Несептегі индикан, кетондық денелер мен глюкозаны анықтаудың химиялық әдістері


Slide 1

Несептегі индиканды, сірке қышқылды ацетон денелерді және көмірсутектерді анықтау

Slide 2

Несепті химиялық зерттеу, біріншіден оның рН, ал одан кейін оның құрамындағы белокты, альбумозды, қантты, кетонды денелерді, қан пигменттерің, миоглобинді, индиканды және қышқылдарды анықтайды.

Slide 3

Дені сау мал несебінде индикан өте аз мөлшерде кездеседі. Индиканның несеп құрамында өте көп болуы- индиканурия- деп аталады. Индиканурия - ішектегі белокты заттардың шіріген (ішек түйілуі, копростазда, перитонитте) және организмде белок ыдыраған кезіңде байқалады (абсцесте, ісіктерде) . Индиканның несепте болуын арнайы байқау сынамалары арқылы анықталады.

Несептегі индиканды анықтау

Slide 4

Обермайер сынамасы

Пробиркаға 6мл несеп құйып, оған 6мл темір ІІІ хлоридінің ерітіндісін (0, 2-0, 4г темір ІІІ хлоридін 100мл концентірленген тұз қышқылында ерітеді) . 5 минуттан соң 1-2 мл хлороформ қосып, пробирканы жақсылап араластырады. Индикан болған жағдайда пробирканың төмен бөлігіндегі хлороформ көк түске боялады. Бояудың қанықтылығы индикан санына байланысты.

Индикан несепте іріңді плевритте, өкпе шірігенде, сепсисте, ішекте таспа құрттардың белоктарының ашып ыдыраған кезінде байқалады.

Slide 5

Яффе сынамасы

Пробиркаға 2-3 мл сүзілген несеп құйып, оған осындай мөлшерде күшті тұз қышқылын, 2-3 мл хлороформ және 1-2 тамшы 2% калий перманганат ерітіндісін қосады. Пробирканы бірнеше рет төңкеріп араластырады.

Пробирканың түбіне хлороформ түзілген соң реакцияға баға береді. Индикан болған жағдайда хлороформ көгілдір немесе ашық қызыл түске боялады.

Slide 6

Несептегі қышқылды ацетонды анықтау

Несепте кетонды денелердің пайда болуы - кетонурия деп аталады. Ол көбінесе сүтті сиырлардың кетоз ауруы, қысыр қойлардың кетонуриясы, листериозда, ішек-қарын жұмысының бұзылуы салдарынан болады.

Несепте кетонды денешіктердің көп мөлшерде болуы диабет, панкреатит және қарын атониясында, ашыққанда, ұзақ наркоз қабылдағанда, туғаннан кейін сал болуда кездесуі мүмкін.

Slide 7

10% -ті сірке қышқылы ерітіндісінің 3-4 тамшысымен 10%-ті хлорлы темір ерітіндісінің 10 тамшысын 10мл несепке қосады. Қоспаны шайқап, сүзбеден өткізеді. Сонан соң сүзіндіге тағы да осы ерітіндіні қосады, яғни 1 тамшы реактивті 1мл несепке тамызады.

Егер несепте қышқылды ацетон болса, несеп 2-3 минут қайнатқаннан кейін күлгін-қызыл түске айналады қалыпты жағдайда түссіздінеді.

Slide 8

Несептегі көмірсутектерді анықтау

Қантты зерттеу үшін міндетті түрде жаңа алынған несепті зерттеу керек. Несепті жылы жерде сақтаған кезде, ондағы ферменттің, бактерияның әсерінен глюкоза ыдырап кетеді.

Глюкозурия мал құтырғанда, ит обасында, қант диабетінде, ми және жұлын қабықтары қабынғанда, миға қан құйылғанда, хлороформ, скипидар, т. б. Заттармен улану кезінде болады.

Несептегі қантты анықтау үшін Бенидикт, Ниляндер сынамалары мен жедел әдісі қолданылады.

Slide 9

Ниляндер әдісі

3-4 мл Ниляндер реактивіне 2 мл несеп қосып, қоспаны от жалынында 3-4 минут қыздырады. Егер реакция оң болса, онда қоспа лайланып, қоңыр- қара түс береді. Реакцияның сезімталдығы өте жоғары. 100мл несептегі 0, 1 г қантты анықтайды.


Ұқсас жұмыстар
Несептегі индикан, ацетон (кетондық денелер), сірке қышқылы және глюкозаны анықтаудың лабораториялық әдістері
Несептегі индикан, кетондық денешіктер, сірке қышқылы және көмірсутектерді анықтаудың клиникалық-лабораториялық әдістері
Дәрілік заттарды сапалық анықтаудың химиялық әдістері
Мал несебіндегі индикан, ацетон және сірке қышқылын анықтау әдістері
Еттің ылғал мөлшерін анықтаудың химиялық және аналитикалық әдістері
Несептегі гемоглобин, уробилин және билирубинді анықтау әдістері мен клиникалық маңызы
Судың физикалық және химиялық қасиеттері мен сапасын анықтаудың әдістемесі
Ветеринариялық тағам өнімдеріндегі токсиндік заттарды анықтаудың заманауи әдістері мен аппаратурасы
Ауыл шаруашылық малдарында буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері
Тағам өнімдеріндегі токсиндік заттарды анықтаудың заманауи әдістері мен аппаратуралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz