Ауыл шаруашылығы құстарының жұмыртқа өнімділігі
Презентация қосу
Ауыл шаруашылығы
құстарының жұмыртқа
өнімділігі
Жоспар
I Кіріспе...................................................................................................
II Негізгі бөлім.
1.1. Жұмыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні
1.2. Жұмыртқа өнімінің сапасына қойылатын талаптар
1.3. Жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама
Кіріспе
Құс шаруашылығы дегеніміз – бұл елімізде ет және жұмыртқа қорын жедел толықтыра алатын
шаруашылықтардың тез жетілетін саласы. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка
мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады.
Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ,
Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Құс өсірумен Қазақстанда әуелі Қостанай, Ақмола,
Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер
ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл
тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады. Арнайы өндіріс орындарында балапандарды
және жұмыртқалағыш мекиен тауықтарды ауасы, төсеніші тазартылып, жылуы, жарықтың берілуі мен
ұзақтығы, т.б. реттеліп отыратын, терезесі жоқ құсханаларда жылу батареялары бар торлардың ішінде
өсіреді.
Құстың жұмыртқа өнімін беру уақыты олардың аналық бездерінің дамып, жетілу дәрежесіне
байланысты болады. Сонымен құстың алғашқы жұмыртқа салуы оның жыныстық жетілгенін
көрсетеді. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар 120-180, үйрек пен қаз 250-300, күркетауық 200-250
күндігінде сала бастайды. Бір жылда беретін жұмыртқалар саны және орташа салмағы жұмыртқа
өнімінің негізгі көрсеткіштері болып есептелінеді. Әдетте, тауықтар өмірінің екінші жылында ең көп
жұмыртқа береді. Ал жылына орта есеппен тауық 220-230 жұмыртқа бере алады, әр жұмыртқаның
салмағы 55-65 г; үйрек 100-120 (әрқайсысының салмағы 90-100 г) жұмыртқа, қаз 25-30
(әрқайсысының салмағы 110-200 г) жұмыртқа, күркетауық 70-80 (әрқайсысының салмағы 85-110 г)
жұмыртқа береді. Тауықтың және күркетауықтың ұрғашысын мекин, еркегін қораз;
үйректікін мекин, кежек; қаздікін ана және ата-қаз деп атайды.
Жұмыртқаның товарлық сапасын айыру үшін оның салғанын, салмағанын, сақтау әдісін білу қажет.
ГОСТ 1635-55 бойынша жұмыртқаны үш түрге бөледі: диеталық, мұздатқыштық, жаңа табылған
жұмыртқа.
Диеталық жұмыртқаның салмағы 40-54 г, қоймада 5 тәуліктен артық сақталмайды, сапасы жақсы,
қабығы таза, мықты, ауалық орыны 4 мм-ден аспайды, қозғалмаған сары уызды және жарық
өткізетін ақ уыз болуы қажет.
Мұздатқышта бір айдан астам 1-2о температурада, салыстырмалы ылғалдығы 85-88%-те сақталған
жұмыртқа жатады.
Жаңа табылған жұмыртқа ауалық орыны 7 мм-ге дейін, сары уызы ортасында, ақ уызы жарық
өткізеді, жұмыртқа салмағы 47 г болады. Бұндай көрсеткіштерге сәйкес келмеген жұмыртқаларды
стандартсыз деп атайды.
Тауықтардың жұмыртқа бағыттағы тұқымдары. Осы тұқымды
тауықтарды өсірудегі мақсат – жұмыртқа алу. Сондықтан жұмыртқалайтын
тауықтың негізгі шаруашылық белгілері - көптеп жұмыртқалау және дене
салмағының жеңілдігі болып табылады. Жұмыртқалағыш тұқымды
тауықтар жынысының ерте жетілетіндігімен және ұзақ мерзімде үздіксіз
өнімділік қабылетімен ерекше көзге түседі.
«Ақ леггорн» – дүние жүзіне анағұрлым көбірек тараған тауықтың
жұмыртқалағыш тұқымы. Ол XIX ғасырда Америка құрама штаттарында
Италиядан жеткізілген, жергілікті құс базасында өсірілді. Осы тауық
тұқымының экстерьерлік ерекшеліктері мынадай: басы шамалы орташа, ақ
немесе крем түсті, құлақ жарғақтары жақсы жетілген, айдары жалпақтау
болады. Төсі жақсы жетілген, дөңгеленіп, томпайып тұрады. Құйрықтары
көтеріңкі келеді, әтештерінің жақсы жетілген бұрымы болады. Тұмсығы,
табан сүйектері мен бақайлары сары болады. Құс ауа райына икемді келеді,
тез жетілумен және төзімділігімен ерекше көзге түседі. Жылына
әрқайсысының салмағы 57-60 г тартатын 220-240 жұмыртқа табады.
Жұмыртқаның қауызы ақ, инкубациялық сапасы жоғары болады.
Жұмыртқаның ұрықталуы 95-96,0%-ға жуықтайды, инкубацияға салынған
жұмыртқалардан 80%-дан астам балапан өсіп шығады. Балапандары тез
өседі.
«Орыстың ақ тауығы» – жергілікті тұқым. Оны өсіру үшін леггорн тұқымды тауық
жергілікті тұқымды тауықпен будандастырылды. Тұқым 1953 жылы бекітілді.
Қауырсыны ақ, тығыз, тұмсығы мен сирақтары сары түсті, жақсы жетілген болады.
Айдары жалпақ келеді, жақсы тауықтардың айдары салбрап тұрады. Әтеш 3,0 кг,
мекиені 2,0 кг салмақ тартады. Жылына 200 және оданда көп жұмыртқа табады.
Жұмыртқасының салмағы орта есеппен 60 г жуықтайды. Қауызы ақ, мөлдір. Бүкіл
репродуктивті цикілдің өнбойындағы жұмыртқалардың ұрықтануы 92-97% жетеді.
Инкубацияға салынған жұмыртқалардан балапан шығуы 80-86%.
«Алатау» кроссы - Қазақстанда шығарылған жұмыртқалағыш тауық кроссы. Бұл қазақ
құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдары және тәжірибе
шаруашылығы мамандарының еңбегімен көп жылдар бойы ақ леггорн тауық
тұқымынан сұрыптау арқылы шығарылған. Клеткаға ұстауға, Қазақстан жеріне
бейімделген, жұмыртқасы ірі, жұмыртқалағыштығы және тіршілік қабілеті жоғары
тауық тұқымы. Оның жұмыртқалағыштығы бірінші айлардан-ақ жақсы басталады, ал
жұмыртқалағыштығының шыңына 28-30 апталық жасында жетеді. Орташа мекиен
санына шаққанда олар 72 апталық жасына дейін 250 дана жұмыртқа береді. Бұл кросс
Қазақстан ауа райына, климаттық ерекшеліктеріне үйренген әрі жерсінген тауық
тұқымы болып табылады.
«Хайлайн W-98» кроссы - АҚШ–тан
Қазақстанға 2001 жылы әкелінген. Ата –
аналық топтың өнімділігі: - бастапқы
мекиенге шаққандағы инкубациялық
жұмыртқа – 235 дана; - орташа шығымдылық
– 94%; - 15 апталық кезеңдегі тірі салмағы –
1131 г; - 70 апталық кезеңдегі тірі салмағы –
1900 г; Өндірістік мекиеннің өнімділігі: - 78
апталық кезеңіндегі бір мекиенге
шаққандағы туылған жұмыртқа 320 – 330
дана; - жұмыртқаның орташа салмағы – 63 г;
- бір мекиеннің бір күндегі жемді
пайдалануы – 115-120г
1.1. Жұмыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні
Жұмыртқа шаруашылығы өзінің тез айналымына байланысты өзін-өзін тез өтейді және өндіріс дамуына
тез үйреніседі. Жұмыртқаны көптеп шығару өнеркәсібі көп жер көлемін қажет етпейді және
агроөнеркәсіптік сұранысқа жауап береді.Жұмыртқа өнеркәсібі ХХ ғасырдың ІІ –жартысынан бастап,
жеке сала болып бөлінген. Соңғы 25 –жылдықта жұмыртқа өндіру 2-есеге көбейген. (WorId PouIti’ s
sciens journaI, Egg Industri, «Птица и птицепродукты», «Птицеводство» журналдарының статистикасы
бойынша). Жоғарғы өнімге қол жеткізген негізгі ел Қытай болып табылады. Ол бір жылда 15,77 млн.
тонна жұмыртқа өндіреді. Европа одағында жұмыртқа өнімділігі өзгеріссіз, бір жылда 5,2 млн. тоннаны
құрайды.
Қазіргі кездерде жұмыртқа өндірісін тиімді дамыту үшін экспорт мәселесі
қарастырылып жатыр. Жұмыртқа транспортировкасының ең тиімді жолдары алғашқы
мәселе болып тұр. Жұмыртқа шаруашылығына тиімді әсер еттетін 3-фактор бар:
1) Жоғарғы өнімді кросс тауықтары
2) Толық аралас жем рационы
3) Жоғарғы және жаңа технологиялар арнайы құрал-жабдықтар.
Алғашқы және негізгі жұмыртқа шаруашылығына әсер ететін негізге — будандастыру
жатады. Дүниежүзінің ірі компаниялары тауықтарды әрдайым будандастырып, жаңа
жұмыртқа шаруашылығына бейім кросс тауықтарын дайындайды. ХХ ғасырдың
басында көптеген майда шаруашылықтарды біріктіріп, АҚШ-та «Авиаген» ірі холдинг
компаниясы құрылды.
Қазіргі кезде ол компания дүниежүзіндегі жарты жұмыртқа шауашылығын 44% -ін
арнайы будандастырған аталық және аналық (325 млн. бас) тауықтармен қамтамасыз
етеді.
Қазіргі кезде Авиаген дүниежүзіндегі 85 елмен қарым-қатынаста. Авиаген компаниясы
ең жақсы инкубациялық жұмыртқа мен қамтамасыз етіледі және ең жақсы крос
тауықтарымен қамтамасыз етіледі.
1.2. Жұмыртқаның сапасын анықтау үшін, негізін сезім анализаторлары құрайды. Оны
көзбен, иіс, дәм және есту арқылы анықтаймыз. Жұмыртқа шаруашлығының сапасын бір-
біріне ұру арқылы байқауға болады.
Жұмыртқаға дегустация жасау үшін 5-11 адам дайындайды. Ол дегустация жұмыртқаның
дәмін сыртқы, ішкі құрамын анықтайды. Ал егер жұмыртқаның сіңімділігімен, құнарлығын
анықтау үшін лабораториялық тексерулер жүргізіледі. Жұмыртқаны дегустациядан өткізу
үшін оны асады, қуырады және де 5 балдық система арқылы бағалайды. Жұмыртқаның
жоғарғы сапасын оның салмағы, саруызының қалыңдығы оның түсі, ауа қуысы мығым, тегіс
бір түсті қауашағы анықтайды. Тауық фермасындағы негізгі мән берілетін нәрсе ол –
микроклимат. Жаңа туылған жұмыртқалар бөлек иістерді тез сіңіреді. Сондықтан кепелерді
таза ұстаудың жұмыртқа сапасына маңызы зор. Жұмыртқа сақтаудағы негізгі мән берілетін
нәрсе температура мен ылғалдылық. Егер ылғал көп болса, қабыршақтың сыртқы
қабығының сапасы төмендейді. Жұмыртқаны төмен температурада сақтайды. Ол
микроорганизмдердің дамуын және жұмыртқадағы физикалық, химиялық өсгерістерді
тоқтады. Жұмыртқаның үлкен партияларын склаттарда 25 күнге дейін сақтайды. Склаттың
іші желдетіліп, иіссіз болуы керек. Орташа температура 8-10С. Орташа ылғалдығы 80-85 %.
Ал егер жұмыртқаларды көп сақтайтын болса, температураны 0,20С-қа түсіреді. Жұмыртқа
кәрі болған сайын онда сары уыз бен ақуыз азайып, ауа қабығы көбейеді. 20-25 күн
сақталынған жұмыртқада ауа қуысы 10 мм болады. Егер сары уыз қабыршаққа жақын
орналасса, ақуыздың түрі бұзылса, ол жұмыртқаның уақытынан өткенін білдіреді.
Жұмыртқа категориясы
XL- өте үлкен жұмыртқалар (экстра) 75 г және одан жоғары
L- Ірі 63-75г дейін
M- Орташа 53-63 г –ға дейін
S- майда 53 г төмен
Тауық жұмыртқасынан басқа бөдене жұмыртқалары да көптеген сұранысқа ие
болып отыр. Оған себеп, бөдене жұмыртқасының витаминдерінің минералдық
заттардың көп болуына байланысты. Қытай елдерінде бөдене жұмыртқасын
медицинада қолданады. Ол жұмыртқаның сыртқы қабыршағының жұқа болуына
байланысты дәрумендерінің бәрі жұмыртқаның ішінде болады. Көп елдерде
бөдене, тұйеқұс және т.б. құстардың еттерін делекатес ретінде қолданады.
Жұмыртқа құрамы адам қажет ететін
дәрумендерінің 50% құрайды. Ондағы макро
және микроэлементтері А және В1, В6, В12
дәрумендері көп ауруларға ем. А дәрумені
адамның көру қабілетін жақсартады.
Дүниежүзілік соғысқа қатысқан АҚШ тұрғыны
күніне 6 шикі жұмыртқа жейтін болған. Көптеген
спортсмендер, әншілер жұмыртқаларды шикілей
ішу арқылы өздеріне дәрумендерді және микро,
макро каротиноидтарды қабылдайды.
Жұмыртқаның ең жақсылары 3-4 күн болған
жұмыртқалар. Ондағы көмірқышқыл газының
және ферменттерінің әсер етуіне байланысты
жұмыртқаның толық дамуы бітеді. 7 күннен
кейін диеталық жұмыртқаларды столовойға
өткізеді. Жұмыртқаның диеталық құпиясы оның
органикалық байланысқан темірде, ол адам
организміне жақсы әсер етіп, гемоглабинмен
эритроциттерді құрайды.
Қорытынды
Құс шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге
көшіріліуі құс еті мен жұмыртқаны өндірудің іс жүзіндегі бүкіл
технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми
тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап етеді. Өндіріс типті ірі
шаруашылықтарда, фабрикаларда құс еті мен жұмыртқа өндіру – осы заманғы
технологияның өндірістік қарқындылығы және ырғақтылығымен, барлық
цехтар және звенолардың өзара байлансытылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет
ететін жүйелерді жоғары дәрежеде механикаландыру және
автоматтандырумен, табындарды стандарттап, біртектестендірумен
сипатталады. Басқа үй малдарымен салыстырғанда құс саласы – аса қысқа
уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы
жоғары өнім – етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп
мөлшерде өндіруімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта құс шаруашылығын
өркендетуде үлкен ғылыми-өндірістік жұмыс жүргізілуде.
Жұмбақтар
Екі аяғы да жоқ, Белінде таяғы да жоқ.
Жұмыртқа
Қызылдан киген киім, басқа қалпақ,
Саусағы төртеу болған, емес жалпақ.
Үстіне неше түрлі тон жамылып,
Басады мас адамша талтақ-талтақ.
Қораз
Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр.
Үйрек
Меңгіл-меңгіл, меңгілше,
Меңгілде бар тарғылша.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.
Бөдене
Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.
Қаз
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
Тауық
Ботаға ұқсас саны бар,
Шөл даланың құмайы.
Шәлкем мiнез жануар,
Ашу қысқан ұдайы.
Түйеқұс
Шелектеп құйсаңда су жұқпас.
Үйрек
Ағаш басында,
Тас арасында,
Әр алуан қуыста
Түндіксіз отау.
Ұя
Назар аударғандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz