Малдың түр - тұлғасын анықтау, тері мен тері асты қабаттарын зерттеу




Презентация қосу
Малдың түр –тұлғасын
анықтау,
тері мен тері асты
қабаттарын зерттеу.
Габитус – түр–тұлғасы дегеніміз малдың тексеру кезіндегі
сыртқы пішіні. Малдың түр–тұлғасын анықтау үшін оның
дене құрылымы, қоңдылығы, дене бітімі, ортада өзін–өзі
ұстау қабілеті мен сезгіштік жиынтығы анықталады.
Дене құрылымы сүйек пен
еттің жетілу дәрежесіне қарай
анықталады. Малдың дене
құрылымы :

күшті орташа әлжуаз
• Дене құрылымы күшті малдың сүйегі мен еті
жақсы жетілген, басы үлкен, мойны қысқа да ауыр,
көкірегі кең және терең, жон арқасы мен белі қысқа,
сауыры мен жотасы кең, аяқтары күшті. Олардың
жүрегі, өкпесі мен қарыны жетілген және сыртқы
жағымсыз күштерге өте сезімтал келеді.
• Дене құрылымы орташа малдың қол мен сан еттері
жақсы жетілген .
• Дене құрылымы әлжуаз мал сүйектері мен еттері
нашар дамып, бас жеңіл, құрғақ, мойны ұзын
жіңішке, көкірегі қусырыңқы, жон арқасы мен белі
және сирағы ұзын әрі жіңішке болып келеді. Әлжуаз
малдар сыртқы жағымсыз күштерге сезімтал әрі
аурушаң болып келеді.
Малдың қоңдылығы организмдегі зат алмасу мен
азықтандырудың дұрыстығын немесе оның
бұзылғандығын білдіреді. Малдың қоңдылығын:
қарау, сипау, таразыға тарту, ТУК-2аспабы арқылы
анықталады .

Қоңдылығы:
жоғары
орташа
ортадан төмен
арық болып бөлінеді .
Жоғары қоңдылықты малдың тері асты қабатындағы май қабаты сүйектің
ойпаты мен қырларын жауып білдірмейді, денесі дөңгеленіп, қабырға,
омыртқа өсінділері жауырын тіптен байқалмайды. Малдың шектен тыс
семіруін дененің май басуы деп атаймыз.

Орта қоңдылықты малдың тері асты қабатында май қабаты аз болады,
терең серпімділігі жоғары, дене бұлшық еттері жақсы білініп, бір-бірінен
бөлініп, сүйектің қырлары білінер-білінбес болады.
Орташа қоңдылық өнімді малда, яғни сауын сиырда, шошқа, қой, ит, ешкі,
мініс жылқысы және қызмет атқаратын иттерде байқалады.

Қоңдылығы ортадан төмен малдың тері асты қабатында май болмайды,
сүйектің ойпаты мен қырлары шектен тыс білініп, қабырға, омыртқа
өсіндісі, басқа сүйектер қырлары жақсы білініп тұрады. Мұндай қоңдылық
азықтың жетіспеуінен немесе ауру салдарынан болады.

Арық малдың сүйектері адырайып еттері қашып, жүні жығылып,
әлсізденеді, ауруға шалдыққыш. Бұны арықтықтың ең соңғы сатысы дейді
(көтерем).
Малдың ортада өзін – өзі
ұстау қабілеті

табиғи еріксіз
Ауру малдарда еріксіз жату немесе жата алмай тұрып тұру белгілері
байқалады.
Еріксіз жатып қалу белгілері сиырдың бұзаулағаннан кейінгі мешел
болып қалуында, жылқының миогемоглобинемия, жұқпалы
энцофаломиелит, жұлын зақымданғанда, ал еріксіз тұрып – тұру белгісі
жылқыны сіреспе, плеврит, ми қабынғанда, сиырдың жұмыршағы
зақымданғанда, яғни шеге тектес заттарды жұтып қойған кезде байқалады.
Еріксіз қозғалыстарды: басы ауған жаққа лағып кету, бір шеңбер
бойымен қозғалып айналу, бір орында тұрып шыр айналу мен басқалар
жатады. Бұл белгілер ми қызметі бұзылғанда, әсіресе жүйке тамырдың
орталығы шектен тыс қозғанда айқын байқалады .
Темперамент – сезгіштік дегеніміз, сыртқы қоздырғыш
күшті малдың сезіну қабілеті. Сезгіштік жоғарғы жүйке тамыр
қызметіне тікелей байланысты. Клиникалық тәжірибеде
сезгіштіктің екі түрі бар, яғни сезімтал және әлсіз
сезімталдық.

И.П.Павловтың анықтауы бойынша сезгіштік төртке бөлінеді:
- күшті – ұстамсыз ;
- ұстамды да күшті, баяу;
- ұстамды, күшті , жылдам;
- әлсіз.

Сезімтал мал қоршаған ортадағы өзгерістерді өте тез сезеді
және тез байқап, соған жауап беруге әр уақытта дайын.
Әлсіз сезімді мал жай қимылдап, қоздырғыш күшке аспай –
саспай кешігіп жауап қайтарады, жалқау ұйқы басып тұрады .
Конституция (дене бітімі) дегеніміз – мал организміндегі
сыртқы анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктер жиынтығы.

тығыз
нәзік

болбыр сөлекет
Нәзік дене бітімді мал өнімтал, жүйрік, сүтті және
етті жүнді болады.

Сөлекет дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайына төзімді, ауруға көп шалдықпайды.

Борпас немесе болбыр бітімді мал мінезі жуас, тез
семіреді, зат алиасу құбылыстары баяу жүреді.

Тығыз дене бітімді мал әрі өнімді, әрі төзімді келеді.
Тері – ішкі ағзалардың айнасы, яғни жіті және созылмалы
түрде өтетін құбылыстардың тигізетін әсерлері теріде айқын
білінеді. Теріні тексеріп зерттегенде, ең бірінші, оның
физиологиялық қасиеттерін анықтайды, яғни терінің түгі мен
түсін, ылғалдығын, иісін, қызуын және серпімдігін, содан соң
паталогиялық өзгерістеріне, яғни тері көлемінің үлкеюі (ісуі,
сары су үймелеуі, желденуі, қыртыстануы), бөртуі мен
тұтастығының бұзылуына көңіл бөлінеді.
Тері мен тері асты қабаттарын зерттеп тексергенде
қарау, сипау, перкуссия және сыналы тесік тесу
тәсілдері қолданылады. Ал терінің ауруы болған
жағдайда жұғынды алып, микроскоппен қарайды.
Тері түгін тексеру кезінде оның ұзындығына, жығылу
жағына, түсіне, серпімділігіне және теріде мықты
орналасуына көңіл бөледі.
Дені сау малдың денесін қалың және жалт-жұлт еткен жүн,
ал құста қауырсындар жауып тұрады.
Ауру мал мен құстың жүні мен қауырсындары ұйпаланып,
құрғап, өзінің түр –түсін өзгертеді. Мұндай құбылыстар
малды азықтандыру мен күтіп бағуы бұзылғанда,
туберкулезге шалдыққанда, қан азайғанда, індет ауруларымен
ауырғанда байқалады.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Малды тіркеу
Малдың дене бітімі
Терең рефлекстер
«Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»
Түйе цефалопинозы, балау және ветеринариялық шаралары
Еттің балаусалығын сезімдік көрсеткіштері арқылы анықтау
Ми – жұлын жарақаттары туралы ақпарат
жібіту үрдісінің орындалуы
ТЕРІ ТОПОГРАФИЯСЫ
ЖОСПА бағытында өсіру
Пәндер