Құрғақ плеврит Экссудативті плеврит


Slide 1

«Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы

Плеврит

Алматы 2017ж.

Slide 2

Жоспар:

Плеврит анықтамасы, этиологиясы

Классификация

Клиника

Диагностика

Емі

Slide 3

Плеврит (Pieurritis) - плевраның қабынуы бұл кокіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірлі қабықтың қабынуы. Ауру көбнесе жылқылар мен шошқалар арасында жиі кездеседі. Плевриттер дерттің пайда болуы жағынан негізгі және туындаған, орналасуы бойынша ошақты және кіріккен, қабыу сипатына байланысты құрғақ және ылғалды түрге бөлінеді.

Slide 4

Этиологиясы

Плевриттің жұқпалы түрінің қоздырғыштары: стафилококк, пневмококк, туберкулез таяқшалары, эхинококк, т. б

Сонымен қатар плевриттің пайда болуына өкпе қабынуының және лимфа бездерінің асқынуы, ревматизм, әр түрлі ісік және аллергиялық аурулар немесе көкірек қуысының жарақаттары әсер етеді.

Slide 5

Классификация:

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Сұйықтықтың орналасуы бойынша:

-Диффузды;

-Қалталанған

ұшындағы немесе апикальды;

қабырға аралық;

сүйек-көкеттік;

көкеттік (базальды) ;

парамедиастинальды;

үлесаралық;

Slide 9 Slide 10

Құрғақ плеврит(клиникасы)

Аурудың негізгі шағымы-демді терең алғанда және жөтелгенде күшейетін кеуденің шаншып ауыруы, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік және ұзаққа созылатын субфебрильді температура. Жануар ауырсыну сезімін азайту үшін бір жанына қарай (плевра зақымдалған) жатады. Диафрагмальды плеврит кезінде ауырсыну іштің жоғарғы бөлігіне және көкеттік нерв бойымен- мойын аймағына беріледі. Апикальды плеврит кезінде кеуденің трапеция тәрізді және үлкен бұлшықеттерінде ауырсыну (Штернберг және Поттенджер симптомы) болады. Аускультацияда-плевра үйкеліс шуы.

Slide 11

Экссудативті плеврит

Жалпы әлсіздік, ентікпе, қалтыраумен жүретін дене температурасының жоғарылауы, тершеңдік, тәбеттің төмендеуі. Қалталанған медиастинальды плеврит кезінде-дисфагия, беттің, мойынның ісінуі және дауыстың қырылдауы болады. Тыныс жетіспеушілігінің дәрежесі акроцианоздан тері жабындысының тотальды цианозына дейін ұласады. Жалпы қарауда-кеуденің ауру жағы тыныс алғанда қалыңқы болады, не тыныс алуға қатынаспайды (өкпенің қысылып қалатынынан) . Кеуденің төменгі бөлігіндегі қабырға аралықтардың ісініп, шығыңқы болатынын көруге болады. Перкуссия кезінде-массивті тұйық дыбыс. Аускультацияда- тыныстың болмауы, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы.

Slide 12

Диагностика:

Анамнез жинау.

Клиникалық зерттеу:

Құрғақ плеврит

Экссудативті плеврит

Ауырғандықтық салдарынан кеуденің ауыратын жағы тыныс алуда қалыңқы болып көрінеді. Ауырған мал ауыратын бүйіріне жатуға тырысады.

Тыныс алу жиілейді. Кеуденің ауру жағы тыныс алғанда қалыңқы болады, не тыныс алуға қатынаспайды (өкпенің қысылып қалатынынан) . Кеуденің төменгі бөлігіндегі қабырға аралықтардың ісініп, шығыңқы болатынын көруге болады.

Перкуссиялық өзгерістер болмайды

Өкпелік дыбыстың тұйықталуы

Зақымданған плевра бетінің үстінен плевра үйкелісінің шуы естіледі.

Экссудат үстінде ешқандай дыбыс естілмейді.

Slide 13

Зертханалық зерттеу:

Жалпы қан анализі (лейкоциттердің жоғарлауы, ЭТЖ жылдамдауы) .

Қанның биохимиялық анализі (жалпы белок және альбумин деңгейінің түсуі, фибриноген, С реактивті белок деңгейінің жоғарлауы) .

Қақырықты микроскопиялық зерттеу, сезімталдылықты анықтау.

Slide 14

Қосымша зерттеулер:

Кеуде қуысының рентгенографиясы: плевритке тән көрініс береді.

Компьютерлік томография (КТ) - патологиялық өзгерістін нақты сипаттамасын анықтайды.

Плевра қуысының УДЗ: плевра қуысындағы сұйықтықтың көлемін анықтайды.

Плевральды пункция: плевра қуысындағы сұйықтықтың нақты сипаттамасын береді.

Биопсиямен диагностикалық торакоскопия

Slide 15

Кеуде қуысының рентгенографиясы

Плевритті нақты дәлелдейтін негізгі әдіс кеуде қуысының рентгенографиясы: негізгі белгісі сұйықтық сызығы бар өкпе тінінің гомогенді қараюы. Бұл рентгенологиялық көрініс диффузды плеврит, сұйықтық мөлшері 1 литрден көп болса ғана тән болады. Егер сұйықтық 1 литрден аз болса, ол синустарда жиналып төменгі-бүйір синустың қараюын көрсетеді. Егер сұйықтық болса, көкірекаралық ағзаларының контралатеральды ығысуы байқалады. Гидропневмоторакс кезінде сұйықтық деңгейі көлденең болады.

Slide 16 Slide 17

Рентгенограмма органов грудной клетки больного с осумкованным левосторонним пристеночнымплевритом

(левая косая проекция) : к грудной стенке прилежит интенсивная тень выпота.

Slide 18

Рентгенограмма органов грудной клетки больного с правосторонним междолевым плевритом(правая боковая проекция) : линзообразные тени выпота в горизонтальной (1) и косой (2) междолевыхщелях правого легкого.

Slide 19

Компьютерлік томография

Компьютерная томограмма в мягкотканом окне. Правосторонний экссудативный плеврит

Slide 20

Плевра қуысының УДЗ

Slide 21

Плевральды пункция

Плевритті диагностикалауда плевралды пункция маңызды рөл атқарады. Торакоцентез артқы қолтық асты сызығы бойынша 7-8 қабырғааралықта жасалады. Алынған сұйықтықты қарап, оның түсін, консистенциясын анықтайды. Транссудат немесе экссудат екенін анықтау қажет.

Ривольт сынамасын жасалады:

Транссудат: ақуыз 32 г/л аз, ЛДГ 1. 3 ммоль/л аз, Ривальта сынамасы теріс.

Экссудат: ақуыз 36 г/л көп, ЛДГ 1. 75 ммоль/л, Ривальта сынамасы оң.

Slide 22

Плевралды сұйықтықтың қалыпты сипаттамасы.

Тығыздығы 1015

Түсі - сабан сары

Мөлдірлігі - мөлдір

Тұтқыр емес

Иісі жоқ

Жасушалық құрамы:

Жалпы эритроциттер саны 2000-5000 в мм3

Жалпы лейкоциттер саны 800-900 мм3

Нейтрофильдер 10 % дейін

эозинофильдер 1 % дейін

Базофильдер 1 % дейін

Лимфоциттер 23 % дейін

эндотелий 1 % дейін

Плазматикалық жасушалар 5 % дейін

Ақуыз 1. 5 - 2 г 100 млге (15-25 г/л) .

ЛДГ 1. 4 - 1. 7 ммоль/л

глюкоза 20-40 мг 100 млге (2. 1 - 2. 2 ммоль/л)

рН 7. 2

Slide 23

Диагностикалық торакоскопия

Торакоскопия - плевра қуысын және кеуде қуысын ішкі жағынан қарау үшін жасалатын қазіргі заманғы медициналық әдіс. Торакоскопия кезінде кеуде қуысы арқылы плевра қуысына эндоскоп енгізіледі.

Мақсаты:

Плевра ауруын диагностикалау;

Зерттеу үшін тінді алу;

Булларды, кисталарды жою, қуыстан сұйықтықты эвакуациялау;

Өкпеде шекаралық резекция жасау.

Slide 24

Плевритті емдеу принциптері

Ауру малды стационарға алып келген кезде, міндетті түрде пульмонолог консультациясын қажет етеді (өкпенің функциональді жағдайына анықтау, тыныс жеткіліксіздігінің дәрежесін, операцияалды антибактериалды терапия жүргізу) .

Емнің тактикасы: (экссудативті)

1. жергілікті ем (плевра қусының санациясы) .

2. пункция - бактериялогиялық зерттеуге және қуыстағы бөлінділердің эвакуациясы.

Эвакуация: торакоцентез н\е Бюлау бойынша дренаж

Slide 25

Троакормен дренаж қондыру

Slide 26

Біркезекті эвакуация кезінде тек 1-1, 5 литр экссудат аламыз, жүрек-қантамыр асқынуларын (окпенің тез жайылуы, кокірек аралық тез ыгысуы) болдырмау мақсатында. Пункция корсеткіштер: 400-500 мл плевра қуысында н\е 200-300 мл ТЖ-імен бірге. Қолтық асты алдыңгы сызық бойынша 7-8 кабыргага жергілікті анастезия мен троакор комегімен кеуде стенкасын және париетальді плевраны тесіп, дренаж жүргіземіз. Қондырылган дренажды активті аспирация аппаратына н\е пассивті болінді шыгару мақсатында Бюлау бойынша сифонга жалгаймыз. Динамикада науқасты бақылаймыз. Рентген-тексеріс және плевра қуысының УДЗ.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
Плевра синусы
ПЛЕВРАНЫҢ ҚАБЫНУЫ
Гриптен болған пневмониялар
Рентгенография кезінде оларға перпендикуляр және қиғаш сәулелену бағытындағы қалыпты плевраның жұқа жапырақшалары ешқандай көлеңке
Микоплазмалы пневмония
Аурудың анамнезі
НОВОКАИНДЫ ТЕЖЕУ
Бруцеллез
Плевра қуысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz