Артерия тамырлары қысымын анықтау




Презентация қосу
АРТЕРИЯ ЖӘНЕ ВЕНА
ҚАН ҚЫСЫМЫН
АНЫҚТАУ
Артерия тамырлары қысымын анықтау.

Қан тамыры қысымын анықтаған кезде мал
тыныш тұруы қажет. Ол үшін сфигмоманометр
аспабын қолданып, қан шығармай анықтайды.
Бұл аспап сынап бағаналы немесе серіппелі
манометрмен, ауа қапшығымен және жел үргіш
допшамен жалғасқан.
Ірі малдарда қан қысымы орталық құйрық тамырында, ал ұсақ малдарда
иық немесе сан тамырларында анықталады. Бұл жерлерге ауа қапшығын
бекіткенде аралығынан саусақ өтетіндей болу керек.
Ең жоғарғы және төменгі қан қысымын
анықтау үшін осциляторлы, графикалық және
сипау тәсілдерін қолданады.

Сипау тәсілі – тек жоғарғы қан қысымын
анықтауға мүмкіншілік береді. Себебі саусақпен
қан тамырын басып, ауа қапшығындағы ауаны
жібергенде ондағы ауа қан қысымынан төмен.
Сондықтан да бұл тәсілді өте аз қолданады.
Осциляторлы тәсіл – ең бірінші ауа қапшығына допшамен ауа
үрлейміз. Оның қысымы қан тамыры қысымынан жоғары болуы тиіс,
сосын біртіндеп түтікшені босату арқылы ауаны шығарамыз.
Монометрдің көрсеткішіне назар аударамыз, көрсеткіштің алғашқы
қимылы орталық құйрық тамыр соғуының пайда болғанын білдіреді.
Артерия тамырының ең жоғарғы қан қысымын көрсетеді. Ал
көрсеткіштің қозғалуының тоқтауы төменгі қан қысымының
көрсеткіші болып табылады. Жоғарғы және төменгі қан қысымының
айырмасы – қан тамырының соғуы деп аталады.
Осцилографпен қағазға жазып, систолода және диостолада көлемінің
қысымы арқылы артерия тамырының соғу жиілігін, ырғағын анықтауға
болады. Ауа қапшығы тола бастағанда қан тамырын қысып тұрған уақытта
осцилограф соғу дүрсілін жазса, ол сол қан тамыр жиегінің дүрсілі болып
есептелінеді. Егер ауа қапшығындағы желді жіберсе, онда қозғалыс
систолалық болып есептеледі.
Ауа қапшығының ішіндегі жел азайған сайын қозғалыс үдей түседі, ол
орта қан қысымы, ал монометрдің көрсеткіші азайған кездегі көрсеткіш
диастолалы қысым болып табылады. Жазба тәсілі – жазу үшін 2 аспапды
қолданады. Сфигмограф – қозғалысты жазу үшін, сфигмотонограф –
қысымды өлшеу.

Осцилограф
Артерия тамырының қысымы малдың жасына, жұмыс істегеніне,
көп қозғалуына, азық қабылдағанына байланысты өзгереді.
Көбінесе төменгі қан қысымы таңертең болады, оны негізгі қан
қысымы деп атайды. Ауру малдарда артерия тамырының
жоғарылауы (гипертония) жануарлар қатты қиналып ауырғанда, ауа
жетіспеген кезде, ол кезде диастолды қан қысымы ұлғая түседі. Бұл
қолқа айшық қақпақшасының ақауында, қан азайғанда байқалады.
Ауру малдарда артерия тамыры қысымының төмендеуі
(гипотония), көп қан кеткенде коллапсте, миокардитте, індетті
ауруларда болады.
Ал систолалық қан қысымы азайып, диастолалық қан қысымы
өзгеріссіз қалуы жағдайлары перикардитте, миокардитте, қолқа тесігі
тарылғанда байқалады. Төменгі қан қысымының төмендеуі жиі
індетті ауруларда болады.
Вена қан тамыры қысымын өлшеуді
(флеботонометрия) нақты қан шығару тәсілімен
жүргізеді. Күре тамырдың тұсын қан алған кездегідей
спирттелген дәкемен сүртіп, йодты спиртпен тағы да
сүртеді. Флебоосцилометрдің резеңке түтікшесі мен
инесін қайнатып, флеботонометрдің көрсеткішін (0) ноль
санына қойып, 1% натрий цитратына толтырады. Инені
күре тамырға енгізгеннен соң, оны резеңке түтікше
арқылы монометрге жалғайды. Мал тынышталған кезде
вена қан тамыры қысымын су бағанасы бойынша
анықтайды (мм). Вена қан тамыры қысымы жоғарылауы
жүректің оң жақ қақпақшасы ақауында, өкпе ауруында
кездеседі. Ол ірі қара мал перекардит ауруына тән
жағдай.
Вена қан тамыры қысымының төмендеуі жүрек
ақауларында, қан азайғанда, уланғанда кездеседі.

Ұқсас жұмыстар
Адамның тамырлар жүйесі
Тамырдың соғуын анықтау
Жүрек және қан тамыр неврозы - жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы
Қан қысымы
Жүректің бəсең атимпаниялық дыбысы журектің өкпелер жауып тұратын жерін перкуссиялағанда шығатын дыбыс
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі
Адам қан тамырлары
Ерекшеліктеріне байланысты қылтамырлардың бөлінуі
Жүрек тамырлар
Қанды ұйытатын қан жасушалары
Пәндер