Мал клиникалық зерттеуінің жүйесі: тіркеу, анамнез және малды байлап ұстау әдістері


Slide 1

Клиникалық зерттеудің желісі. Малды тіркеу және анамнез. Ауру малға жақындау және оны байлап ұстау

Slide 2

Жоспар: І. Клиникалық балау ІІ. Клиникалық зерттеудің желісі ІІІ. Малды тіркеу және анамнез IV. Ауру малға жақындау және оны байлап ұстау

Slide 3

І. Клиникалық балау Клиникалық балау-мал дәрігері бағытындағы ғылымның ең негізгісің, яғни мал ауруларын анықтау үшін қазіргі заманауи озық әдіс тәсілдерін қолдана отырып, малдың күй жағдайын, ауру барысын, өрбуін және оның алдын алу, болдырмау мәселелерін зерттейді.

Slide 4 Slide 5

ІІ. Клиникалық зерттеудің желісі

Ауру малды зерттеу белгілі бір үлгімен жүреді.

Slide 6

Ауру малды тексерудің үлгісі

І. Ауру малды алдын-ала тексеру және танысу

Малды тіркеу

Анамнез (мал туралы мағлұматтар жинау)

Slide 7

ІІ. Ауру малды тікелей қатысуымен тексеру

1. Жалпы зерттеу

а) малдың түр-тұлғасын анықтау

б) кілегейлі қабықтарды зерттеу

в) малдың жүнін немесе түгін, терісін және тері асты қабаттарын зерттеу

г) лимфа түйіндерді зерттеу

д) дене қызуын өлшеу

Slide 8

2. Арнайы зерттеу

а) жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу

б) тыныстану жүйесін зерттеу

в) азық қорыту жүйесін зерттеу

г) несеп шығару және жыныс жүйесін зерттеу

д) жүйке тамыр жүйесін зерттеу

е) қан жүйесін зерттеу

3. Қосымша зерттеулер

а) физикалық-химиялық

б) микроскоппен

в) бактериялық

г) қанның сарысуынан

д) аллергиялық

Slide 9

ІІІ. Малды тіркеу және анамнез

Емханаға келген ауру малды тіркеу. Ауру малды тіркеу, маллдың иесінен немесе сол малды күтушіден сұрап, болмаса арнайы құжатына сүйене отырып жүргізіледі. Ауру мал емханадағы тіркеу журналына тіркеледі. Емханадағы тіркеу журналына ауру малдың мағлұматтары толтырылады:

-емханаға түскен күні

-кімнің немесе қай шаруашылықтың малы

-мал иесінің мекен-жайы

-малдың түрі

-тұқымы

-жынысы

-жасы

-түсі мен ерекше белгілері

-тірідей салмағы

-лақап аты, ені мен таңбасы

Slide 10

Анамнез

Анамнез-ауру мал туралы мағлұматтар.

Мал туралы мағлұматтар екіге бөлінеді:

-малдың ауруға шалдыққанға дейінгі мағлұматтар-Anamnesis vitae

-малдың ауыра бастағаннан кейінгі мағлұматтар-Anamnesis morbi

Slide 11

Малдың ауруға шалдыққанға дейінгі мағлұматтарды білу үшін:

Ата-тегі, туған жылы, атасы-енесі туралы мағлұматтар, туып өскен мекені, егер басқа шаруашылықан алынса, қай, қашан, ол шаруашылық туралы мәлеметтер;

Азықтандыру мен суару жайын-мал азығы құрамын, азық түрін, сапасын;

Малдың күтіп бағуы;

Малдың қажеттілігі- сүт, ет, бордақылау

Slide 12

Мына төмендегідей суалдар мал егесіне қою арқылы анықталады:

Мал қашан және қандай жағдайда ауырды?

Аурудың қандай белгілері байқалды?

Ауру малға кім және қандай жедел көмек көрсетілді?

Анамнезде көрсетілген сауалдардың бәрін, сол қалпында қойылуы мен оған жауап жинау барлық уақытта қажеттілік етпейді, сондықтан оның кейбірі кеңейтіліп, ал кейбірі қойылмайды.

Slide 13

IV. Ауру малға жақындау және оны байлап ұстау

Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дауыстап бару керек.

Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн. Жылқы малын ағаш бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына салу арқылы бекітеді. Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп ұстаған немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.

Slide 14

Ірі қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару керек. Бекітуді мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық шеміршекті саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис қышқышы, Кумсиев қысқышы), тұмсық сақинасы арқылы жасайды.

Slide 15

Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен жақындаған жөн. Түйені арқан ілгектен артқы аяқтарын тұсау арқылы, ерніне немесе құлақ қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.

Slide 16

Қой мен ешкіні артқы аяғынан ұстап алып, содан соң екі қолымен мойыннан немесе мүйізінен ұстайды.

Slide 17

Итті тексерген кезде қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу өте қажет, егер ол жоқ болса, онда иттің жағын жіппен буып, түйіннің бір ұшын желкеннің шотынан байлау керек.

Slide 18

Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды да, бір қолмен аяқтарын, екінші қолмен қанаттарын бекітеді.


Ұқсас жұмыстар
Электрокардиография: негіздері, тіркеу әдістері және клиникалық талдау
Мал шаруашылығы өнімдері мен малды тасымалдаудың санитариялық-гигиеналық талаптары
Мал аналық жыныс бездерінің аурулары: клиникалық диагностика және заманауи емдеу әдістері
Электрокардиография: анықтамасы, құрылымы, тіркеу жүйесі және диагностикалық маңызы
Акушерлік құрал-саймандар және малды төлдету әдістері
Тірек-қимыл жүйесі мен терінің клиникалық тексеру әдістері
Ірі қара мал кешенін жоспарлау: ұстау жүйелері, гигиеналық талаптар және сүт өндіру мен өңдеу технологиялары
Стоматологиялық науқасты тексеру, анамнез жинау және амбулаторлық картаны толтыру алгоритмі
Мал етін ветеринариялық-санитариялық сараптау және ауру мал етін анықтау әдістері
Биоэлектрлік потенциалдар: түрлері және тіркеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz