Балықтардың түсі оның себептері




Презентация қосу
Балықтардың түсі оның себептері

Орындаған: Абай Әділбек РХ 17/01
Қабылдаған:б.ғ.к., доцент Бірлік-Бай
Жоспары:
1.Кіріспе. Балықтардың түсі оның себептері
2.Негізгі бөлім.
2.1. Балықтардың түсінің түрлері
2.2. Қорғаныштық және үйір түс жайлы
3.Қорытынды. Балықтардың түсінің маңызы және
олардың реттелу механизмі
Балықтардың түсін – балық терісіндегі пигментті
клеткалар(хромотофорлар) мен лейкофорлар қамтамасыз етеді.

1.Эпидермис
2.Дерма
3.Теріасты талшық
4.Бокалтәрізді жасушалар
5.Дөңгелек жасушалар
6.Колб тәрізді жасушалар
7. Пигментті клеткалар

Пигмент клеткалар кездесетін орнына сәйкес мынадай болып бөлінеді:

Периневральд Периваскулярл Перицеломд
Дермальды
ы ық ық
Олардың негізгі болатын жерлері дерманың субэпидермальды және
дәнекертканьнің субкутанеальді қабаты.
Хромотофорлар
МЕЛАНФОРЛАР – көптеген бұтақтары
бар,жұлдыз тәрізді клеткалар. Мысалы:
мөңке балығының меланфоры.
Меланфорлардың құрамында
меланинның қоңыр, қара немесе қаракөк
түйіршіктері болады. Пигмент
түйіршектерінің орын ауыстыруы
нәтижесінде балық түсі айшықтала
береді. Түйіршіктердің плазмадағы орын
ауысуы өте жіңішке өзекшелермен
симпатикалық нервтен басталатын жүйке
талшықтарының әсерімен іске асады.
Меланин қиын еритін белок зат.
КСАНТОФОРЛАР - балық терісінде меланофорлар сияқты әдетті, тіпті
құрылысы да бірдей. Пигмент түйіршіктері майда және түскен
жарықта, тереңдігіне сәйкес ашықсарыдан қоңыр қызғылтсарыға дейін
боялған. Ксентофорлар тығыз орналасқан жерлерде әдеттегі сары түстен қызыл
түс пайда болады (мыс, Кегорһіз тасиіаіе). Химиялық түрғыдан ксантофорлардың
пигментті түйіршіктері липохромдарға жатады; ол күшті алкогольде, күкірт
эфирінде және т.б. майларды ерітетін заттарда ериді. Осмий қышқылында қараяды,
күкірт қышқылы оларды көк түске бояйды. Жарықта липохром тез оңады.

Ксантофорлар
ЭРИТРОФОРЛАР, қызыл пигментті клеткалар -
сирек кездеседі. Көбіне экзотикалық балықтарда
болады және дененің барлық жерінде бола бермейді.
Клетканың күрылысы меланофорларды еске салады,
себебі, оның бүтақтарының формасы тұрақты, бірақ
ядросы көбіне біреу; оның есесіне пигмент
түйіршіктерінің тығыздануы мен кеңеюі қас-қағымда
іске асады. Липохромдарға жатады.
Лейкофорлар , гуанофорлар немесе иридоциттер
- балықтардың түсі үшін өте маңызды.
Меланофорлардан бұл клеткалардың айырмашылығы
бүтақтары жоқ, пішіні көпбұрышты немесе доғал
және ядросы тек біреу. Клетка «шекарасы» анық емес,
бірақ басқа хроматофорлар сияқты
оның түйіршіктерінің орын ауыстыруы клетка ішілік
ағыспен іске асады. Түйіршіктер жарықтың түсу
ерекшелігіне сәйкес сарғыш немесе көкшіл гуанин
болады. Гуанин пуринді негіздерге жатады. Ол суда,
спиртте, эфирде және сірке қышқылында ерімейді
Қорғаныштық түс
Балықтарға қорғаныштық түс тән, Бұл балықтардың тіршілік ортасына сай, оларды
байқалмайтындай етеді. Ол пигменті клеткалардың әртүрлі комбинацияларынан
пайда болады..Пелагикалық балықтардың арқасы қоңыр, бауыры ақшыл
болады.Балықтардың түсі түрақты емес, ол сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен
өзгеріп тұрады. Түстің өзгеруі балықтың жасына,жынысына, денсаулығына
байланысты. Көптеген бұзаубас балықтардың түсі көбею кезінде қараяды.Камбала
тіршілік ортасына қарай түсін өзгертеді. Балықтардың түсінің өзгеруі
хроматофордағы пигментердің жиырылуы және жайыла алатындығынан.Бұл процесс
жүйке жүйесі арқылы іске асады.Көпшілік балықтардың төмендегідей негізгі
түстерін ажыратады.

Балықтарда ерекше үйір түсін ажыратады. Ол особтардың
үйірде өзара бағдарлауын жеңілдетеді. Бүл түс бір немесе
бірнеше дақ түрінде балықтың бүйірі немесе арқа
қанатында, немесе дененің ұзына бойына қоңыр жолақ
түрінде болады

Балықтардың үйірлік түстерінің типтерінің:
А-амур гольяны (Рһохіnus ladowskii); Б-тікенекті
кекіре шабағы) (Асаnthorhodeus asmussi); B - пикша
(Melanogrammus aeglefinus).
Соқыр балықтар түсін өзгерте алмайды. Балықтардың
некелік түсі гипофиз және жыныс бездерінің әсерінің
нәтижесі.Көпшілік балықтардың төмендегідей негізгі
түстерін ажыратады:

Пелагикалық түс - арқасы көкшіл немесе жасылдау, бауыры
мен бүйірлері күміс түстес (майшабақтар, анчоустар, үкі-
шабақтар, т.т.).

Шөпгесінді түс - арқасы қоңырлау, жасылдау немесе
сарғыштау, әдетте бүйірінде көлденең жолақ немесе өрнек
болады. Қалың шөпті немесе маржанды рифтердің
балықтарына тән. Мысалы: тұщы судағылар - кәдімгі
алабұға, шортан, т.т., теңіздегілер - теңіз таутаны-
скорпена,губандардың көпшілігі, маржан балықтары, т.т.

Су түбінің түсі - арқасы мен бүйірі қаралау, кейде бүйірінің
түсі онан да асқан өрнекті қара болады, ал бауыры ақшыл
(камбала, албырттың және хариустың шабақтары, т.т.)

Ұқсас жұмыстар
Сүттің органолептикалық көрсеткіштері
Сауытты балық
Балықтар туралы
Балық түрлері
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ
Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде
МАЙШАБАҚТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Тұздалған балық
Балықты еріту
Сүйекті балықтардың отрядтары
Пәндер