Малдың кілегейлі қабықтарын, лимфа бездерін зерттеу және дене қызуын өлшеу
Презентация қосу
Малдың кілегейлі қабықтарын,
лимфа бездерін зерттеу және
дене қызуын өлшеу
Кілегейлі қабықты зерттеу
Көздің кілегейлі қабығын зерттеу үшін, оның
тесігін ашады.Жылқы,қой көзінің тесігін бас
бармақ және сұқ саусақпен, ал сиырдікін екі
қолмен ашады.
Мал мен жануарлар көзінің дәнекер және
кілегейлі қабықтарын көру арқылы зерттегенде
оның үстіне, ылғалдылығына, ісінуіне және
іріңдеуіне көңіл бөлеміз.Сау малдың кілегей
қабықтары ашық-қызыл түсті, сәл суланған,
іріңсіз және ісіксіз болады.Мал ауырғанда
қабықтың түрі өзгереді, яғни қызарады,
сарғаяды, көкшіл және бозғылт тартады.
Кілегей қабықтың гиперемиялық қызаруы
өкпе қабынғанда, сиырдың қатерлі
катаральды ысытпа, шошқаның тілме
ауруында, безгекте байқалады.ал
геморагиялық қызаруы – топалаң, оба
және басқа ауруларда, егер оларда қан
құйылу процесі байқалса кездеседі.
Кілегей қабықтың сарғаюы – малдың бауыры
қабынғанда, уланғанда, тас байланғанда,
қанда паразит торшалары еркін өрбісе, сары
ауруларда еркін байқалады.
Кілегей қабықты тексеру
тәсілдері.
Іс жүзінде кілегей қабықты тексеру өте оңай,ол үшін сәл
де болса тәжірибе жинап алу керек.Жай баппен
тексерген жөн, себебі, кілегеі қабық өте сезімтал ұлпа.
Ауылшаруашылық малдың ең алдымен көз кілегей
қабығын тексеріп, содан соң мұрын, ауыз және аналық
мал қынабының кілегей қабығын зерттейді.
Ірі қараның склерасын тексеру үшін оның басын бұрып
еңкейтеді, сол кезде көздің алмасы төмен түсіп, ол
жақсы көрінеді.
Ірі қараның көзінің кілегей қабығын тексеру үшін бірінші
қолдың бас бармағымен үстіңгі қабықьы, ал екінші
қолдың бас бармағымен төменгі қабықты басды.
Жылқының көзін екі саусақпен, яғни бас бармақпен
төменгі қабықты төмен басып,сұқ саусақпен үстіңгі
қабықты баса ашады.Қой, шошқа, ешкі және иттің көзін
екі саусақпен ашып, оның кілегейлі қабығын ексереміз.
Танау қуысының кілегей
қабығын тексеру
Танау тесігін кеңейту арқылы тексереміз.Ірі және
ұсақ малдардың танау тесігі қуысы өте тар
болады, сондықтан оның алдыңғы бөлігі ғана
көрінеді, ал жылқының танау тесігін екі
саусақпен кеңейтіп,яғни сұқ және орта
саусақтытанау қуысына тығып, сұқ саусақпен
танау танау тесігінің желбезегін көтеріп
кеңейтеді.Осы кезде танау қуысының төменгі
өзегінен пердесі мен кілегей қабығы жақсы
көрінеді.Ауыз қуысынң кілегей қабығын тексеру
үшін басын байлап,қолды ауыздың тіссіз тұсынан
енгізіп,тілін ұстап сыртқа тартып шығару
керек.Сиыр тілін шығару үшін көп күш керек.
Қабыну белгілері.
Кілегейлі қабықтың көкшіл тартуы жүрек және
тыныс алу мүшелері қабынғанда, ауа жетпей
буынғанда, ал бозғылт тартуы қан азайғанда,
кобальт, мыс, темір элементтері мен гипо немесе
авитоминоз В12 дәрумені жетіспегенде
байқалады.Дені сау малдың көзінен аз мөлшерде
жас ағады, ал патологиялық жағдайда оның
мөошері көбейіп,түр-түсі әртүрлі болады.Көздің
кілегейлі қабығы қабынғанда парлап жас ағады.
Көзден жас, танаудан су, ауыздан сілекей және
қынаптан сұйық зат ағуы кілегей қабықтарының
қабынғандығын білдіреді.
Кілегей қабықтан сұйық зат немесе сырқат суы
аурудың түріне,жітілігіне қарай ұйылмалы және
іріңді болып келеді.Ал егер ол жіті түрімен қабынса
одан аққан көз жасы мөлдір сұйық, ал іріңді
қабынуда ол бозғылт қоймалжың тартып
тұрады.Көзден аққан жас бір жақты немесе екі
жқты болып келеді.Көздің кілегейлі қабығынң ісуі
мен оған іріңнің жиналуы- оның қабыеғандығын
білдіреді.Сиырдың катаральды ысытпа, оба және
тауықтың дифтерия ауруында байқалады.Көз
аумағында жара, бөртпелер мен жырылу тағы
басқа өзгерістер болады.
Жылқының қарны қабынғанда ауыз қуысы
кілегейленіп, оның ішінде қатты таңдайдың қабығы
ісіп,салбырап тұрады.Ауыз қуысын ашу үшін тісі жоқ
тұсынан ортан және сұқ саусақпен тілін ұстап,
көреміз.Жылқы тілі өте нәік,қатты күштің әсерінен
үзіліп те кетуі мүмкін.
Лимфа бездерін тексеру.
Ірі және ұсақ малдың беткейлік бездерге, яғни жауырын
алдыңғы, шап және желін үсті бездері, жылқыда- жақ асты,
шап бездері, түйеде- жақ асты, төменгі жақ, жауырын
алдыңғы, шап, тобық қыртысы үстіндегі бездері, итте- шап
безі, ал арық шошқада жақ асты бездері тексеріледі.
Лимфа бездерін зерттеп тексергенде қарау, сипау, қажет
болған жағдайда оларды сылып алу немесе нысаналы тесу
тәсілдері қолданылады, ал оның маңыздысы және
қолайлысы сипау.Зерттеп,тексергенде оның пішініне,үлкен-
кішілігіне, құрылымына, тығыздығына, қозғалғыштығына
және сөл бездерді жауып тұрған терінің қызуына көңіл
бөлеміз.лимфа бездері жұп блады, сондықтан оларды
зерттегенде екеуін бірдей тексеру қажет.Дені сау малдың
лимфа бездері қозғалғыш, тығыз, оны жауып тұрған
терінің қызуы жылы,ал пішіні мен үлкен-кішілігі лимфа
бездеріне және малдың түріне байланысты.
Мал ауруға шалдыққанда, олардың лимфа бездері жалпы және
аумақты болып өзгереді.Денедегі лимфа бездерінің жалпы
өзгеруі туберкулез, лейкоз, тышқақ, қатпа, (су ауру)
ауруларында байқалады, ал оның аумақты өзгеруі мұрын
қуысының, көмекей кілегейлі қабығы қабынғанда, желінсау
және басқа тері аурулармен ауырғанда кездеседі.Мал жақ асты
безін тексеріу үшін, бір қолмен басын, яғни мүйізден
ұстап,жүген немесе ноқтаның алқымынан ұстап, екінші қолмен
сипап тексереді.Жауырын алды безін тесеру үшін малдың
кеудесіне қарап,мойын тұсынан жақындап келіп, бір қолмен
басын ұстап, екінші қолмен жауырын алдын сипай, алға
жылжытып басады.Шап безін тексергенде бір қолмен мықын
төбешігімен төмен және иық буыннан көлденең жүргізілген
сызықтардың қиылысқан нүктесін сипап тексереді.Желін үсті
бездерін тексеру үшін малдың артынан келіп, жартылай отыра,
екі қолды желіннің екі жағынан алға жіберіп, содан соң желін
негізінен екі қолмен өыса отырып, артқа қарай жылжытады.Осы
кезде саусақтарға желін үсті бездері білінеді.Олар жалпақ
дөңгелек немесе бұрынғы (елу тенге) тәрізді болады.Лимфа
бездерінің гиперплазиясында оның құрылымы шектен тыс өсіп
үлкейіп кетеді, мұндай белгі лейкоз ауруында кездеседі.
Дене қызуын
өлшеу(термометрия)
Малдың дене қызуын өлшеу ең қажетті және қарапайым
клиникалық әдіс.Ауырған малдың дене қызуын міндетті түрде
күнде өлшейді де, нәтижесін аурудан айыққанша тіркеп
отырады.Малдың дене қызуын тік ішекте,ал құстарда
клоакада анықтайды.
Дене қызуын анықтау үшін шкаласы Цельсий бойынша 34-тен
42градусқа дейін бөліктеген, әр бөлігінің арасы 0,1 С тең сынапты
термометрмен өлшейді.Термометрдің сынап бағанасы тиісті
деңгейге жеткеннен кейін сол деңгейде, сілкіп төмендетпейінше,
сақталынып тұрады.Дене қызуын анықтау үшін
электротермометр де қолданылады, ол тез арада және нақты
анықтап береді.Өлшейтін термометр зарарсыздандыратын сұйық
(1% лизол немесе фенол) құйылған ыдыста сақталынады.Дене
қызуын өлшеу алдында термометрді сілкіп, сынап бағанасын
төмен түсіреді, содан соң вазелинмен майлап, тік ішекке жайлап
бұрап енгізіп, онда 10 минутке қалдырады, термометр жерге
түсіп сынбас үшін, оны құйрықтың түбіне Нагорскийдің
қысқышымен қыстырып бекітеді.Белгілі уақыт өткен соң,
термометрді алып, сүртіп, оның көрсеткішіне қарайды.онда
көрсетілген санды жұмыс құжатына жазады.
Дені сау малдың дене қызулары
мынандайаралықтарда болады:
Мүйізді ірі қарада 37,5-39,5
Ұсақ малда – 38,5-40
Жылқыда – 35,0-38,6
Түйеде – 35,0- 38,6
Шошқада – 38-40
Итте – 37,5-39
Құстарда – 40,5-42
Паталогиялық әсерлерге
сезімталдығы
Паталогиялық әсерлерге байланысты малдың дене қызуы түрлі
бағытта өзгереді-көтерілуі(гипертермия), төмендеуі(гипотермия)
немесе қызба (лихорадка)түрінде өтулері мүмкін.
Гипертермия- дене қызуының қалыптан тыс көтерілуі.Бұл қызбаның
негізі, айқын белгісі б.т.Дене қызуының көтерілуі, деңгейіне
байланысты былай бөлінеді:
Субфебрильді (шамалы)-10С дейін
Фебрильді(орташа)2 ⁰С дейін
Пиритикалық (жоғары) 3 0 С дейін
Гиперпиритикалық (өте жоғары) 3 0 С дейін
Септикалық және зілді түрде өтетін індетті ауруларда дене қызуы
жоғары не өте жоғары деңгейге көтеріледі.Фибрильді түрі, көбінесе
крупозды пневмонияда, сақауда, тұмауда, ал субфебрильді түрі-
плевритте, микробронхитте, фарингитте, энтеритте, колитте және
басқа да ауруларда кездеседі.
Гипотермия-дене қызуының қалыптан тыс төмендеуі.Бұл организмнің
қарсылық күштерінің белгілері.
- Субнормальды – 1 0 С төмен
- Жай коллапс – 2 0 С төмен
- альгидті коллапс – 3-4 градусқа төмен түсіп кетуі.
Қызба
Қызба- организмнің патологиялық қоздырғыштар әсеріне қорғаныс
жауабы ретінде жылу алмасу құбылысының өзгеруінен дене қызуының
көтерілуі.Қызба, организмнің қорғаныс реакциясы ретінде иммундық
процестерді қуаттандырып,іске қосып, аурудан айықтыруды тездететін
процесс.Қызба, өтуіне байланысты мынандай негізгі типтерге бөлінеді:
-Тұрақты қызба- febris continua бірнеше тәулік не бір апта бойы дене
қызуы орташа не жоғары деңгейде болып, тәуліктік ауытқуы 1 0 С
аспайды:
-Босаңқы қызба- febris remittens тәуліктік ауытқуы 1 0 С дан жоғарылауы,
бірақ қалыптыға жетпейді.Қызбаның бұл түрі көп кездеседі:
-Айнымалы қызба-febris intermittens қысқа мерзімге, бірнеше сағатқа 1 0С
дан жоғарылау көтеріліп(параксизм)қайтадан қалыпқа келіп тұрады
(апирепсия) ұзақтылығы 1-3 тәулік.Қызбаның бұл түрі індетті анемия мен
су ауруына тән белгі:
-Қайталанатын қызба-febris reccurens бірнеше тәулік бойы қызба жоғары
деңгейге дейін көтеріліп қайтадан қалыпқа, кейде одан да төмен түседі,
осындай процесс заңдылық түрінде қайталанып тұрады.Қызба тез арада
көтеріліп және қалыптасып тұрады:
-Келеңсіз қызба-тәулік ауытқуы әртүрлі, көтерілуі, ұзақтығы белгілі бір
заңдылыққа жатпайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz