НЕСЕП МӨЛШЕРІ



Несептің физикалық қасиетін анықтау. Несептегі белокты және альбумозды анықтау

Жоспар: 1. Несеп дегеніміз не? 2. Несептің химиялық және физикалық құрамы 3. Зәрдің патологиялық құрамдары

Несеп, зәр - бүйректен сүзіліп өткен қаннан түзілетін зат алмасу процесінің өнімі.
Зəрдің түзілуі
Зəрдің түзілуіне нефрондар бөлігінің бəрі де қатысады. Бұл кезед мынандай үш процесс болады :
Фильтрация
Реабсорбция
каналдық секреция
Зəрдің түзілуі бүйрек шумағында басталады. Қан бүйрек шумағы арқылы өткен кезде оның сүзілуі нəтижесінде зəрдің алғашқы түрі жедел түзіле бастайды. Əрі қарай фильтрат бүйрек каналшалары жəне жинаушы түтікшелер арқылы өте бастайды. Осының нəтижесінде фильтраттың құрамы айтарлықтай өзгереді.

Химиялық құрамы
Сүтқоректі жануарлар зəрінің 96% су, 4% құрғақ зат: 150-ден астам күрделі қоспалардан: органикалық зат алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатинин, қымыздық қышқылы), минералды тұздар, әр түрлі улы заттардан тұрады. Құрғақ заттың ішінде органикалық қосылыстар 2, 5% минералдық заттар 1, 5%. Бір тəулік ішінде бөлініп шығатын зəрдің жалпы мөлшеріне қарамай, онымен бірге шығатын заттардың мөлшері орта есеппен біршама тұрақты болады. Сондықтан да организмдердегі зат алмасуға сипаттама беру үшін бір тəулікте бөлініп шығатын зəрдің жəне зəрмен бірге шығатын əр заттың мөлшерін білу қажет.

Қалыпты жағдайда Несептің түсі ақшыл сары, мөлдір болады. Меншікті салм. 1, 001 - 1, 040 аралығында болады және ол Несептің құрамындағы тығыз заттарға байланысты. Ересек адам организмінде тәулігіне 1000 - 1800 мл Несеп түзіледі. Несептің физикалық-химиялық құрамы сыртқы орта факторларына (ауа температурасы, ылғалдылығы, физ. белсенділік, сұйықтық ішу және тамақтану тәртібі) байланысты болады. Тағамда ақуыз көп болса, Несеп қышқылды, өсімдік тектес тағам көп болса - әлсіз сілтілі болады; Несептегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы әр түрлі несеп тас ауруларына шалдықтырады.
Несептің физикалық-химиялық құрамының өзгеруі жалпы организмде, атап айтқанда, кейбір органдар қызметінің бұзылғандығын көрсетеді. Мысалы, Несепте ақуыздыңболуы адамның бүйрек қабынуына ( Нефрит), қуық қабынуына (қ. Цистит), қанттың көп болуы - диабет ауруларына шалдыққандығын білдіреді;

Зəрдің патологиялық құрамдары
Зəрдің патологиялық құрамдас бөлігіне глюкоза, ақуыздар, кетондық денелер, өттің пигменттері жəне қалыпты нормадағы зəрде өте шағын мөлшерде кездесетін басқа да бірқатар заттар болады.
Глукозурия
Глукозурияда жаңа бөлінген зəрде 0, 355 ммоль/л шамасындай глюкоза болады. Ал глюкозурия (глюкозаның көбейген кезі) кезінде зəрдегі глюкоза мөлшері кенеттен көбейіп кетеді. Сөйтіп 33, 3-66, 6 ммоль/л шамасына дейін жетеді. Мұндай жағдай адамда жəне жануарларда анестезиядан кейін, немесе ішкі сезім билегенде жəне қант диабеті ауруы кезінде байқалады.

Протеинурия (альбуминурия)
Бұл кезде қалыпты нормадағы зəрде ақуыздар өте мардымсыз мөлшерде (альбумин, муцин) ғана кездеседі. Кейбір сырқаттар кезінде зəрде сарысулық альбумин пайда болады. Протеинурия құбылысы бүйрек қабынып ауырған (нефрит) кезінде, жүрек жұмысы бұзылған кезде байқалады. Мұндай сырқаттар кезінде қан ішкі мүшелерде тоқтап тұрып қалады. Организм əр түрлі улануға ұшыраған кезде, сол сияқты ауыр жұқпалы ауруға шалдыққанда байқалатын, эритроциттердің көп мөлшерде жедел ыдырап бұзылуы (гемолиз) кезінде зəрде гемоглобин мен метгемоглобин пайда болады.
Кетонурия
Кетонурия - зəрмен бірге айтарлықтай мөлшерде ацетон, ацетосірке қышқылы жəне ß-гидроксимай қышқылының бөлінуі. Қант диабеті кезінде тəулікте 50 г мөлшеріне дейін ацетон бөлінеді, ал жоғарыда аталған екі қышқыл 50 г, тіпті одан да көп мөлшерде бөлінеді.

Өт пигменттері
Қанда билирубин көбейген кезде ол зəрде де көбейіп кетеді. Өт жолы бітеліп қалған кезде жəне кейбір бауыр аурулары (сары ауру) кезінде билирубин қанға сіңеді де бір бөлігі зəрмен бірге бөлініп шығады.
Зəрдің патологиялық құрамдас бөлігіне осылармен қатар зəрдің тұнбалары, бірігіп қатайған бөліктері жəне зəр тастары ураттар жатады. Ондай заттар көбінесе зəр қышқылы мен оның тұздарынан, оскалаттардан, фосфорқышқыл кальцийден тұрады.

НЕсептің ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Малдың несебіне талдау жасау, оның ішінде физикалық қасиетін анықтап тексеру, көбінесе диагностикалық мақсатпен жүргізіледі. Бұл несепте табылған өзгерістердің, тек бүйрек пен несеп шығатын жолындағы патологиялық құбылысты тану ғана емес, сондай-ақ қарын, ұйқы безі, бауыр ауруларын және зат алмасуы бұзылғанын анықтауға себеі тиеді.

Несепті алу әдістері
Несепті клиникалық анализ жасау үшін, әдетте таңертен тмалға азық бермес бұрын аш қарыннан үлкен таза ыдысқа 200мл бір-ақ рет алынады. Ғылыми зертеу үшін 6-12 сағат аралығында, ал көбінесе бір тәулік бойғы несепті жинайды.

Әртүрлі малдан несеп алу әдісінің өзгеше әдістері бар.
Ірі қара малдан және жылқыдан несепті табиғи несеп шығарған кезде алуға болады.
Сиыр несебін рефлекторлы жолмен сарпайдың төменгі жағындағы теріні сипалау арқылы алуға болады.
Бұқаның несеп бөлуін тездетуге болады, ол үшін жыл суға малынған 30-40 тампонды күпек тесігіне тақап ұстап тұру керек.
Жылқының несеп шығару белсенділігін әлсіз шуыл арқылы шығаруға болады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу мақсатымен тәулік бойғы несеп мөлшерін жинау үшін малдың жынысын және түріне қарай жасалған арнайы несеп қабылдағыштар қолдану керек.
Несепті лабораторияға жолдамамен акеледі.

Несепті сақтау
Ең қолайлысы несепті алынған уақыттан 1, 5 сағаттан кешіктірмей тексерген жөн. Керек болған жағдайда оны консервілеуге болады. Егер несетпі 1-2 күн сақтайын болсақ ең қолайлы температура +4◦С тоңазытқышта сақтау керек.

Несептің физикалық қасиетін зерттеген кезде оның мөлшерін, түсін, тұнықтығын, консистенциясын,
мөлдірлігін, иісін және салыстырмалы тығыздығын анықтайды.

Несеп мөлшері
Бөлінген несеп мөлшерін мензуркамен немесе өлшеуіші бар цилиндрмен өлшенеді. Дені сау мал тәулік ішінде төмендегідей мөлшерде несеп бөліп шығарады:
Жылқылар-3-6 литр
Ірі қара мал-6-12 литр
Қой және ешкі-0, 5-1 литр
Шошқалар-2-4 литр
Ірі иттер-0, 5-1 литр
кіші иттер-0, 004-02 литр
Мысықтар-0, 1-0, 2 литр

Несеп түзілуінің бұзылуы
Бөлінген несеп мөлшерінің көбеюі немесе азаюы болмаса, оның бүйректпен шығарылуының мүлдем тоқтауы мүмкін.
Тәулік бойы несеп мөлшерінің көбеюі-поируия деп аталады.
Ол бүйректегі қан айналымның күшейгеніне байланысты.
Тәулік бойғы несеп мөлшерінің азаюы-олигурия деп аталады. Дені сау малда ішер су жетіспегендіктеп болады. Ал ауру малда өте көп терулеуден, қозбадан, ұзаққа созылған құсудан болу мүмкін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz