Сүтті тұқым



Сиырдың сүттілігі мен ет өнімділігін
анықтау

Өндірілетін негізгі өніміне, яғни өнімдік бағытына, байланысты мүйізді ірі қара мал тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағыттағы тұқымдарға жіктейді. Қазақстанда сүтті бағытта - қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, бурыл латыш сиыры, қара ала сиыр тұқымдары; етті-сүтті бағытта - алатау, симменталь тұқымдары; етті бағытта - қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галловей тұқымдары өсіріледі. Бұл бағыттардағы ірі қара малдың негізгі өнімділігімен қоса сырт пішіні мен дене бітімі, шаруашылыққа пайдалы білгілері бойынша да айырмашылықтары орын алады. Етті бағыттағы малдың дене бітімі жинақы, қомақты, төртбақтанған тік бұрыш немесе параллелепипед сияқтанып келеді.

Қырдың қызыл сиыры. Қазақстанда сан жағынан бірінші орындағы мүйізді ірі қара мал тұқымы. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі келісті, тұрпаты мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті тұқым. Жылдық сүт өнімділігі - 2000-нан 4000- 4500 кг-ға дейін болады. Сүтінің майлылығы - 3, 6-3, 8%. Сақа сиырлары - 420-500 кг, жаңа туылған бұзаулары - 30-36 кг салмақ тартады. Дұрыс азықтандырып өсірген жағдайда таналарының тірідей салмағы 6 айлығында - 160-180 кг, 18 айлығында - 320-350 кг-га жетеді. Қазақстанның қуаң, ыстық ауа райына төзімді келеді. Осы жағдайларда өсіріліп отырған басқа мүйізді ірі қара малдың тұқымдарымен салыстырғанда ауруға төзімді, тіршілікке бейімді келеді.


Әулие ата сиыры. Жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд бұқаларымен будандастыру жолымен шығарылған. Тұқымдық аудандастыру жоспары бойынша Қазақстанның оңтүстігінде өсірілетін негізгі тұқым. Басқа тұқымдарға қарағанда ыстыққа, пираплазмоз, теллериоз секілді қан сорғыштар тарататын ауруларға төзімді. Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, желін емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары - 440-470 кг, жаңа туған бұзаулары- 26-30 кг салмақ тартады. 6 айлық таналарының тірідей салмағы 160-170 кг-ға жетеді. Жылдық сүттілігі - 2500-3000 кг. Сүтінің майлылығы - 3, 9-4, 1%.

Бурыл латыш тұқымы. Еліміздің солтүстігінде - Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа, тұрпаты мықты, сүтті мүйізді ірі қара мал тұқымы. Сақа сиырларының салмағы - 450-520 кг, жаңа туылған бұзауынікі - 29-37 кг. Жақсы жағдайда, дұрыс өсірілген таналары 6 айлығында - 160-180 кг, 12-айлығында- 250 кг салмақ тартады.

Қара ала сиыр тұқымы. Дүние жүзінде ең көп тараған мүйізді ірі қара мал тұқымы. Саны жағынан Қазақстандағы сүтті бағыттағы сиыр тұқымдарынан төртінші орын алады. Мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, сирақтары тік, желіні жақсы жетілген. Сақа сиыр салмағы - 450-600 кг, жаңа туылған бұзауынікі - 35-40 кг. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы дамыған. Сүтінің майлылығы біршама төмен (3, 2%-3, 7%) болғанымен, жылдық сауымы жоғары - 3500- 6000 кг-га жетеді.


Алатау сиыры. Жергілікті қазақ пен қырғыз сиырын Кострома тұқымының бұқаларымен будандастыру арқылы алынған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүттілігі мен еттілігін ұштастыра дамытқан мол өнімді тұқым. Басы үлкен, кеудесі, жауырыны, арқасы мен белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еті жақсы дамыған. Түсі, негізінен, бурыл болып келеді. Желіні орташа дамыған. Сақа сиырларының салмағы - 500-550 кг, сүттілігі - 2800-3500 кг. Сүтінің майлылығы - 3, 8-4, 0%. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып, қоңданады. Етті, сойыс шығымы - 58-60%. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өсірілетін негізгі жоспарлы мүйізді ірі қара мал тұқымы.

Симментал тұқымы. Саны жағынан Қазақстанда екінші орын алатын мүйізді ірі қара мал тұқымы. Негізінен Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының Ертіс бойындағы, сонымен қатар, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында өсіріледі. Дене бітімі келісті, сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы дамыған. Желіні дөңгелектенген немесе тостаған тәріздес келген ірі мал. Сақа сиырлары 550-600 кг, 18-айлық баспақтары - 440-450 кг, ал өгізшелері - 500-600 кг тартады. Сүттілігі 2500- 3500 кг, сүтінің майлылығы - 3, 8-4 %, еті дәмді.


Қазақ сиыры. Шөл және шөлейт дала жағдайына әбден бейімделген, етті бағыттағы, ғасырлар бойы жергілікті халықтың сұрыптауымен шығарылған мүйізді ірі қара мал тұқымы. Тұрпаты мықты, тұлғасы кең. Бұлшық еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы - 520-550 кг, жаңа туылған бұзауларынікі - 20-25 кг. Етті мүйізді ірі қара мал тұқымының бұзауын енесінен айыратын 8 айлық мерзімде бұзаулары 200-220 кг тартады. Сүттілігі жылына аз (1100-1500 кг) болғанымен, майлылығы жоғары (4, 1-4, 5%) . Табиғи жайылымда тез және жақсы жетіліп, сойыс шығымы - 55-60% дәмді ет береді.

Қазақтың ақ бас сиыры. Қазақстанда алғаш өсірілген арнаулы етті бағыттағы мүйізді ірі қара малдың тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымының бұқаларымен шағылыстыру жолымен еттік қасиеттері сұрыпталып шығарылған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы, әрі жалпақ. Терісі қалың, май жинауға бейім. Жазда ыстыққа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы - 500-550 кг, жаңа туылған бұзауларынікі - 27-30 кг тартады. 8 ай енесін еміп өскен таналары 220-240 кг- ға жетеді. Жылдық сүттілігі - 1250-1500 кг. Сүтінің майлылығы - 3, 8-4, 0%. Табиғи жайылымда тез арада жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинап, өте дәмді ет береді. Сойыс шығымы - 55-65% -ға жетеді.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz