Ортан жіліктің сынуы



СиЫРЛАРДЫҢ ОСТЕОДИСТРОФИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИЕТАЛЫҚ АЗЫҚТАР

Кіріспе
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді. Сиырдың ортан жілігінің сынуы өте көп кездеседі. Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - жарықтар түседі, шеттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда - терісі жыртылады, ал жабық сынғанда - терісі бүтін күйде болады. Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы сынықтар түрінде кездеседі.
Сүйек қозғалмас үшін, аяқ-қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеуден өткіземіз.

Сиырлардың остеодистрофиясы

Негізгі бөлім
Ортан жіліктің сынуы
Сиырдың ортан жілігінің сынуы өте көп кездеседі. Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - жарықтар түседі, шеттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда - терісі жыртылады, ал жабық сынғанда - терісі бүтін күйде болады. Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы сынықтар түрінде кездеседі.
Сиырдың ортан жілігінің шыққанда, жарақаттанғанда және ұрылғанда міндетті түрде малға жәрдем көрсету қажет. Жедел түрде қан тоқтату керек, ауырғанын басу, ашық жараға микробтарды түсірмеу қажет. Неғұрлым бірінші көмек тез көрсетілсе, малдың еміріне деген қауіп-қатер азаяды.
Белгілері. Аяқ-қолдың сүйегі түгел сынған жағдайда бірден ақсайды, қатты ауырады, сол жері ісіп кетеді, сынған жердің ұзындығы және пішіні кішірейеді, сүйектері қырнайды, сүйектердің бөліктерінің шықырлағаны естіледі. Сүйектің сынған беліктері қимылдап тұрады. Жартылай сынған жағдайда мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылады, сынған жерін қолымызбен сыйпап ұстағанда қатты ауырғанын байқауға болады [1, 2, 4] .
Көмек түрлері. Сүйек қозғалмас үшін, аяқ-қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеуден өткіземіз.


Кәрі жіліктің сынуы
Кәрі жіліктің сынуы салыстырмалы жиі иттерде кездеседі, оларда кездесетін барлық сынықтың 15%-тін құрайды және де көрі жіліктің сынуымен бірге шынтақтың да сынуы байқалады. Жылқыларда эксплуатациялық зақымданудан кәрі жіліктің сынуы, оларда аяқ сүйектерінің жалпы сынуының 6, 7%-ды құрайды.
Басқа жануарларда әсіресе ірі қара малдарда көрі жіліктің сынуы сирек болады.
Этиология: кәрі жіліктің сынуының себебі көбінесе түрлі механикалық зақымданудан; иттерде биік жардан құлау, соғылу, тістеу, машинаның басып кетуі; жылқыларда тұяқпен ұру, көлікке жеккенде қақтығысу, шалынысу және кенеттен қатты жерге құлау, аяқтың қысылуы, оның зорланып босануы т. б. сыныққа әкеп соқтырады. Сүйек майының қабынуы, қатерлі ісік, остеопороз, остеомаляция, рахит және авитаминоз.
Клиникалық белгілер: ауру белгісінің деңгейінің айқын білінуі сынықтың түріне байланысты: толық емес, жабық сынықтарда - тірегіштік ақсау орташа немесе жоғары деңгейде сынған аяқ қозғалғанда ауырсыну байқалады; тыныштық күйінде - аяқтың жартылай иілген күйінде тұяқтың ілініп жеңіл сүйенуі, толық сынықта - ақсаңдау жоғары деңгейде; ауру аяқтың сүйеніп, тіреліп тұра алмауы, ауырсыну ісіну, крепитация; сынықтардың жылжуыңда - деформация, буын ішілік сынықта - буынның қалыпсыз қозғалуы, гемоартроз. Иттерде жүрісінің бұзылуы айқын білінеді. Толық сынуда аяқтың маятник - тәрізді қозғалысы, крепитация және сынған жердің қатты ауырсынуы байқалады. Ауру жануар әдетте 3 аяқтап шабады [3, 5, 7] .
Диагноз: сыныққа диагноз қою үшін анамнез мәліметтеріне және клиникалық белгілеріне сүйенеді. Сынықты рентгенологиялық зерттеумен растайды.
Болжам: иттерде жабық сынықтарда болжам оң. Буынішілік сынықтар емделінбейді.
Емделуі: иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия тағайындалады. Сынған сүйектің остеосинтезін қолдану жақсы терапевтік нәтиже береді.


Шынтақ сүйегінің сынуы
Шынтақ сүйегінің сынуы жылқылар мен иттерде көбінесе кездеседі. Осы сүйектің сынуы эксплуатациялық зақымданудан болады, жылқыларда байқалатын барлық сынықтардың орташа 6, 8%-ын осы сынық құрайды. Сүйектің жарылып сынуы - көлденең, қисық, ұзыннан, қарапайым және ұшқындалған болып бөлінеді. Эксуатационды сынықтардың ішінде жиі байқалатыны - шынтақ төмпешік сүйегінің сынуы.
Этиология: шынтақ сүйегінің сынуының себебі кәрі жіліктің сынуындағыдай себептер болып табылады.
Клиникалық белгілер: шынтақ-төмпешік сүйегінің көлденең немесе ұсақталып сынуы ақсаңдаумен байқалады, төмпектің сындырылған бөлігін иықтың үшбасты бұлшық еті жоғары қарай тартқаны байқалады.
Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, шынтақ бунының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды. Иттерде шынтақ жілік сынғанда жіліктің аса қозғалғыштығы, жіліктің деформациясы, крепитация, қатты ауырсыну және ақсау байқалады.
Диагноз: толық сынықтарда диагноз қиын емес, ал толық емес (жарылу) - қиындатылған, рентгенологиялық зерттеуді талап етеді.
Болжам: шынтақ төмпешігінің көлденең аралас сынығында және буын ішілік сынықта болжам оң емес, басқа жағдайларда ақырын.
Емделуі: тыныштық күй, физиотерапия.
гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О. Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке - гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылады. Жақсы емдік - профилактикалық тәсіл ол жануарды жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т. б. ) [6, 9, 10] .


Иық сүйектерінің сынықтары
Иық сүйектерінің сынықтары иттерде, жылқыларда және ірі қараларда кездеседі. Жылқыларда иық сүйектерінің эксплуатациялық сынықтары аяқ сүйектері сынықтарының жалпы саның 5, 5% құрайды.
Сүйектердің жарақаттануының түріне қарай сынықтар эпифизарлы, метафизарлы болады. Иық сүйектерінің сынықтары толық емес, жабық және ашық, қарапайым және күрделі болады.
Этиология: ұрылулар, қатты соққылар, таю және кенеттен қатты затқа құлауы сынықтардың негізгі себептері. Бұл құбылыстарға себеп болатын сүйек ұлпаларындағы патологиялық өзгерістер немесе олардың мықтылығын әлсірететін ертеде пайда болған аурулар. Әсіресе, остеомилиелит, микоз, остеопороз, остеомаляция, рахит, авитаминоз, және остеодистрофия. [6, 9, 10] .
Бурятск АССР аудандарында В. А. Матвеев, И. А. Ленец, Г. В. Иванов остеодистрофиямен ауырған қойларда кенеттен болаттын иық, сан және т. б. сынықтарды тексерген. Авторлардың ойынша, қойлардағы остеодистрофияның негізгі себебі ашығу болып табылған.


2. Сүйектің сынуларының пайда болу себептері
Кальций алмасуының бұзылуы. Азыкпен, сумен ас корыту мүшелеріне түскен кальций (көмір қышкылы және фосфор қышқылы тұздары түрінде) Д витаминінің қатысумен аш ішектің кілегейлі қабығы аркылы бойға сіңеді. Денедегі кальций тұздары түгелдей дерлік (99%) сүйек құрамындағы протеинмен байланысқан, ал қалғаны қан мен токыма сұйығында еріген, Әдетте сүйек құрамындағы кальций деңгейі біршама тұрақты, тек эпифиз бен метафиз кемігенде ғана оның мөлшері не көбейіп не азайып отырады.
Кальций денеден негізінен тоқ ішектің кілегейлі қабығы арқылы, аз мөлшерде бүйрек, бауыр, кейбір бездер арқылы сыртқа шығарылып тасталады [8, 11, 15] .
Кальций алмасуы жүйке және ішкі секрециялы бездер қызметімен реттеліп отырады. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе қалқанша без бен қарбалас қалқанша без гормондарының маңызы зор: кальцитоцин шамадан тыс көп болса қанда кальций мөлшері азаяды да (гипокальцемия), сүйекте көбейеді, ал жеткіліксіз болса, керісінше, сүйекте кальций азаяды да қанда көбейеді (гиперкальцемия) . Паратгормон әрекеті кальцитонин әрекетіне қарама-қарсы.
Токымада кальций бар-жоғын күмістеу тәсілдерімен анықтауға болады: тоқыма кесіндісіне азот қышкылды күміс тамызылса кальций шөгінділері караяды. Кесіндіде кальций тұзының түйіршіктері мен үйінділері гематоксилинмен көкшіл-қара түске боялады.
Кальций алмасуының бұзылуы сүйекте кальцийдің азаюына, оның тұздарының әдетте кездеспейтін жерлерде -жұмсақ токымаларда шөгуіне әкеліп сокады.
Сүйек тоқымасында кальций тұздарынын азаюы остеомаляцияға, фиброзды остеодистрофия мен рахитке тән құбылыс.
Остеомаляция көбінесе ересек күйіс қайыратын малда, етқоректілерде кездесетін дерт, оған ұшыраған малдың сүйегінде кальций тұздары азаяды, осыған орай сүйек жұмсарады.
Метастаздық әктену, ягни денеге кең тарайтын процесс. Оның негізгі сипаты қанда кальцнй тұздарының шамадан тыс көбеюі (гиперкальциемия) . Себептері: сүйек зақымданып (сыну, қатерлі ісік шығу), ондағы кальций тұздары „жуылып" қанға өтуі, остеомаляция, қарбалас қалқанша без қызыметінің күшеюі салдарынан туған остеодистрофия, тоқ ішектің және бүйректің созылмалы қабынуы, Д витаминінің денеге шамадан тыс көп болып түсуі, т. б.


3 Техникалық қауіпсіздік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz