Жүрек - қантамыр жүйесі аурулары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары. Миокардиттер

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Дамуы.

2. 2. Өлекседегі өзгерістер.

2. 3. Белгілері.

2. 4. Барысы.

2. 5. Емі.

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

І. Кіріспе

Миокардит (myocarditis) -жүрек бұлшық етінің қабынуы. Миокардиттің мынадай клиникалық түрлерін айырады: барысы бойынша - жіті және созылмалы; аурудың таралуы бойынша - шектелген және жайылған; пайда болу себептеріне байланысты -тікелей және қосалқы түрлерін.

Себептері. Жүрек етінің қабынуы - көбінесе басқа індетті паразиттік және жұқпайтын ішкі аурулардың асқыну салдарынан пайда болатын қосалқы дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін (микоз, микотоксимоз) . Жұқпайтын аурулардың ішінен тікелей миокардитті асқындыратын аурулар мыналар: жүрек қабының қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның қабынуы, өкпенің қабынуы, азықтармен уланулар.

Slide 4

Сурет-1. Миокардитке шалдыққан жүректің гистологиялық көрінісі

Slide 5

Дамуы. Жүрек етінің қабыну процесі организмде орын алған негізгі аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустарының шығарған уыттарының жүрек етіне әсер етуі зардабынан пайда болады. Аурудың алғашқы кезінде жалқықтану процесі басым болып, жүрек етінің орталықтары домбығады, сонан соң оларда өзгеріс-ұлғаю (альтерация-пролиферация) процестері басталады. Г. В. Домрачевтің мәліметі бойынша жіті миокардит екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңінде жүрек еттерінде әлі айтарлықтай өзгерістер байқалынбайды, тек қабынудан пайда болған жат және басқа да түрлі уытты заттар миокард рецепторларын (сезімтал нервтерін) қоздырып, жүрек қызметін күшейтіп, жеделдетеді. Жүрек қызметінің тездетілуі артериядағы қысымды күшейтіп, қан айналысын жеделдетеді. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қажуына байланысты миокардтың қоректенуі жеткіліксізденіп - азғындау (дистрофия-дегенерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым азайып, қан айналысы баяулайды. Осы кезеңде ентігу, көгеру, ісінулер пайда болып, бірінші кезеңдегі аурудың барысы мен салыстырғанда жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылғандығы айқынырақ білінеді.

Өлекседегі өзгерістер. Миокардиттің даму түрлері, көпшілігінде негізгі аурулардың ерекшеліктері мен өту жайына көп байланысты болады. Алдыңғы жалқықтанудың басым болған кезеңінде, жүрек етінің домбыққандығы, кесіп қарағанда түсінің қызғылттанып, кейде теңбілденіп, қанталағаны көрінеді. Қоректенуі бұзылып азғындаған кездерінде (дамудың екінші кезеңінде) жүрек еті бозарады, бұдырланады, кесіп қарағанда өзіне тән кескіні жойылады. Азғындағаны айқын білінгенде жүрек етінің түсі піскен етке ұқсап божырап, ыдырағыш келеді. Жүрек етін аурудың әр түрлі кезеңдерінде гистологиялық әдістермен зерттегенде, өзгерістер ет талшықтарында, миокардтың дәнекер ұлпаларының тұлғасында, тамырларында жане жүйкелерінде болатыны айқындалынады. Ет талшықтарында, көбінесе, ағзатталынған немесе майланған азғындау, дәнекер ұлпаларында ісік - негізі заттардың бұзылып өзгеруі, лимфа түйіршіктерінің (лимфоцит), кезген торшалардың, кейде түйір лейкоциттердің (гранулоцит) шоғырлануы көрінеді. Тамырлардың өзгеруі оның төңірегіне инфильтраттың (клеткалық элементтердің, қанның, лимфаның ұйысуы) жиналуымен, майда тамырлардың қабырғалары гиалиноздануымен (шыны тәрізденіп жылтырауы), кейде тамырдың ішінде қанның ұйыумен (тромб) бейнеленеді.

Slide 6

Сурет-2. Миокард бұлшықеттері

Slide 7

Белгілері - аурудың даму кезеңдерінде, басты аурулардың өту жайы мен барысына байланысты болады. Дененің қызуы, дағдылы түрде көтеріледі. Мал самарқауланады. Азыққа тәбеті төмендейді немесе тартпайды. Малдың өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді. Жіті миокардиттің дамуының бірінші кезеңінде жүрек соғуы жиілейді, қосымша жиырылу пайда болып, тамыр толқыны үлкейеді, жүрек тұсын тексергенде ауырсынады, жүректің түрткісі күшейіп, кейде қатты қағып кетеді, жүрек дыбыстары, әсіресе, бірінші үні күшейеді. Артерияда қысым көтеріліп қан айналысы тездетіледі. Клиницистердің көпшілігінің мәліметтері бойынша жіті миокардиттің дамуының алдыңғы кезеңінде электрокардиограмма (ЭКГ) Р, R әсіресе Т кертештері күрт биіктейді. PQ мен QT аралықтары қысқарады, кейде ST бөлігі білік бойы орнынан жылжиды. Келтірілген жүрек қызметіндегі өзгерістер миокардтың әлі де болса зақымданып, жұмысының күшейіп, ширақ істеуін байқатады. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қоректенуі бұзылып - азғындауына байланысты, ылғи да жүрек қызметінің жеткіліксіз жұмыс істейтінін көрсететін негізгі белгілері: ентігу, көгеру, ісіну және жүрек жиырылу ырғағының бұзылғандығы болып табылады. Жүрек ырғағының өзгеруі, көбінесе қарыншалардың қосымша жиырылуы, құлақшалардың дірілдеуі, кей кездерде Гис тармағының аяқтарында бөгелістер пайда болуы, құлақшалар мен қарыншалар аралығында жартылай не толық бөгелістердің болуы арқылы білінеді. Тамыр соғуы бәсеңдеп, оның толуы азаяды. Жүрек түрткісі әлсірейді. Жүрек дыбыстарының бірінші үні күшейеді, кейде екіге бөлінеді немесе жарықшақтанады. Жүрек дыбыстарының екіге бөлініп не жарықшақтануы, ең алдымен, жүрек етінің импульс өткізгіш жүйесінің ауруға шалдыққандығының немесе жүрек қарыншаларының біреуінің қызметі нашарлағандығының белгілері болып есептелінеді. Жүрек дыбысының екінші үні бәсеңдейді, себебі, қарыншалар әр жиырылған сайын жиырылу жылдамдығының бәсеңдеуімен бұлшық етінің жиырылу қабілетінің әлсірегендігінен қолқаға қанды әдеттегіден кем өткізеді де, соның салдарынан артерияда қысым азаяды. Жүрек етінің құрылымы қатты бұзылғанда шоқырақ ырғағы, эмбриокардия пайда болады немесе дыбыстары күрт бәсеңдеп, екі үннің екеуі де көмескіленеді.

Slide 8

Бәсеңдеген және көмескіленген үндер көбінесе, жүрек етінің жайылма түрінде зақымдалғанын көрсететін белгілер. Миокардиттің дамуының екінші кезеңінде, көбінесе, жүректің ішкі, астар қабына қатысы бар ағзалардың қызметтері нашарлағанынан - қарыншалардың кеңеюінен, құлақшалар мен қарыншалардың аралықтарындағы қақпақшалардың кемістігінен және қарыншалардың қолқаға не өкпе артериясына шығатын тесіктерінің бұлшық еттерінің серпіліс күші әлсіреп, кеңейіп кетуінен шығатын ішкі қабыттық (эндокардиалды) шуылдар пайда болады. Жүрек еті жайылмалы түрде азғындап өзгергенде, кейде тамыр соғысында ырғақсыздық пайда болады. Жүрек қызметіндегі кемшіліктер дамыған сайын артериядағы қысым азайып, венадағы қысым көбейеді, сөйтіп қан айналысы бәсеңдейді, лобелин немесе цитотонмен сынағанда қан ағымының жылдамдығы ірі малда 35-45 секундке дейін азаяды (В. Т. Мухин, Н. З. Обжорин, Н. Р. Семушкин т. б. ) . Жіті миокардиттің дамуының екінші кезеңінде электрокардиограммада кертештердің QPs жиынтығының биіктігі біраз кішірейеді. Ол жалпақтанады және түрі өзгереді, Т кертеші қаттырақ жалпақтанады, PQ және QT аралықтары ұзарады, ал ST бөлігі білік бойы жылжиды. Аурудың осы даму кезеңіндегі өзгерістері жүрек етінің бұзылып - азғындауының дәлелі болып саналады. Еске сақтайтын бір жайт, миокардпен ауырғанда әр түрлі дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелердің - өкпе мен бауырдың, бүйректердің, ас қорыту жүйесінің қызметтері бұзылады. Олар ентігу, көгеру, тері мен кілегей қабының сарғаюы, несептің аз шығуы, ісіну, ас қорыту процесінің бұзылуы белгілерімен көзге түседі. Барлық жағдайда да жүйке жүйесінің қызметі өзгереді. Қанды тексергенде, ядросының ығысуы регенеративті немесе дегенеративті түрде кездесетін дақты (нейтрофилді) ақ қан түйіршіктері көбейеді, сонымен қатар, ылғи да аллергия текті (сезімталдықтың күшеюінен болатын) ауруларына тән белгілер - эозинофилдер көбейеді.

Slide 9

Сурет-3, 4. Миокардқа ұшырыған жүрек ЭКГ-сі

Slide 10

Барысы. Жіті миокардиттің барысы көп жағдайда негізгі аурудың өтуіне не ұзақтығына байланысты, бірнеше күнге немесе жетіге созылады. Ауыр өткен жағдайда жіті миокардит не жүректі салдандырып өліммен бітеді, не миокардиофиброзға (миокардиосклерозға) айналып, малдың өнімділігін және жұмысқа қабілеттілігін толық жояды. Анықтау. Аурудың өту кезеңдерінің тән белгілеріне негізделінеді. Ауруды анықтауда (жүректің биотогын жазу) маңызы өте зор, өйткені ол әдіс арқылы аурудың өту кезеңдері туралы толық, анық мәліметтер алып, болжамы туралы да дұрыс пікір айтуға болады. Миокардитті анықтау үшін оның атқаратын қызметін сынайтын (функциональная проба) әдіс қолданылады: малды шамалы желілейде де, жүрек соғысын мұқият тексереді. Миокардитпен ауырса, желіленгеннен кейін де, жүрек етінің рецепторлар аппаратының (сезімтал нервтердің қабылдаушылық қасиеті) қатты қозғыштығының дәлелі ретінде, жүрек соғысының жылдамдығы 2-5 минутке созылады. Саралау. Миокардитті перикардиттен, эндокардиттен және миокарцоздан ажырата білу керек. Аурудың болжамы. Миокардитте болжам, көбінесе аурудың смпаты мен өту жайына байланысты. Кей уақытта, негізгі ауруды ерте анықтап, нәтижелі ем қолданса, миокардиттен толық сауығып кетеді. Кей жағдайда негізгі аурудан емес, миокардиттің ауыр өтетін түрінен өліп қалуы мүмкін. Көбінесе, миокардит миокардиогенерацияға, миокардиофиброзға (миокардиосклерозға) айналып, малдың өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін азайтумен бітеді.

Slide 11

сиыр

Сурет-5. Миокардитке шалдыққан сиыр

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Махаматиллаева Умида
Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ
Жүрек тамыр аурулары
Жүрек - қантамыр ауруларды диагностикалау
ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ. ҚАН АҒАТЫН ТҮТІКШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
Жүрек шаншуы
Жүрек пен өкпе
АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz