болуы тиіс. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Оның құрылысы қалыпты жағдайда болса шошқалардың маңдайы енді, көздері кең орналасқан болады. Мойыны кеудеге тұтасып келеді. Арқасы мен белі кең әрі тік немесе арқа тәріздес, иіліңкіреген болып келеді . Жамбас жағы кең, ұзынша. Аяқтары кең, әрі тік орналасқан. Тұяқтары жылтыр әрі тегіс. Терісі тегіс және тығыз, үсті қалың және жылтыр қылшықты болып келеді.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Майлы бағыттағы шошқалар

Майлы бағыттағы ерекше экстерьерімен өзгешеленеді. Олардың кеудесі кең және терең, алдыңғы бөліктері ауыр болады. Майлы қабаттары жақсы дамыған. Денесінің 45  май, ал 55  ет құрайды. Бұл топқа жататындар: Ірі Қара, Беркширлік, Мейшан, Венгерлік Мангалица, Миргород шошқалары.

Slide 12

Ірі қара шошқасын 19 ғ жергілікті ұзынқұлақты ағылшындық шошқамен қытайлық қара қабанды будандастыру арқылы алған. Бұл Орталық Қара теңізде, Украинада, Белоруссияда және де Англияда кеңінен тараған. Денесі ұзын, құлақтары ұзын және улкен, көздерін жауып тұрады, мойны қысқа, арқасы түзу, кең, аяқтары қысқа, терісі жылтыр болып келеді. Еркектері 300 -350 кг, аналықтары 220 -280 кг тартады. Сүттілігі 60 кг нан жоғары. Суыққа төзімді болып келеді.

Slide 13

Беркшир шошқасы - Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан шаруашылықтарында өсіріледі. Беркшир шошқасы өндірістік будандастыру үшін ең тиімді тұқым. Қазіргі беркшир шошқасының дене бітімі жақсы жетілген, басы жеңіл, мойны жуан, кеудесі кең, арқасы жалпақ. Түсі қара, қара қоңыр, бақайында және құйрық ұшында ақ жолақтары болады. Терісі жұқа, қалың қылшықты. Сүйегі жеңіл әрі берік. Ересек қабандарының орташа салмағы 220 - 250 кг (ауырлары 250 - 280 кг), ал мегежіндері 180 - 200 кг. Төлділігі - 8 - 9 торай, тәулігіне 600 - 700 г салмақ қосады. Ет шығымы 88%.

Slide 14

Венгрлік мангалица 1833 жылы жабайы қабан мен үй шошқасын будандастыру арқылы алынды. Түсіне байланысты 4 ке бөлінеді: қара, қызыл, ақ және аралас мангалица. Мангалица жүні қалың, ашық болады. Көзінің маңы қара түсті. 40 % ын жабайы шошқадан тарағандар құрайды. Мангалица майы әлемдегі ең қымбаты болы табылады. Салы өте жоғары сапалы, хош иісті, дәмді болып келеді. Суыққа төзімді, далада жайылып жүреді. Тамақ талғамайды.

Slide 15

Етті бағыттағы шошқалар

Бұл бағыттағы шошқалардын майлы бағыттағыдан ерекшелігі олардың денесі ұзын, терең кеуделі, бұлшық еттері жақсы дамыған, бірақ май жыйналуы жай. Етті бағыттағы шошқалар тез өседі, 6 -7 айда 100 кг салмақ жинайды. Қолтұқымдарына: Дюрок, Пьетрен, Эстондық беконндық, Ландрас, Гемпширлық, Темворс шошқалары жатады.

Slide 16

Ландрас шошқасы - бекон (қақталған жас шошқаның еті) алу үшін өсірілетін шошқа тұқымы. 20 ғасырдың 1-жартысында Данияның жергілікті майлы бағыттағы шошқа тұқымының мегежінін ағылшын ақ шошқасының еркегімен шағылыстыру арқылы шығарылды. Ландрас шошқасы еркегінің (қабандарының) орташа салмағы 250 - 350 кг, мегежіндері 200 - 240 кг. Жақсы бекон алу үшін 20 кг-дық торайды салмағы 90 кг-ға жеткенше 180 күнге дейін бордақылайды, ол тәулігіне орташа есеппен 683 г салмақ қосады. Ландрас шошқасы Швеция, Норвегия, Финляндия, Англия, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия және Бразилияда таралған. Ол КСРО -ға Даниядан (1927), Швециядан (1948, 1961, 1964), Англиядан (1957), Канададан (1960) әкелінді. Асыл тұқымды Ландрас шошқасының дене бітімі мықты, етті, қабандарының салмағы 340 - 360 кг, мегежіндері 220 - 260 кг. Мегежіндері 10 - 12 торай туады. Торайлардың салмағы 25 кг-ға жеткенде бордақылауға қояды. Қазақстанда Алматы облысы Талғар ауданында “Бекон” ЖШС, Іле ауданында “Бекон”, Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында “Сомир-2” шаруа қожалықтарында өсіріледі.

Slide 17

Темворс етті бағыттағы, әлемдегі ең кәрі шошқалардың бірі. Англиядан әкелінген. Суыққа төзімді, тамақ талғамайды, Англияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда, АҚШта, Канада да кең таралған. Басы, мойны, денесі ұзын, құлақтары тік, аяқтары қысқа, бұлшық еттері жақсы дамыған. Маусымнан тамыз айына қараған кезде түлейді. Терісінің түсі қою қызыл, арқа жағында ақ түсті қара нүктелері кездеседі. Мегежіндері балажан болып келеді. Торайлары 7 -8 айда 100кг салмақ жинайды. Еті өте сапалы.

Slide 18

Эстондық бекондық тұқым - ірі ақ, немістік және финдік жергілікті шошқамен будандастыру арқылы алынған. Эстондық шошқаның денесі ұзын, жұқа сүйекті, терісі ашық қызыл, құлақтары үлкен салбыраңқы, арқасы тік және ұзын болып келеді. Еркегінің салмағы 320 кг, аналығы 250кг, сүттілігі 80 кг.

Slide 19

Қос бағыттағы шошқалар

Етті - майлы бағыттағы орташа салмақты, денелері жинақы, жоғары өнімді ет беретін, екі бағыттың да жақсы қаиеттерін бойына сіңірген шошқалар жатады. 53-60 ет, 29 -30 ын май алып жатады. Бұл бағыттағыларға Ірі Ақ, Украиндық далалық, Солтүстік Сібірлік, Польша- қытайлық, Ливен шошқа тұқымдары жатады.

Slide 20

Ірі ақ шошқа - тез жетілетін тұқым. Жергілікті кеш жетілетін шошқаны қытай және көп торайлы неаполитан, португалия шошқаларымен күрделі будандастыру арқылы 19 ғасырда Англияда алған. Мұның тегінен айырмашылығы - сүйегі мықты, торайды көп табады, әр түрлі табиғи жағдайға көнбісті. Сүйек бітімі ірі, тұрқы ұзын, аяғы етсіз тік, жоны жұмыр әрі жалпақ, кеудесі кең әрі омыраулы, терісі мен түгі қалың әрі жылтыр, түсі ақ. Қабаны 300 - 350 кг, мегежіні 200 - 250кг тартады. Бір торайлағанда салмағы 1, 2 - 1, 4 кг 10 - 12 торай табады. Екі айлығында енесінен бөлінген торайдың салмағы 18 - 19 кг болады. Ет үшін жеделдетіп бордақылағанда 6 айға дейін әр торай орта есеппен тәулігіне 770 г қосып, 100 кг тартады.

Slide 21

Жетісу шошқасы - етті-майлы шошқа тұқымы. Ірі ақ және Кемерово шошқаларының мегежіні мен ортаазиялық жабайы шошқа қабанын будандастыру арқылы 1978 жылы Эксперименттік биология институтында (қазіргі “Биоген” жабық ационерлік қоғамы) шығарылған. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайына бейімделген, дене бітімі мықты. Қабаны 270 - 300 кг; мегежіні 232 кг тартады. Орта есеппен 10, 2 торай береді. Бордақыланған торай 196 күндігінде 100 кг тартады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өсіріледі.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ туралы
Шошқа етін өндірутехнологиясына байланысты шошқаларға асылдандыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
ШОШҚАНЫ БОРДАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Ауыл шаруашылық жануарларының шығу тегі
Ірі қара мал және шошқа обасы
Сарымсақтың пайдасы
Ғылыми техникалық прогресстегі биотехнологияның алатын орны
Будандастыру туралы ақпарат
Күйіс қайыратын жануарлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz