Ауески ауруы



Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Алматы-2017ж
“Биологиялық қауіпсіздік “кафедрасы

Жоспар:
I. Кіріспе. Ауески ауруы
II. Негізгі бөлім
2. 1. Ауески ауруының қоздырушысы
2. 2. Клиникалық белгілері, патогенезі
2. 3. Патологоанатомиялық өзгерістер
2. 4. Ауески ауруының диагностикасы
2. 5. Ажыратып балау және иммунитет
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) - жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышыма белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылыгына тигізер зияны айтарлықтай.

Қоздырушысы - Suid herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастыгына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.
Жетілген вириондары 180-190 нм, липопротеидгі қабығы бар. Барлық ауыл- шаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар, жабайы жануарлар мен кемірушілер үшін зардапты. Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал, сондықтан оны балау үшін биосынамаға пайдаланады. Табиғатта уыттылығы әр түрлі штаммдары кездескенімен бұл вирус антигендік қасиеті жағынан біркелкі.

Ауески ауруының қоздырушысы

ӨСІРУ
Вирусты алғашқы, тұрақты клетка өсінділерінде, тауық эмбрионында және үй қояндары мен ақ тышқандарды зақымдау арқылы өсіруге болады.

Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланысты. Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады, кейде құсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошқалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда аталған белгілерімен қоса мұрынынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жұтқыншағы мен көмейі салдану байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді.

Ауески ауруымен ауырған шошқа


Иттің миында ауески вирусы
Шошқаның бадамша безіндегі эпителий клеткаларындағы ауески вирусы

Алдын-ала диагнозды індеттанулық және клиникалық белгілері, патанатомиялық және зертханалық тексерудің нәтижесі арқылы қояды. Аурудың басты белгісі - қышынып, терінің үйкелуі. Шошқа қышынбайды. Торайларда энцефалиттің белгілері, ал ересек шошқаларда тұмауратқан пневмонияның белгілері басым болады. Иттер мен мысықтардың арасында болған ауру мен өлімді, кемірушілердің жаппай қырылуын ескеру қажет.

Серологиялық зерттеу

A, F, H теріс реакция C және D бақылау реакциясы, қалған реакция оң нәтижені көрсетіп тұр.

Ажыратып балау
Құтырақ
Шошқа обасы
Сальмонеллез
Колибактериоз
Листериоз
Тұмау
Тешен ауруы

Ауески ауруымен ауырған мысықтың басы
Ауески ауруы кезінде ми тамырының айналасына жиналған клеткалар

Ауески ауруына қарсы вакциналар

Иммунитет. Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті иммунитет қалыптасады. Аурудан жазылған шошқаның қан сарысуында вирусты бейтараптаушы антиденелердің титрі 1:32-1:256 шамасында болады. Енесін еміп жүрген торайларда уыздан ауысқан коластральді иммунитет болады. Бірақ, оның күші мен ұзақтығы шамалы ғана.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ш. Б. Мырзабекова, Ветеринариялық вирусология. -“Білім”-2004ж.
К. Н. Қожанов, Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары /қосымша оқу құралы/, Семей, 2005 ж.
К. Н. Қожанов, А. З. Дюсембаева, С. О. Балтыбеков, А. К. Омашев. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларының практикумы. - Семей, 2000ж.
А. В. Васильев, Диагностика внутренних болезней домашних животных. - М. : Сельхозиздат, 1956

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz