Құс шаруашылығына жалпы сипаттама


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті «Технология және Биоресурстар» факультеті Кафедра:Мал шаруашылығы және балық шаруашылығын өңдеу технологиясы Тақырыбы:Құс шаруашылығы және биологиялық ерекшеліктері

Slide 2

1. Құс шаруашылығына жалпы сипаттама 2. Құстардың биологиялық ерекшеліктері 3. Өсіру бағыттары 4. Шығу тарихы 5. Қолға үйретілген үй құстары 6. Қорытынды 7. Пайдаланылған әдебиеттер

ЖОСПАРЫ:

Slide 3

Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі

Жалпы сипаттама

Slide 4

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден -тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға жатады.

Slide 5

Шығу тарихы

Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады.

Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2, 5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3, 5-4, 5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейн, үлкен сұр қаздеп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т. б. ) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады.

Slide 6

Құстардың биологиялық және шаруашылықттық ерекшеліктері

Құс сүт коректілермен салыстырғанда көп өнім бергіштігімен, салыстырмалы турдегі жоғары дене жылулылығымен (41-42°С), шапшаң жетілгіштігімен ерекше көзге туседі, ал оның эмбрионды дамуы ана денесінен тыс өтеді. ол өсу кезеңінде жануарлар және өсімдік тектес азықпен де қоректеніп, жыл сайын түлеп отырады.

Адамның ұзак мерзімді мақсаткерлікпен жүргізген жұмысының нэтижесінде құс енімдшгі арта тусті (12 айда 280-290 жұмыртқа береді) . Сақа банкив өтешінің салмағы 0, 9-1, 2 кг, ал туғанына 49 күн толған балапан бройлердің салмағы -1, 8-1, 9 кг.

Жабайы күрке тауық 20-11 айлығыада жұмыртқалай бастайды, одан жылына тек 11-15 жұмыртқа алуға болады, ал үй күрке тауығы 5-6 айлығында жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқа салудын бір орамында 100 және одан да көп жұмыртқадайды, ад жылына 180-200-ге дейін жұмыртқа береді. Күрке тауықтың еркегі 100-120 күндігінде салмағы жағынан сақа жабайы тектестерінен едәуір асын түседі.

Жабайы үйрек жылына 10-13 рет жұмыртқалайды, ал үй үйректері 150 ден астам жұмыртқа береді. Ата үйрек 45-50 күндігінде 2, 5-3, 0 кг еалмақ тартады немесе сақа жабайы тектестерінен 2 есе дерлік басым

Slide 7

Өсіру бағыттары

Slide 8

Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат - олардың жұмыртқасы мен етін алу

Slide 9

Әсемдік үшін өсірілетін құстар

Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі.

Slide 10

Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үндістан жерінде, Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарда таралған.

Қолға үйретілген құстар

Slide 11

- Dr. Meyer

Банкив тауығының тұрқы шағын, салмағы 600-800 грамм, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтүқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу немесе дәмді ет үшін, т. б. ) есіріледі. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқым қуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады. Үй тауығының қол тұқымдары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250, кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады.

Slide 12

Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1, 5 - 1, 8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. «Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.

Slide 13

Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта да өсірілетін тауықтың қолтұқымдары (мысалы, ақ плимутрок) бар. Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары ұзын, сіңірлі келеді. Денесі мығым, шоқысуға, тепкілесуге бейім.

Slide 14

Қолға үйретілген үйректің арғы тегі - жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын Месопотамия аймағында және Қытайда қолға үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі - мускусты үйрек. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның да еті жұмсақ әрі дәмді, майы аз болады.

Slide 15

Күркетауық

Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі - күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды) . Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде ңесарканыЕуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі - бөдене. Оның жүмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы. Бұл құс өте өсімтал. 5-6 апталық бөдене жұмыртқалай береді. Әрбір бөденеден өнеркәсіптік негізде жылына 250-300 жұмыртқа алуға болады. Қазіргі кезде АҚШ-та осы бөдененің «фараон» деген етті қолтұқымы өсіріледі. Қоразының салмағы - 200 грамм, ал мекиені 250 грамм тартады. Бөдене өсіретін құс фабрикалары соңғы кезде Италия, Франция, Германияелдерінде көбейіп келеді. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде тауыстың бірнеше жабайы түрі кездеседі. Тауыс құсы қауырсын түсінің әдемілігіне сәйкес әсемдік үшін арнайы қолда өсіріледі. Құйрық қауырсындары ұзын әрі онда көзге ұқсас, түрлі түсті ірі өрнектері болады.

Күркетауық, бөдене, мысыр

Тауықтары

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
ҚҰСТЫҢ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Ауыл шаруашылығы құстарының жұмыртқа өнімділігі
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті
Тарақандар отрядынан шыққан отряд болып есептеледі, қазіргі уақытта жеке отряд
Өсімдік шаруашылығының салалары
Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Құстардың гистомонозы және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар
Денесінде кенесі бар ауру малдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz