Несептегі гемоглобинді, уробилинді жіне билирубинді анықтау



Несептегі гемоглобинді, уробилинді жіне билирубинді анықтау
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Клиникалық-ветеринарлық медицина кафедрасы

Қарастырылатын сұрақтар
Несептегі гемоглобинді анықтау
Несептегі уробилинді анықтау
Несептегі билирубинді анықтау

Қажетті құрал жабдықтар:
әр түрлі малдың несебі, тығынды пробиркалар, және реакция қоюға қажетті реактивтер.


Несептегі уробилинді анықтау
Пробиркаға 10 мл несеп құйып, оны 10 тамшы күкірт қышқылымен қышқылдайды, сонан соң оған 5 мл эфир қосады, оны резина тығынмен тығындап, 5 минутқа төңкеріп қояды. Ауық-ауық газын шығарып отырады. Сонан соң абайлап, сәл сарғыштанған қабатын сорып алып, оны алдын ала дайындап қойылған 2 мл концентірленген тұз қышқылына пробирка қабырғасымен бойлатып жайлап қосамыз. Егер несепте уробилин болса, онда екі сұйық қосылған сұйықтың бойында айқын қызыл-қоңыр түсті шеңбер пайда болады. Уробилинурия гемоспоридозда, қанның бұзылып бүлінуінде, капростазда, бауыр циррозында, өкпенің бітеу жарасында, пневмонияда, ит обасында, жатыр қабынғанда, төртхлорлы көміртекпен жіне күкіртті сутекпен уланғанда пайда болады


Несептегі гемоглобинді анықтау
10 мл несепке 2-3 мл 10 %-ті күйдіргіш калий ерітіндісін қосады, қоспаны шайқап, 3-5 минут қайнатады. Қайнаған кезде кальций мен магнийдің фосфор қышқылды тұздары тұнбаға түседі, бұл тұздар қанның құрамындағы бояғыш зат гемохромоген сұйыққа шығады, соның салдарынан сұйық қызыл түске боялып, қызыл түсті тұнба түзіледі. Гемоглобонурия протозолық ауруларда, плевропневмонияда, өкпе шірігенде, гангренаында, сепсисте, уланғанда, күйіп қаллғаннан кейін және бірқатар жұқпалы ауруларда кездеседі.

Несептегі билирубинді анықтау
Реактивтер: Реактив №1-9 мл 95 % спиртке 1 мл азот қышқылын және 0, 4 г хлорлы темір қосады. Реактив №2-10%-ті хлорлы барий ерітіндісі.

Несептегі билирубинді анықтау
5 мл несепке 5мл №2 реактивті қосады. Сұйықты шайқап, 5 минут центрифугада айналдырады. Содан соң жоғары қабатын төгіп, тұнбаны фарфорлы ыдыстың түбіне құйып, от жалынында ұстап, буландырады, ақ түске айналғанша. Сонан соң 1 тамшы №1 реактивті тамызады. Егер билирубин болса жасыл шеңбер пайда болады. Несепте билирубин механикалық және паренхимотоздық сарғаюда кездеседі.

Кілегейлі қабықтарды және бездерді тексру
Көздің кілегейлі қабығын тексеру үшін, оның тесігін ашады. Жылқы, қой көзінің тесігін бас бармақ және сұқ саусақпен, ал сиырдікін екі қолмен ашады. Мал мен жануарлар көзінің дәнекер және кілегейлі қабықтарын көру арқылы зерттегенде оның түсіне, ылғалдылығына, ісінуіне көңіл бөлеміз.

Кілегей қабықтың гиперемиялық қызаруы өкпе қабынғанда сиырдың қатерлі катаральды ысытпа, шошқаның тілме ауруында, безгекте байқалады. Ал геморагиялық қызаруы-топалаң, оба және безгекте байқлады. Егер оларда қан құйылу процесі байқалса кездеседі.

Кілегейлі қабықтың сарғаюы- малдың бауыры қабынғанда, уланғанда, тас байлағанда, қанда паразит тторшалары еркін өрбиді, сары ауруларда байқалады.

Кілегей қабықтарды тексеру тәсілдері
Іс жүзінде кілегей қабықты тексеру өте оңай, ол үшін сәл де болса тәжірбие жинап алу керек. Зерттеу кедзінде байқаусыз оқыс қимылдамай, жай баппен тексерген жөн, себебі кілегей қабық өте сезімтал келеді. Ірі қара малдың склерасын зерттеу үшін оның басын бұрып еңкейтеді, осы кезде көз алмасы төмен түсіп, ол жақсы көрінеді. Ірі қара мал көзінің кілегей қабығын тексеру үшін бірінші қолдыңбас бармағымен үстіңгі қабықты, екінші қолдың бас бармағымен төменгі қабықты басады.

Лимфа бездерін тексеру
Ірі және ұсақ қара малдың беткейлік бездерге, яғни жауырын алдындағы, шап және желін үсті бездері, жылқыда-жақ асты, шап бездері, түйеде жақ асты, төменгі жақ. Мал жақ асты безін тексеру үшін, бір қолмен оның басын ұстап, яғни мүйізден, екінші қолмен сипап тексереді. Жауырын алды безін тексеру үшін, малдың кеудесіне қарап, мойын тұсынан жақындап келіп, бәр қолмен басын ұстап, екінші қолмен жауырын алдын сипай, алға жылжып басады. Шап безін тексергенде бір қолмен мықын төбешігімен төмен және иық буынынан көлденең жүргізілген сызықтардың қиылысқан нүктесін сипап тексереді.

Дене қызуын тексеру
Дене қызуын анықтау үшін, шкаласы Цельсий бойынша 34-тен 42 градусқа дейін бөліктенген термометрмен өлшейді. Малдың дене қызуын тік ішекте, ал құстарда клоакада анықтайды. Паталогиялық өзгерістерге байланысты малдың дене қызуы түрлі бағытта өзгереді.

Назар қойып тындағандарынызға рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz