Жылқы тұқымдары


Slide 1

Жылқының сыртқы пішіні мен дене бітімінің ерекшеліктері. Жылқы тұқымдары.

Slide 2

Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин және қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.

Slide 3 Slide 4

Салт мінетін жылқылардың сыртқы пішінің былай сипаттауға болады: басы құрғақ, жеңіл, мойны бұлшықты, ұзын; шоқтығы биік, ұзын; арқасы қысқа, берік; жауырыны ұзын, қырын біткен; кеудесі терең, бірақ тар; сауыры ұзын, бұлшық еті жақсы жетілген, тілерсек буынына қарай түсіңкі; аяғы құрғақ, бұлшықты, буындары жақсы көрінеді, сіңірлері айқын білінеді; бақайы ұзын, тұяқ көлемі орташа; тұлғасының қиғаш ұзындығы бойының биіктігіне тепе-тең. Денесінің бұлшық еттері жақсы жетілген. Терісі жұқа, жүні қысқа және нәзік.

Slide 5

Ауыр жүк тартқыш жылқылардың сыртқы пішіні салт мінетін жылқылармен салыстырғанда керісінше. Бас көлемі орташа, кейде үлкен немесе дөрекі, маңдайы иінді. Мойны қысқа да жуан, шоқтығы биік емес, арқасы көбіне иілген. Жауырыны шығыңқы қойылған, бірақ ұзын. Аяқтары қысқа, кеуде орамы терең, үлкен, сауыры кең, ұзын және төмен түскен. Тұяғы қысқа, бірақ кең, бақайының ұзындығы орташа. Терісі қалың және болбыр.

Slide 6

Желісті жылқылар сыртқы пішіні өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады. Бұлардың сыртқы пішінің бағалауда жыныс айырмашылықтары яғни еркек пен ұрғашы жылқылардың конституциялық өзгешіліктері ескеріледі. Айғырлары биелеріне қарағанда ірі, сүйек қаңқалары мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Құрсағындағы сызығы биелерге қарағанда айғырларда түзу біткен. Жал, құйрық, кекіл және шамасы биелермен салыстырғанда жақсы жетілген және т. б. ерекшеліктері.

Slide 7

Қазақ жылқыларының ерекшеліктері - бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды, мойыны шомбалдау, қысқа, көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері тығыз.

Қазақ жылқылары ауа райының құбылмалы жағдайына төзімді, жем - шөпті талғамайды, үнемі далада жайылымда жүріп күнелтеді.

Slide 8

Жылқының өмір сүру кезеңдері

Жылқы орташа есеппен 25 - 30 жыл жасайды. Жылқы төлдері:

Құлын (биенің төлі)

Жабағы (6 айдан асқан құлын)

Тай (1 жастан асқаны)

Ұрғашы жылқыны (байталды)

Құнажын байтал (2 жастан асқан)

Дөнежін шығар (3 жастағы)

Дөнежін байтал (3 жастан асқан)

Бесті бие (4 жастан асқаны)

Қасбалы бие (7-8 жастағы бие)

Кәртамыс бие (11-14 жастағы)

Жасаған бие (20 жастан асқан бие) т. б.

Slide 9

Жылқы өсіру бағыты

Slide 10

Жылқының қасиеті

Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал - жылқы. Оның тазалығы соншалық - суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы жылқыда өт болмайды. Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда артық шығын кетпейді. Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

Slide 11

Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі.

Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі.

Жирен жылқы. Сыртқы қылшық түктері бірыңғай сарғыш қызыл болып келуі.

Торы жылқы. Түк бітістері тобылғы түстес, жал, құйрық, сирақтары қара қошқыл болып келгені.

Көк жылқы. Жылқының түктері шымқай көк болмай, көкшіл қылшықты келуі.

Қара көк жылқы. Жылқының сыртқы түктері қара қошқыл болып келгені.

Қызыл көк жылқы. Көк түсті жылқының қылшықтарының ұшы қызыл түстес келгені.

Құла жылқы. Басы мен денесі жылтыр сары, немесе құрым сары реңде болып, аяқтары мен жал құйрықтары қара, арқасынан құйрығына дейін созылған жіңішке қара жолағы бар жылқы.

Ақжал жылқы. Түр-түстері құланға ұқсас болып келетін, бірақ сирақтары мен жал-құйрығы бозғылт немесе боз болып келген жылқы.

Slide 12

Сұр жылқы. Жылқының дене түк бітісі ақ көкшілдеу болып, бас сирақтары, жалқұйрығы қара келіп, шоқтығынан құйрығына дейін арқасында қара жолағы бар және жауыры-ны, тірсегі, сирағы кейде көлденең жолақты тарғыл болып тұрады.

Қаракер жылқы. Жылқының жалпы түсі қара болып, тұмсығы мен шабы күңгірт тартып келгені.

Шабдар жылқы. Сырт түгі ақшыл сары болып, жалы бурыл, ақ қыл мен қара қылдың араласып келгені. Бірақ ашық шабдар торыға жақын келгенімен, жал-құйрығы бурыл болады.

Ала жылқы. Жылқының негізгі түгінің арасында ақ жүнді үлкен-кішілі дағы бары.

Шұбар жылқы. Денесінің қыл-шығы ақ келіп, арасында майда теңбілі (қара, торы, жирен, тағы басқа) бар, не қылшығының басқа түсте болып, арасында ақ теңбілді келген жылқы.

Бурыл жылқы. Жылқының негізгі дене түгінің (қылшығының) арасында жирен, қараторы, біртегіс ақ қылшық араласып келіп, ақ қылшық басы мен аяғында болмайды

Шаңқан (боз) жылқы. Түсі шымқай өте ақ болып келген жылқы.

Баран жылқы. Торы жылқыны айтады. Мұның денесі мен басы шие түстес қызғылт боп келіп, құйрық, жалы, сирақтары қара болады.

Slide 13

Алтай тұқымы

Қостанай тұқымы.

Буденный тұқымы

Қазақ тұқымы

Украинаның ұлттық тұқымы

Ахалтеке тұқымы

Жылқы тұқымдары

Slide 14

Адай жылқысы - салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эвол. даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат - жүрдектігі жағынан Түрікмен жылқысы - Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омыраулы, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биікт. 140, 3 см, тұрқы 142, 7 см, кеуде орамы 163, 3 см, жіліншіктің орамы 17, 6 см. Еті жоғары сапалы, еттүсімі - 52 - 58%. Тәулігіне орта есеппен 8 - 11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40 - 50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.

Slide 15

Араб жылқысы - ертеден белгілі жылқы тұқымының бірі. Оны қазақтар «араби жылқы» деп атаған. Араб жылқысы 7 ғ-дан белгілі. Ол 15 ғ-дан бастап Еуропада көптеген жаңа жылқы тұқымдарының (таза мініс жылқысы, тракенеп, венгр жылқысы, орлов желгіші, т. б. ) өсірілуіне себеп болды. Оның айғырларын қазақ халқы өзінің жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланды. Араб жылқысы ірі емес, шоқтығына дейінгі биіктігі 151, 9 см, тұрқы 149, 3 см, кеуде орамы 175 см, жіліншігінің орамы 19, 2 см. Тұяғы берік, өте сымбатты, ұзақ жүріске төзімді әрі жүрдек келеді. Араб жылқысының тірідей салмағы 420 кг, сойғанда 54 - 56% таза ет береді, биелерінен 11 - 15 л сүт сауылады. Шөлге шыдамды, күтім таңдамайды. Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді. Түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтаған Араб жылқысы Каспий теңізі өңіріндегі елді мекендерде кездеседі.

Slide 16

Ақалтеке жылқысы- түрікмен халқының арғымақ түрі.

Шыққан жері - Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин. 22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 - 157 см, тұрқы 154 - 158 см, кеуде орамы 167 - 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см. Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т. б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Оңтүстік Қазақстан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі.

Slide 17

Будённый жылқысы - салт мінілетін жылқы тұқымы. 1921 - 48 жылы Ресейдің Ростов облысының С. М. Буденный атындағы және 1-атты Армия атындағы жылқы зауыттарында таза тұқымды Дон мініс жылқысы мен Қара теңіз жағалауының жылқыларын будандастыру арқылы шығарылған. Буденный жылқысы ірі, дене бітісі мығым келеді. Басы етсіз, қаз мойын, шоқтығы биік, аяғы сіңірлі, тұяғы берік. Шоқтығына дейінгі орташа биікт. 163 - 166 см, кеуде орамы 190 - 195 см; жіліншік орамы 20-21 см. Айғырының салм. 550 кг, биесінікі - 500 кг. Жаңа туған құлынының салм. 50 кг. Буденный жылқысының ұшқырлығы 1200 м-де 1 мин 16 с; 2000 м-де 2 мин 36 с; 3600 м-де - 3 мин 29 с. Қазақстанда Буденный жылқысын жетілдірумен Алматы облысындағы Қызылағаш жылқы зауыты шұғылданады

Slide 18

Дон жылқысы - жылқы тұқымы. 15 - 19 ғ-ларда Дон казактарының жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб, түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі, шоқтығына дейінгі биіктігі 160 - 163 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 162 - 165 см, кеуде орамы 195 - 198 см, жіліншік орамы 20 - 21 см. Айғырының орташа салмағы 570 кг, биесі 550 кг. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады. Жарыстарда 200 км-ді 16 сағатта 304 км-ді 24 сағатта, бәйгеалаңда (ипподромда) 1200 м - 1 мин 20 с, 1600 м - 1 мин 47 с, 2000 м - 2 мин 15, 5 с, 3000 м - 3 мин 28 с-та шауып өткен.

Slide 19

Жабы жылқысы - байырғы қазақ жылқысының бір түрі. Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте торы және жирен түсті, сұр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Жайылымда жүргеннің өзінде әр биеден тәулігіне 11 - 15 л сүт саууға болады. Жайылымда семірген жабыдан 230 - 250 кг таза ет түседі. Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 144, 8 см; тұрқы 150, 8 см, кеуде орамы 179, 1 см; жіліншік орамы 19 см; жайып семірткендегі орташа салмағы 470 кг. Жабы Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында ет үшін өсіріледі.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Жылқы тұқымдары туралы
Жылқының тұқымдары
Қазақстандағы жылқы тұқымдары
Орлов желісті жылқысы
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
Дон жылқысы
Жылқылар үшін жем
Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Ауыл шаруашылық жануарларының шығу тегі
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz