Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру
Презентация қосу
СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК АУРУЫ
КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ДИЕТАТЕРАПИЯ
Кіріспе
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз
бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді
дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман
болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда
уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу
шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада
істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі.
Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию
аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі
болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар
аурулардың қатарына жатады.
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті
өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен
сипатталатын ауру.
Қанның сары суындағы ұсақ дисперсияды альбуминдер мен альфа-глобулиндердін
азаюы ондағы коллоидты-осмостық қысымды өзгертеді. Осының салдарынан су
мен натрийдің реабсорбциясы бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден-бір себеп
болады.
Негізгі бөлім
1. Гемодиализ (созылмалы бүйрек жетіспеушілігі) - бүйректің кез-келген үдемелі
ауруларынан кейін пайда болатын, нефрондардың біртіндеп өлуінің нәтижесінде
дамитын симптомокомплекс. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кездесу жиілігі (1млн
халық санына шаққанда) шамамен 100-200-500 құрайды. Қазіргі уақытта созылмалы
бүйрек жетіспеушілігімен науқастардың саны жыл сайын 10-12% ұлғаюда.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің диагностикасы
Гемодиализ ерте диагностикасы жиі қиындықтар туғызады, сонымен бірге созылмалы
бүйрек жетіспеушілігі симптомсыз өтуі мүмкін,әсіресе созылмалы
пиелонефрит,латентті нефрит, поликистозды ауру кезінде. Тұрақты нормохромды
анемияның полиуриямен және артериалды гипертониямен бірге жүруінде созылмалы
бүйрек жетіспеушілігі туралы ойлау қажет. Гемодиализ ерте диагностикасы
лабораторлы және биохимиялық зерттеулерге негізделеді. Ең сенімді және
информативті болып зәрдің максималды салыстырмалы тығыздығын (осмолярлығын),
шумақтық фильтрация және қан сарысуындағы креатинин деңгейін анықтау
табылады. Зимницкий сынамасында зәрдің максималды салыстырмалы тығыздығы
1018 ден төмен болуы және Реберг сынамасында шумақшалық фильтрацияның 60
мл/мин. төмен деңгейге дейін төмендеуі созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бастапқы
сатысын дәлелдейді.
Негізгі бөГемодиализ тексерудегі лабораторлы әдістер
Лабораторлы зерттеуде ең алдымен бүйректің функциялық жағдайын және азот қалдықтарының жиналу дәрежесін бағалау
қажет. Зимницкий сынамасын өткізгенде төмен салыстырмалы тығыздықты (изо-,гипостенурия) зәрдің монотонды
бөлінуі байқалады. Тұнбада формалы элементтердің құрамы азайған және протеинурия деңгейі төмендеген.
Креатининнің ұсталу деңгейі және креатинуриямен бірге эндогенді креатинин деңгейі бойынша анықталатын
шумақшалық фильтрация бүйрек функциясының негізгі критерийлері болып табылады.
Фильтрацияның 40 мл/мин. дейін төмендеуі айқын гемодиализ көрсетеді, ал 15-10-5 мл/мин дейін төмендеуі уремия
дамығанын көрсетеді. Креатинемия деңгейі науқас жағдайы нашарлауымен бірге жоғарылайды. Асқынған гемодиализ
кезінде қанда зәр қышқылының мөлшері жоғарылайды – гиперурикемия пайда болады. Перифериялық қанда
токсикалық лейкоцитозбен (6,0-8,0х109/л) және нейтрофилезбен қосарланған гипохромды анемия анықталады.
Тромбоциттердің агрегациясы төмендеуімен тромбоцитопения болады,ол қанағыштықтың негізгі себебі болып
табылады.Сутегі иондары шығуының бұзылуы метаболикалық ацидоз пайда болуына әкеледі. Гемодиализ терминалды
сатысында гиперкалиемия байқалады.
Инструменталды зерттеу әдістері
Инструменталды зерттеу әдістерінің мәліметтері гемодиализ кезінде ағзалардың жағдайы туралы маңызды ақпарат береді.
ЭКГда – сол қарыншаның гипертрофия синдромы анықталады (АГ нәтижесінде), гиперкалиемия пайда болғанда ЭКГ өзгеруі
мүмкін: ST сегменті жоғарылайды және позитивті Т тісшесінің амплитудасы жоғарылайды.
Көз түбін тексерген кезде ауыр ретинопатия анықталады.
Кеуде клеткасын рентгенологиялық тексергенде өкпедегі өзіне тән өзгерістер анықталады: уремиялық өкпе (сол қарыншалық
жетіспеушілікке немесе өкпе капиллярларынан жоғары транссудацияға байланысты өкпе қақпасындағы екі жақты
ошақты қараюлар).
Сүйектердің рентгенографиясында олардың деминерализациясы анықталады.
Асқазан секрециясы төмендеген, ал гастроскопиялық зерттеу кезінде шырышты қа баттың өзгерістері анықталады (атрофия
көріністері басым және оның қайта құрылуы байқалады).
2. Нефроздар (Nephrosis)
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат
алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Ауру барлық малдарда кездеседі. Әсіресе жылқылар, шошқалар, иттер жиі ауырады.
Себептері. Негізгі себептері организмде септикалық процесті тудыратын барлық факторлар. Ауыр металл тұздарымен,
хлорорганикалық қосылыстармен, өсімдік уларымен уланулар; анемияның гемолитикалық түрі; кетоздар; мастит; туберкулез;
плевропневмониялар; созылмалы іріңді процестер; қотырлар; аумақты күйіктер; ас қорыту жүйесінің аурулары аурудың
себептеріне жатады.
Дамуы толық зерттелмеген. Қалай болғанда да аурудың дамуының негізінде сенсибилизация, аутосенсибилизация процестері;
организмнің иммунобиологиялық жағдайының нашарлауы жатыр. Организмге түскен, не өзінде түзілген улы заттар
бүйректер арқылы бөлінгенде олардың шумақтарында иммунобиологиялық реакцияларға қатысады да, капиллярлардың
негізгі мембраналарын жарақаттайды. Осының салдарынан олигурия, анурия процестері туындайды. Шумақтардағы сүзілу,
өткізу процестері үдейді, протеинурия пайда болады. Протеин зәр арқылы көп бөлінетіндіктен қанда оның мөлшері азаяды
(гипопротеинемия). Бүйректердің ирелеңдеген өзектерінде дегенеративті өзгерістер дамиды.
Қанның сары суындағы ұсақ дисперсияды альбуминдер мен альфа-глобулиндердін азаюы ондағы коллоидты-осмостық
қысымды өзгертеді. Осының салдарынан су мен натрийдің реабсорбциясы бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден-бір себеп
болады.
Ұзаққа созылған улану гипофиз-бүйрек безі жүйесінің реттеушілік қабілетін бұзады. Оған бүйрек торшаларындағы тотығу
процесінің бұзылуы қосылып, организмде белок пен майдың алмасуының бұзылуын одан ары асқындыра түседі.
Бүйректерде амилоидоз-белоктың түзілуі салдарынан зәр арқылы гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеп бөлінуі
организмде қарсы денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің дамуының бірден-бір себебі
болады. Амин қышқылдары мен калийдің организмнен кем бөлінуі бүйректердің қызметін одан ары нашарлата түседі.
Ауру малдың халі жақсара бастағанда амилоидтар тарқан, зәрде белок азайып, организмде су мен тұздың, белоктың, майдың
алмасулары қалыптасады. Полиурия байқалады. Қан сары суындағы альбуминнің мөлшері қалыпты жағдайға келеді.
Өлекседегі өзгерістер. Аурудың жіті түрінде бүйректерде дегенеративті өзгерістер; күңгірттеніп ісінген, ирелеңдеген
өзектерде майлы инфильтрат, не өлі еттенген. Бүйректердің көлемі ұлғайған, қанға толы, болбыр, капсуласы оңай белінеді.
Асқынған түрінде бүйректер бозарған, сарғыш түсіті. Созылмалы түрінде белок пен майдың алмасулары бұзылады, амиломд
бүйректерде ғана емес бауырда, көкбауырда да болады. Кейде капилляр амилоидпен бітеліп қалуы да мүмкін. Бүйрек
шумақтары дәнекер тінмен өсіп, бүріскен. Майдың алмасуы бұзылғанда бүйректер жұмсарып, ағарады.
2. Клиникалық белгілері. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілері анықталады. Өзінің негізгі белгілеріне
несептегі өзгерістерді келтіруге болады. Оның тығыздығы жоғарылайды, онда белок анықталады. Тұнбада
гиалинді, түйіршікті цилиндрлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофилді лейкоцитоз; гипо-,
диспротеинемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін туғызады, олигурия біртіндеп
анурияға айналуы мүмкін. Ауру малдың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады.
Созылмалы түрінде ауру мал арықтаған; қабағында, төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді ісіктер пайда
болады. Кілегей қабықтары, терісі бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған, жүректің қызметі нашарлаған. Қанда
А:Г төмендеген, азот қалдығы, хлоридтер, холестерин, линоидтар көбейген. Аурудың барысын 3 сатыға бөлуге
болады:
1. Аурудын белгісіз сатысында протеинурия және аздаған хорестеринемия аныкталады;
2. Ісіну сатысы - мұнда организмнің негізгі қызметтері сақталған жалпы жағдайы қанағатганарлық;
3. Арықтау сатысында қанда азотемия, холестеринемия, гипопротеинемия анықталады.
Нефроз перитонитпен, плевритпен, бронхопневмониямен аскынуы мүмкін. Ауру мал қатты уланғанда анурия мен
уремиядан өліп кетуі мүмкін. Амилоидозда ауру жай дамиды.
Анықтау үшін ауру мал туралы мағлұматқа, негізгі клиникалық белгілеріне, қан мен несепті лабораториялық
тексерудің нәтижелеріне сүйенеді.
Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуге, аурудың негізгі себептерін жоюға бағытталады. Неғүрлым тезірек
организмнен уды аластау керек. Ол үшін асқазан мен ішектерді тазалайды, антидот, сүт, жұмыртка; суды аз,
белокты азықты көбірек береді. Рационға бұршақты шөп, жем; шошқа мен иттерге мал тіндерінен жасалған
азықтарды қосады. Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары негізгі ережелерді сақтай отырып
қолданылады.
Гормон препараттарын (тиреоидин, АКТГ, преднизолон, норадреналин) қолданудын нәтижесі жақсы. Мәселен,
тиреоидинді қолданғанда:
• организмде зат алмасу процесі жақсарады;
• тіндерден судың бөлінуі жақсарады;
• зәр шығару процесін үдетеді;
• организмде белоктың түзілуін жақсартады;
• қандағы холестеринді азайтады.
Зәр шығаруды үдететін, ацидозға қарсы әсер ететін, жүректің қызметін жақсартатын дәрілерді қолданады. Зәр
шығаруды үдету үшін калий ацетатын, теофилинді, темисалды қолданады. Азотемия болмағанда 10 %-ды
меркузал ертіндісін венаға, не тері астына жібереді. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісіне кофеин қосып
жібереді. Анурияда қан ағызуға болады. Ас қорыту жүйесінің ауруларын емдейді.
Аурудан сақтандыру шаралары негізгі ауруларды емдеуге, организмді улы заттардың түсуінен қорғауға
бағытталады.
3. Бүйректердің қабынуы
Бүйректердің паренхимасының, әсіресе ирелендеген шумақтарының қан тамырларының жарақаттанып
қабынуымен сипатталатын ауру.
Аурудың барысы бойынша жіті және созылмалы түрлерін, ал орналасуына байланысты
шоғырланған және жайылыңқы түрлерін ажыратады. Малдарда көбінесе гломерулонефрит ретінде
кездеседі. Олардын ішінде иттер мен шошкаларда жиі анықталады.
Себептері. Нефрит өз алдына жеке ауру болып сирек кездеседі. Қосалқы ауру ретінде жұкпалы,
құрт аурулары, септикалык іріңді процестер аскынғанда пайда болады,
Аурудың дамуы өте күрделі және жете зерттелмеген. Оған әсер ететін жағдайлар:
• организмнің қолайсыз жағдайға қарсы тұру қабілетінің нашарлауы;
• физикалық факторлардың әсері: суық тию, төлдердің бүйректерінде қан айналасының бұзылуы;
• химиялык факторлар: дәрілердің үлкен дозасы, уланулар;
• механикалық факторлар - әртурлі жарақаттар;
• малдың қатты күюі, күйзелуі, гиподинамия;
• рационда тұздын көп, ретинолдын аз болуы.
Қалай болғанда да ауру жоғарғы факторлардың әсерлерінен организмнің резистенттілік қабілетінің
нашарлауынан басталады. Жүйке жүйесінің және ішкі бездердің реттеушілік қызметтері бұзылады,
бүйректердегі қан тамырлары зақымданады, зат алмасу процесі бұзылады, Тітіркендіру
салдарынан рефлексті түрде, бас ми қабығындағы қоздыру-тежеу процестерінің тепе-теңдік
қабілеттілігі өзгеріп, оларда доминантты орталықтар пайда болады. Ми қабының астыңғы бөліктерінің
қызметінің қалай болса солай үдеуінің салдарынан бүйрек шумақтарындағы қан тамырлары қысылып,
олардағы зат алмасу процесі бұзылады. Егерде қан тамырлары көпке дейін қысылатын болса, кейде ағза
салданып қалуы да мүмкін. Онда қан тамырларының өткізгіштік қабілетінің жоғарлауы салдарынан
қабыну процесі үдей түседі.
Аурудың созылмалы түрінің дамуында гуморалды факторлардың - әсіресе рениннің ролі зор. Қан
айналуы азайған бүйректерде ренин көп түзіледі де , қанның қысымын одан ары жоғарлатады.
Капиллярлардың қабырғасы арқылы тек альбуминдер ғана емес, қанның басқа элементтері де өтіп
кетеді. Су мен хлоридтердің алмасуларының бұзылуы ісіктің пайда болуын туғызады. Су мен тұздың
жинақталуына көп түзілген антидиуретин өз әсерін тигізеді,
Бүйрек шумақтарындағы (Шумлян-Боумен) қан тамырларының жарақаттануы олардың сүзу
процестеріне қатысатын беттерінің көлемін азайтады. Несеп бөлу жолдарының өзектерінде
глобулиндер, фибриногендер шоғырланады, зәрдің қышқылдығы жоғарылайды, цилиндроурия пайда
болады.
Өлекседегі өзгерістер:
бас, аяқ жақтарда; кеуде, іш тұстарында тері астының шелі ісінген;
бүйректердің көлемі ұлғайған, капсуласы оңай белінеді;
бүйректі кесіп қарағанда оның шумақтарының суреті өзгерген, қабынып қызарған, үлкейген;
қатты қабынғанда капсулада ұйыған белок, эритроциттер мен түлеген эпителий клеткалары бар; кейде
ирелеіиіген түтікшелерде майдың, белок түйіршіктерінін өзгерген түрлері байқалады;
гистологиялық құрылыстары өзгерген.
Клиникалық белгілері. Аурудың басында дене қызуы көтеріледі, ауру мал әлсін-әлсін
тынышсызданады, бүйректерінің тұсын сипалағанда ауырсынғандық байқалады. Қарынның,
кеуденін, жұткыншақтың, қабақтың астыңғы тұстарында ісік. Көрінетін кілегей қабықтары бозарған,
қанның қысымы жоғары, жүректің сол жақ қарыншасы кеңейген, қабырғасы қалыңдаған, тамырлары
қатайган. Р.о. ортада жүректің екінші сазы қаттырақ естіледі. Қан айналысының кіші шеңберінде қан
тоқыраған, кейде ентікпе, жөтел, ылғалды сырыл пайда болады. Ауру мал жиі-жиі несеп бөлуге
тырысады, бірақ олигурия, кейде тіпті анурия болуы да мүмкін. Несеп лай, кейде ақшыл-қызыл, не
қоңыр түсті болып келеді. Кебінесе қышқылдығы жоғары болады.
Қан сұйық, меншікті салмағы төмен, эритроциттер мен гемоглобин аз, азотты зат қалдықтары көп. А:Г
төмен. Аурудың жіті түрінде тромбоциттер аз, ал ауру мал жазыла бастағанда олда көбейе бастайды.
Қорытынды
Қортындылай келе бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде
дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының
бұзылуымен сипатталатын ауру.
Негізгі себептері организмде септикалық процесті тудыратын барлық факторлар.
Ауыр металл тұздарымен, хлорорганикалық қосылыстармен, өсімдік
уларымен уланулар; анемияның гемолитикалық түрі; кетоздар; мастит;
туберкүлез; плевропневмониялар; созылмалы іріңді процестер; қотырлар;
аумақты күйіктер; ас қорыту жүйесінің аурулары аурудың себептеріне жатады.
Дамуы толық зерттелмеген. Қалай болғанда да аурудың дамуының негізінде
сенсибилизация, аутосенсибилизация процестері; организмнің
иммунобиологиялық жағдайының нашарлауы жатыр. Организмге түскен, не
өзінде түзілген улы заттар бүйректер арқылы бөлінгенде олардың
шумақтарында иммунобиологиялық реакцияларға қатысады да,
капиллярлардың негізгі мембраналарын жарақаттайды. Осының салдарынан
олигурия, анурия процестері туындайды. Шумақтардағы сүзілу, өткізу
процестері үдейді, протеинурия пайда болады. Протеин зәр арқылы көп
бөлінетіндіктен қанда оның мөлшері азаяды (гипопротеинемия). Бүйректердің
ирелеңдеген өзектерінде дегенеративті өзгерістер дамиды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz