Микоплазмалы пневмония


Slide 1

Кеуде мен құрсақ қуыстары ағзаларының рентген сәулесімен анықтау

Орындаған :

Тексерген :

Slide 2

Ветеринарияда бұл зерттеу әдістерінен басқа флюрография да кеңінен қолданылады . Сонымен бірге, аурудың түріне, асқынуына байланысты -бронхография, рентгенокимография және томография сияқты әдістер де пайдаланылады.

Slide 3

Ірі қара малдарды рентген сәулесімен зерттеудің алдында 12 сағатқа дейін ашықтырады, анамнездік және клиникалық мәліметтерімен танысады . малдарды рентгенді зерттеу кезінде арнайы бағанаға бекемдеп байлайды . Жуас жылқылар мен сиырларды, ұсақ малдарды байламай-ақ зерттеуге болады . Рентген түтікшесін орналастырғанда орталық сәуле шоғыры көкірек тұсының сегізінші мен тоғызыншы қабырғалар ортасына түсу керек . Түтікше кеуде қуысынан 15-20 см қашықтықта тұруы қажет, ол ірі малдардың өкпе жазығын 5-6 қабырғадан 15-16 қабырғаға дейінгі жазықтықтан көрінуін қамтамасыз етеді . Түтікшеден пайда бол. ан рентген сәулелері көкірек қуысының сол жағынан оңға немесе оң жағынан солға қарай өтіп, өкпенің оң және сол бөліктерінің рентгендік көрінісін береді .

Slide 4

Өкпе және плевра қабынуының рентгенологиялық диагностикасы

Көлеңкеленуі

Жарықтануы

Slide 5 Slide 6

Бронхоэктаз ауруы - орта және кіші бронх қуыстарының патологиялық кеңейуі және бронхтардың іріңді қабынуымен жүретін полиэтиологиялық ауру. Бронхылардың локальді кеңеюі, көбінесе созылмалы бронхит пен пневманияда, аталектазда, абсцесте, өкпе гангренасында және т. с. с . жағдайларда кездеседі . Бронхы кмоторикасы бұзылса, бронхы қабырғалары мен қоршаған ұлпа дегенеративті өзгеруінен -бронхоэктазия пайда болады.

Slide 7 Slide 8

Үй жануарларының бронхысының тарылуы (бронхостеноз ) немесе толып қалуы әртүрлі жағдайда туады . Көбінесе бронхылар сілекейлі тығынмен жабылып қалады . Ол тығын А-витаминозды бронхитпен, бронхопневманиямен ауырғанда шырыш пен эпителиден құралады . Бронхының бекітілуі немесе тарылуы бөгде заттың иниспирациясынан, ұйыған қан бөлшектерінің түсіп кетуінен, лимфа түйіндерінің ұлғайып бронхыны қысып бастағанынан, ісіктен, дәнекер ұлпалардың ұлғаюынан туындайды .

Slide 9 Slide 10

Бронхит - бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.

Slide 11

Пневмония (гр. pneumon - өкпе), өкпе қабынуы - өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.

Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 - 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады.

Slide 12

Микоплазмалы пневмония

Микоплазмалар химиялық құрамы бойынша бактерияларға, ал өсіп-өну мүмкіншілігін ескергенде, вирустарға жақын. Ол бұрын атипиялық пневмония деп аталып келген аурудың қоздырушысы болып саналады.

Микоплазмалар эпителий жасушаларының ішінде көбейіп, оларды дистрофиялық өзгерістерге душар етеді, олардың цитоплазмасы бояулармен әлсіз боялып, көбіктеніп тұрады. Осы клеткалар кейінірек альвеола ішіне көшіп түсе бастайды. Олардың айналасында нейтрофилді лейкоциттер, эритроциттер топталып қабыну ошағы пайда болады. Қабыну сіңбесінің аралық ұлпасында көбеюі осы инфекция үшін өте тән құбылыс. Қабыну ошақтары майда, бірақ қоңыр-қызыл түсті болады. Оларды ателектаз және эмфизема ошақтары қоршап жатады. Микроплазмалы пневмонияға әдетте вирусты немесе бактериялы инфекциялар қосылып аралас инфекциялы пневмония дамиды.

Slide 13

Плеврит - плевраның қабынуы, үй жануарларында көп кездеседі . Плевриттер пайда болу жағынан - екінші тұрған, өкпенің әр түлі зақымдануынан туындайтын ауру .

Паталогиялық құбылыстың сипатына қарай плеврит-

Slide 14

Назарларыңызға

рахмет


Ұқсас жұмыстар
Гриптен болған пневмониялар
Өкпенің жедел қабыну аурулары
Пневмония мен ауыратын науқасты оқыту
Синтетикалық заттар
СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ
Пневмониялардың жіктеуі
Тыныс алу жүйесінің протозойлы инфекциялары. (Пневмоцистті пневмония)
Астмоидты тыныс
Құрсақішілік инфекциялар
Қақырық түсіретін заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz