Несептегі гемоглобин, уробилин және билирубинді анықтау әдістері мен клиникалық маңызы


Slide 1

Несептегі гемоглобин, уробилинді және билирубинді анықтау.

Slide 2

Несептегі гемоглобинді анықтау

10мл несепке 2-3мл 10%-ті күйдіргіш калий ерітіндісін қосады, қоспаны шайқап, 3-5 минут қайнатады. Қайнаған кезде кальций мен магнийдің фосфор қышқылды тұздары тұнбаға түседі, бұл тұздар қанның құрамындағы бояғыш зат гемохромоген (гематин) сұйыққа шығады, соның салдарынан сұйық қызыл түске боялып, қызыл түсті тұнба түзіледі. Гемоглобинурия протозалық ауруларда, плевропневмонияда, өкпе шірігенде, гангренасында, сепсисте, уланғанда (жылан уы, өсімдік глюкозидтері) күйіп қалғаннан кейін және бірқатар жұқпалы ауруларда кездеседі.

Slide 3 Slide 4

Несептегі уробилинді анықтау

Пробиркаға 10мл несеп құйып, оны 10 тамшы күкірт қышқылымен қышқылдайды, сонан соң оған 5мл эфир қосады, оны резина тығынмен тығындап 5 минут төңкеріп қояды. Ауық-ауық газын шығарып отырады. Сонан соң абайлап, сәл сарғыштанған қабатын сорып алып, оны алдын ала дайындап қойылған 2мл концентірленген тұз қышқылына пробирка қабырғасымен бойлатып жайлап қосамыз. Егер несепте уробилин болса, онда екі сұйық қосылған сызықтың бойында айқын қызыл-қоңыр түсті шеңбер пайда болады, Уробилинурия гемоспоридозда, қанның бұзылып бүлінуінде, капростазда, бауыр циррозында, өкпенің бітеу жарасында, пневмонияда, ит обасында, жатыр қабынғанда, төртхлорлы көміртекпен және күкіртті сутекпен уланғанда пайда болады.

Slide 5 Slide 6

Несептегі уробилиногенді денелерді анықтау. Богомолов сынамасы.

Химиялық ыдысқа 10-15мл несеп алып оған 2-3мл қаныққан мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Несеп лайланған жағдайда оған бірнеше тамшы концентрленген тұз қышқылын ерітінді тұнықталғанша қосады. 5минут өткен соң ерітіндіге 2-3мл хлороформ қосып шайқайды. Егер уробилиногенді денелер болған жағдайда хлороформ қабаты ақшыл-қызылдан қызыл-мысты түс аралығында боялады. Дені сау мал несебінде уробилиногенді денелер аз ғана мөлшерде бөлінеді бірақ тұрынқырап қалған несепте уробилинді денелерге айналады. Уробилиногенді денелердің өте көп мөлшерде болуы уробилиногенурия деп аталады.

Slide 7 Slide 8

Несептегі билирубинді анықтау

Реактивтер: Реактив №1-9 мл 95% спиртке 1мл азот қышқылын және 0, 4гр хлорлы темір қосады. Реактив №2-10%-ті хлорлы барий ерітіндісі. 5мл несепке (қышқыл реакциялы) 5мл №2 реактивті қосады. Сұйықты шайқап, 5минут центифугаға айналдырады. Сонан соң жоғары қабатын төгіп тастап, тұнбаны фарфорлы ыдыстың түбіне құйып, от жалынында ұстап буландырады (ақ түске айналғанша) . Сонан соң 1 тамшы №1 реактивті тамызады. Егер билирубин болса жасыл шеңбер пайда болады. Несепте билирубин механикалық және паренхиматоздық сарғаюда кездеседі.

Slide 9

Несептегі билирубинді Розин тәсілімен анықтау

Пробиркаға 3-4мл несепті құйып, оған йодты судағы ерітіндісін (1гр кристалды йод, 2гр калий йодиді және 30мл дистильденген су) немесе 1% йодтың спирттегі ерітіндісін ыдыстың қабырғасымен бойлата жайлап несепке құямыз. Егер екі сұйықтың арасында жасыл шеңбер пайда болса, онда несепте билирубиннің бар болғаны. Несепте билирубин механикалық және паренхималық сарғаюларда болады.

Slide 10 Slide 11

Несептегі өт пигменттері мен қышқылдарды анықтау

Өт пигменттері ішінен несепте билирубин, уробилиноген денелрі кездесуі мүмкін, олар арнайы байқау сынамалар арқылы анықталады.

Slide 12

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Клиникалық-ветеринарлық диагностика: несептегі гемоглобин, уробилин және билирубинді анықтау әдістері және кілегей қабықтарды, лимфа бездерін және дене қызуын клиникалық тексеру
Клиникалық ветеринария: несептің химиялық қасиеттері және лабораториялық анықтау әдістері
Несептегі органикалық тұнбаларды микроскопиялық зерттеу: түрлері және клиникалық маңызы
Несептегі индикан, кетондық денешіктер, сірке қышқылы және көмірсутектерді анықтаудың клиникалық-лабораториялық әдістері
Нейрофиламенттер - нерв жүйесі патологиясының белокты биомаркерлері: анықтау әдістері мен клиникалық маңызы
Қандағы билирубин, глюкоза және жалпы белокты анықтау: зертханалық әдістер мен клиникалық маңызы
Малдарда артерия және вена қан қысымын анықтау әдістері мен клиникалық маңызы
Несептегі индикан, кетондық денелер мен глюкозаны анықтаудың химиялық әдістері
Несептің физикалық қасиеттерін зерттеу және несептегі белок пен альбуминді анықтау: ветеринарлық-диагностикалық аспектілер
Несептегі индикан, ацетон (кетондық денелер), сірке қышқылы және глюкозаны анықтаудың лабораториялық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz