Қойдың безгек ауруы, алдын алу


Slide 1

Қойдың безгек ауруы, алдын алу.

Slide 2

Жоспар Негізгі бөлім 1Этиологиясы 2Эпидемиологиясы 2. 1Ауыратындар 3Патогенезі 4Клиникасы 4. 1Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері: 5Асқынулар 6Анализ жасау және емдеу жолдары 6. 1Емі 6. 2Аурудың соңы 6. 3Диспансеризация 7Алдын алу жолдары Пайдаланған әдебиеттер Қорытынды

Slide 3

Безгек - карапайымдылармен шақырылатын, дұрыс интермиттеуші қызбамен, анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және аурудың кайталануымен сипатталатын ауру, яғни жедел антропонозды трансмиссивті инфекция. Аурудың таралуы. Тарихы мәліметтер. Безгек ежелден белгілі. Ежелгі Египет, Қытай қол жазбаларында осы ауру туралы жазылған. Аурудың ғылыми зерттеу тарихы 1640 жылы Хуан дель Вего «хин» ағашының тұндырмасын осы ауруды емдеу үшін қолдануынан басталды. Мортон 1896 жылы аурудың клиникалық белгілерін сипаттап жазды. Алжирде француз дәрігері Лаверан 1880 жылы безгек қоздырғышын ашты. Голдги 1888 жылы Pl. vivax пен Рl. malaria бар екенін анықтады. 1889 жылы Сахаров Н. А., Марчифпави және Целл 1890 жылы Р. falciparum туралы сипаттап жазды. 1891 жылы Д. А. Романовский бояу әдісін ұсынды. 1897 жылы Роналд Рос Үндістанда безгектің тасымалдаушысы маса екенін эксперимент жүзінде дәлелдеді. 1922 жылы Африкада Стефенс P. ovale ашты. Ағылшын зерттеушісі Шоле волонтерлердің бауырынан Р. vivax-ң тіндік формаларын анықтады. 1976 жылы А. Л. Лысенко Р. vivax спорозиттердің генетикалық әртүрлілігі туралы ой айтты

Slide 4 Slide 5

Кейін Чех зерттеушісі Кротоывский оны эксперимент жүзінде дәлелдеді. Эгиологиясы. Безгек коздырғышы Protozoa типіне, Sporozoa класына, Plasmodiidae тұқымдастығына туыстастығына жатады. Қоздырғыштың 4 типі белгілі: Р. vivax - оны 1890 жылы Glassi және Fellet, Р. оүаіе - оны 1922 жылы Stephens ашты. Бұл екеуі де 3 кұндік безгек қоздырғышы болып табылады. Р. malaria 4 күндік безгек қоздырғышы (1881 жылы Бейран), Р. falciparum - тропикалық безгек қоздырғышын 1897 жылы Welсһ ашты. Безгек коздырғышының дамуының екі түрін ажыратады: жынысты түрі (спорогония) бұл Аnopheles масасының аналык түрінің организмінде өтеді жене жыныссыз түрі (шизогония) - бұл аралық ие адамның организмінде өтеді. Спорогония климаттык географиялык ортаға байланысты. Сыртқы орта жоғары температурасы спорогония ұзақтығын қыскартады, ал оптимальді температурада (і°25) спорогония 2 аптаға дейін созылады, температура 16°С төмен болғанда ол токтайды. Аnорһеlеs масасының ұрғашысы ауру адамның немесе паразит тасымалдаушының канымен қоректенгенде плазмодийлердің жынысты формаларын жұтады, Маса асқазанында аналық гаметоцит макрогаметаға айналады, ал аталық гаметоцит 4-8 талшык микрогаметаны шығарады, олар үзіліп макрогаметаға енеді, ол ұрықтану нәтижесінде Эритроцитарлы шизогония кезінде тіндік мерозоит жас жетілмеген трофозоиттан (өсіп келе жатқан форма) ересек шизонтқа (даму устіндегі форма) кейін эритроцитарлык мерозоит жетілген шизонтқа (морулалар) дейін дамуы өтеді.

Slide 6

Безгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, , анемиямен өтетін антропонозды инфекция. . Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады. [1]

Этиологиясы

Қоздырғышы- Plasmodium тұқымдасының, Spjrjzela класының қарапайымдылары. Адамда плазмедийлардың 4 түрі ауруды тудырады:

P. vivae- 3 күндік безгектің қоздырғышы

P. falciparum- тропикалық безгектің қоздырғышы

P. malariae- 4 күндік безгектің қоздырғышы

P. elale- овале безгектің қоздырғышы

Плазмодийлардың биологиялық циклі 2 түрде өтеді:

спорогония (жыныстық циклы) Anopheles тұқымдас масалардың организмінде өтеді.

щизогония (жыныссыз цикл) адам организмінде

Масалар ауру адамды немесе тасымалдаушыларды шаққан кезде қанмен бірге маса организміне еркек және ұрғашы гематоциттер енеді. Спорогония 1 - 1-5 ай ішінде өтіп, спорозиттер қалыптасуымен аяқталады. Адам организміне спорозиттер инфекцияланған масаның сілекейімен де (шаққан кезде) щизогония 2 кезеңмен өтеді:

бауыр клеткаларында - тінді щизогония

эритроциттерде - эритроцитарлы щизогония

Тінді щизогония ұзақтығы:

P. vivae- 6 тәулік

P. falciparum- 8 тәулік

P. malariae- 15 тәулік

P. elale- 8 тәулік

Эритроцитарлы щизогония ұзақтығы: P. vivae- 48; P. falciparum- ; P. malariae- ; P. elale- ;

Slide 7

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі: ауру адам, тасымалдаушы және Anopheles тұқымдас масалары. Инфекцияландыру уақыты:

тропикалық безгекте - 1 жылға дейін

3 күндік және овале безгекте 1-2 жыл

4 күндік безгекте - көп жылдар (10 жылдан аса)

Тарау механизмі трансмиссивті. Таратушысы: Anopheles тұқымдасының масалары. Тарау жолдары - трансмиссивті (гемотрансфузиялық) сирек:

трансплацентарлы

босанған кезде

Ауыратындар

Эндемиялық ошақтарда көбінесе жас төлдер ауырады. Қабылдау мүмкіншілігі- жоғары. Иммунитет: тұрақты емес, түріне байланысты өте баяу түрде қалыптасады.

Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған.

Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Жаппай 42-72 сағат аралығында шығады. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40, 6-ға дейін көтеріледі. Және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.

Slide 8 Slide 9

Патогенезі

Тінде шизогония безгектің барлық түрлерінде инкубациялық мерзімге сәйкес өтеді. Безгектің барлық клиникалық көріністері эритроцитарлы щизогонияға байланысты: инкубациялық мерзім аяғында эритроциттердің ішіне тінді меразоиттар енеді.

эритроцитарлы шизогония басталады

Оның ұзақтығы:

3 күндік 48 сағат

тропикалық - 48 сағат

овале безгекте - 48 сағат

4 күндік безгекте - 72 сағат.

Нәтижесінде безгек пароксизмі пайда болады. Безгек пароксизмі бұл эритроцитарлы щизогония нәтижесінде пайда болатын пирогенді заттарының патогенезі әсеріне сенсибилизденген организмнің спецификалық емес жауапты реакциясы. Әр ұстама кезінде:

қанға биологиялық белсенді заттар шығады

тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды

қан сұйықтығы тінге шығып, ісіндіреді

трембтар пайда болады

Анемия пайда болуындағы жағдайлар:

паразитемияның деңгейі

зақымдалған эритроциттердің саны

аутоиммунды өзгерістер (гемолиз, әсіресе тропикалық безгекте)

Slide 10

Клиникасы

Безгек үстамасы әдетте 3 сатыдан тұрады:

Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Науқас 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалтырайды.

Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 40°-қа дейін және одан да жоғары көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтайды. Ыстық бірнеше сағат немесе күн бойы сақталады.

Ақырында адам малшына терлейді және ыстық түседі. Ұстамадан кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды.

Әдетте адамда безгек кезінде әр 2-3 күн сайын қызу болады (безгектің түріне қарай), ал ұстама басталатын кезінде қызу күн сайын қайталайды. Ыстықтың түсуі мен кетерілуі оқтын-оқтын өзгеріп тұрады Сондықтан себепсіз ыстығы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексерту керек.

Созылмалы безгек көбіне талақтың үлкеюі мен қанның азаюына себепші болады.

Жас балаларда беттің бозаруы мен қанның азаюы бір-екі күннен кейін басталады. Бұл жағдай безгек миды зақымдаған кезде болады (церебральды безгек), қызба үстамасы естен тану үстамасына жалғасады. Науқастың қолы көгіс тартады, демалысы жиілеп, тереңдейді. (Ескерту: Емшек сүтін ембеген балалар безгекпен тым жиі ауырады) .

Slide 11

Безгектің 4 түрі бар:

3 күндік

4 күндік


Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық ауруларға профилактика
Денесінің сыртқы бөлшектенуі
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев Атындағы Мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК
Қой эстрозын балау
Энтомология. Гиподерматоз және Эстроз
Елдің шекарасы мен аумағына АҚИ мен карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен енуінен санитарлық қорғау
Жануарлардың филяриотоздары және оларға қарсы ветеринарлық-санитарлық шаралары
Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар
Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Айқын мысал - өсімдіктерде кездесетін алкалоид хинин
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz