Түйенің өркеші



Түйенің сыртқы пішіні мен дене бітімінің ерекшеліктері. Түйе тұқымдары
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
‴Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологиясы ‴кафедрасы.

Түйе шаруашылығы, түйе өсіру - мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) түйе шаруашылығы алады. Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні - киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.
Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1, 2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104, 6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105, 0 - 154, 0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153, 9 мың) . 1980 - 95 ж. аралығында жыл сайын 5, 0 - 9, 0 мың т түйе еті, 4, 5 - 5, 0 мың т шұбат, 700 - 1000 т жүн өндіріліп келді.
Түйе шаруашылығы

Түйелер (лат. Camelus) - сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін
жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов жәнеЧита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), - Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Түйе малыныңқолтұқымдары
Айыр өркешті түйе
Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілде «бактриан» деп аталады. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетелі. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл,
Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі.
Бір өркешті түйе
Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.

Аруана тұқымы
Бір өркешті түйе, аруана, дромедар (лат. Camelus dromedarius) сіртабандылар отрядының түйелер
тұқымдасына жатады. Аруана-нар түйенің ұрғашысы Денесінің ұзындығы 3 - 3, 5 м-дей, биіктігі 2 - 2, 5 м. Жон арқасында бір ғана өркеші болады, жүні қысқа және ашық қоңырқай түсті. Салмағы 450 - 650 кг. Алдыңғы аяқтарының табаны тұтасып кеткен. Құйрығы біршама ұзын. Мойны иіліп келген, көздері үлкен, қабақтары қалың, құлақтары шағын. Танау тесігі саңылау пішінді. Үстіңгі ерні екі айырланып келген.
Б. ө. т . құрғақшылыққа ыстыққа өте төзімді
жануар, бірақ қатты суыққа шыдамсыз. Жақсы жүгіреді. Сондықтан араб елдерінде
Б. ө. т-ні дәстүрлі түйе жарыстарына қосады. Оларды шудасы, сүті дәмді, еті үшін өсіреді әрі
шөл дала үшін теңдесі жоқ көлік ретінде пайдаланады. Терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Б. ө. т-ні кейде сыңар өркешті түйе деп те атайды.

Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұраптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыздар, витаминдер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады (қымыран деп те атайды) . Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған. Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдары жасалады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Сыңар өркешті түйе

Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.
Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп атайды.
Ерекшеліктері

Түйенің ерекше қасиеті - шөл және шөлейт жерлердің қатаң жағдайларына төзімділігі. Ол шөл өсімдіктерін талғамай жеп, ащы су іше береді. Соның нәтижесінде жаз айларында қыстық май қорын ішіне, өркешіне жинап алады да, қиын-қыстау кезде ұзақ уақыт азықсыз, сусыз жүре алады. Түйенің бұл ерекшелігі оның қатаң табиғат құбылыстарына жауабы. Мал организмінің мұндай ерекшеліктері «ксерофит» деп аталады. Жазда-күзде жайылым жағдайының жеткілікті кезінде жинап алған қорын азық жеткіліксіз кезде денесінен үнемдеп жұмсау малдың өмірін, ұрпағын сақтап қалудан шыққан генетикалық инстинкт. Сондай қиын-қыстау кезеңде түйенің несеп, нәжіс шығаруы азаяды, тыныс алуы сиреп, өкпеден бу аз шығады. Түйеде тері бездері сирек болады. Түйенің бұл қасиеттері оны алыс жайылымда жаюға, ұзақ жолға шыдауына мүмкіндік береді. Қазақстанда қос өркешті түйелердің тұқымы - қалмақ, қазақ, монғол, ал сыңар өркештіден аруана тұқымдары өсіріледі. Сонымен бірге бұл тұқымдардың будандары да көбейіп келеді. Қалмақ тұқымы - қос өркешті түйелердің арасында айрықша орын алады. Бұл тұқым өте ірі, дене бітімі келіскен, бұлшық еттері қуатты әрі серпінді. Басы кішкене, мойны сіңірлі, етсіз, тарамыстары жақсы жетілген. Түсі қоңыр және қара қоңыр болып келеді, бірақ кейде қуқылсары және ақ түстілері де кездеседі. Қалмақ түйелерінің бураларының тірілей салмағы 650-700 кг, інгендері 600-650 кг тартады. Бураларының биіктігі 191 см, тұқымының ұзындығы 165 см, кеуде орамы 241 см, жіліншігінің орамы - 25, 4 см. Ал інгендердің өлшемдері тиісінше 181, 172, 255, 20, 9 см. Қалмақ түйелері ширақ, жуас және адамды жақсы тыңдайды

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 - 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.
Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14, 5 - 15, 5%-ға, май - 5, 5 - 6, 5%-ға, белок - 4, 0 - 4, 5%-ға, сүт қанты - 5, 0 - 5, 5%-ға, минералды заттар 0, 6 - 0, 8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5, 5 - 7, 0% болатын 4 - 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3, 5 - 4, 2% болатын 12 - 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4, 0 - 4, 5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды) . Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz