Қой қолтұқымдары
Презентация қосу
Қойдың биологиялық
ерекшеліктері . Қой
тұқымдары.
Қойдың жалпы басқа малға қарағанда биологиялық ерек-
шеліктерінің бірі — бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ
сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш,
тістері өткір, ұсақ болады. Бұл қасиет қойдың жайылым малы екенін
анықтап, тапшылықты ұдайы көретінін аңғартады. Қой басының
мұндай түрге өзгеруі, зерттеуші ғалымдардың пікіріне қарағанда,
өзінің өсу эволюциясында мыңдаған жылдар бойы табиғаттың
шөпсіз, қиын, ауыр жағдайларына бейімделуінен болған. Қой басқа
үй малдарына қарағанда табиғатта өсетін шөптердің (80-85%) басым
көпшілігін жейді, мұның ішінде арамшөптер, ашшы шөптер, басқа мал
жемейтін шөптер көптеп кездеседі. Қойдың жеген шөбін қорыту
қабілеті де басқа малдардан жоғары. Өйткені, қойдың асқазаны көп
камералы, ішегі ұзын, өз денесінен 30 есе ұзын болады. Сондықтан,
қой жеген шөбінің 75% -ын түгелдей сіңіреді.
Қойдың ендігі бір биологиялық ерекшелігі — өсімталдығы. Әр 100
саулыққа орта есеппен жылына 130-150 қозы өсіруге әбден болады.
Қойдың жыныс ағзалары мен жүйесі тез, 5 айда жетіледі. . Қой
қозыны 5 ай көтереді, 150 күннен кейін қоздатып, қозыларын уызға
тойдырып, содан соң қолдан жасаған сүтпен асырап, саулықтарды
қайта шағылысқа өзірлеуге болады.
Қойдың биологиялық ерекшеліктерінің бірі — оның адамға қажет
түрлі өнім беретіні. Қой адам өміріне ең қажетті ет, сүт, жүн, тері,
елтірі өндіреді.
Қойдың биологиялық ерекшеліктері олардың тұқымдарына
тікелей байланысты. Кейбір қой тұқымдары кең, жазық, құрғақ
ауалы аймақта өзін жақсы сезініп, мол өнім береді. Бұлардың
қатарына қазақтың құйрықты қойлары, еділбай қойы жатады.
Қайсыбір қой тұқымдары жері шалғын, жазы, ауасы ылғалды
жерді жақсы көреді. Бұл топқа Британияның етті-жүнді биязылау
қойлары жатады. Кейбір тұқымдар таулы жерлерде жақсы
дамиды. Ондай қойларға қазақтың арқар-мериносы, гиссар қойы,
алай қойлары жатады. Осы келтірілген биологиялық
қасиеттерінің арқасында қой түлігі басқа мал түрлеріне
қарағанда дүние жүзінде ең кең тараған, ең көп малдар
қатарына жатады. Жер жүзінде қазіргі кезде 600-ден астам қой
тұқымдары өсіріледі. Солардың ішінде ыстыққа да аязды суыққа
да, таулы жерге де, құмды-шөлейтті жерге де жерсініп өсе
беретін қой тұқымдары бар. Мәселе соның ішінен нақты жерге,
жағдайға қажетті тұқымды таңдап алып өсіруде.
Қой қолтұқымдары
Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы
бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның
әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген.
Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға -
еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары
жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі
және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты
қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына
бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп,
сақтап отырған. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI
ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа
мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны
жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап,
өсіріп келеді.
Арқар, меринос қолтұқымы.
Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі -
Қазақстанда шығарылған арқар-меринос
қойы. Ол 1934-1950 жылдары арқардың
құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық
қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл -
қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ө.
Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы
ғылыми еңбектерінің жемісі.
Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың
табиғатына төзімді. Қазіргі кездеАлматы,
Павлодар, Шығыс Қазақстан
аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді
қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақста
ндық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекші
лігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңт
Жартылай биязы жүнді
қолтұқымдар
Қазақстанда бұл бағытта
дегерес, қазақтың етті-жүнді,
гемпшир және кроссбред
қолтұқымдары өсіріледі.
Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі
етті-майлы (құйрықты)
бағытта шөл-шөлейтті жердің
табиғатына бейімделген. Ол
Орталық және Оңтүстік
Қазақстан өңірінде де
өсірілуде.
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын
қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың
қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес
қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы
шығарылған. Ол әрі етті, әрі жүнді мол береді.
Қарағанды өңірінде өсіріледі. Саралжын қойы ертеде
Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде
шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары
біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе
алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары Қазақстанда
бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және
қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің
батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні
мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі
кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшы
қ жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқ
ым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай
қойынан кішілеу.
Ақмола, Қарағанды,
Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қаракөл қойы
Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы
дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл
бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен
шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі
өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-
шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына
шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990
жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса,
2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы
Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz