Асфавирустар туғызатын ауруларды диагностикалау
Презентация қосу
Асфавирустар туғызатын
ауруларды диагностикалау.
Тарихи деректер :
Шошқалардың африкалық обасы ХХ ғасырдың басынан
ғана танылып келді, оны Р. Монтгонори 1921 жылы ашты.
1910-1915 жылдары өткізілген эксперименттерге сүйене
отырып, Кенияда Р. Монтгонори вирустың табиғатын толық
сипаттап, вирус этиологиясын орнатты, классикалық
шошқа обасының иммунологиялық өзгешелігін, таралу
механизімін, қоздырушы иесі туралы жазды. Бірінші рет бұл
ауыруды Оңтүстік Африка елдерінде тіркеген. 1957 жылы
бұл ауыру Анголадан Португалияға кіргізілген. 1960 жылы
ауыру қайта өршіп, Испания территориясында тараған. Бұл
елдер 30 жыл бойы шошқа обасының ошағы болып келді.
Бұрынғы КСРО аумағында шошқа обасы
өткен ғасырдың 2-жартысында тіркелген. Ауру
1977 ж. Одесса обылысында пайда болды.
Қоздырушысы: Asfarviridae тұқымдастығы,
Asfarvirus туысы, ДНҚ вирустарға жатады.
Морфологиясы мен химиялық құрамы: Вирионның пішіні
шар терізді, диаметрі 175-215 нм, тығыз нуклеоидтен тұратын,
капсидінің симметриясы икосаэдр тәрізді және сыртында
липопротейдті қабықшасы бар. Нуклеоиді 2 жіпті ДНҚ және
молекулалар салмағы 10x107Д. Капсид 2 қабатты қабығы бар және
ол 1892-2171 капсомерден тұрады. Сыртқы липопротейдті
қабықшасы 2 қабаттан тұрады.
Вирустың төзімділігі
+5ºC 5-7 жыл активтілігін сақтайды, +20-22ºC 18ай,
37ºC 10-30 күн, 60ºC 20 минут сақталады. Шошқа
өлексесінде 2 айдан кейін инактивтенеді, шошқа
нәжісінде - 16 күн, топырақта - 190 күндей,
тоңазытқышта - 30-60ºC 6-10 жылға дейін, күн
сәулесінен 40-45минутта, ауру шошқа етінде 5-6 айдан
кейін өледі. Бұл қоздырушыға дезинфекциялық зат
ретінде активті түрде хлор препараттары (5% хлорамин,
хлорлы әк, кальций және натрий гипохлориді)
қолданылады.
Вирустың антигендік құрылымы.
Вирус құрамына комплимент байланыстырушы,
преципитациялаушы және типтік гемодсорбциялық
антигендері кіреді. Вирусты 2 антигендік топ
орнатылған А, В. Ағзада вирус барлық штаммдарға
ортақ преципитациялаушы, комплимент
байланыстырушы және гемадсорбцияны тежейтін
антиденелер өндіреді, вирусбейтараптаушы антидене
түзілмейді .
Шошқаның африкалық обасы
(Pestis africanasuum )
Жоғары контагиозды вирустық ауру, безгекпен, терінің
цианозымен, геморрагиялармен және жоғарғы
латенттілікпен сипатталады. Бұл ауыруды алғаш рет 1921
жылы ағылшын зерттеушісі Р. Монтгомери тіркеген.
Ауруға үй және жабайы шошқалар
тұқымы мен жасына тәуелсіз,
сезімтал келеді. Бұл ауру жылдың
кез келген уақытында әсіресе қыс-
көктемдік кезеңде тіркеледі.
Африкада жабайы шошқа бұл
вирус ошағы болып табылады,
оларда ауру (инфекция) белгісіз
түрде өтеді.
Жануарлар азықпен, респираторлық
жолмен, зақымдалған теріден және
агарасты кенелердің шағуынан ауру
жұғады. Африкалық шошқа обасы
эпизоотия түрінде өтеді және
жоғарғы латенттілікпен сипатталады.
Ауру ағымы мен белгілері. Әдетте
инкубациялық кезеңі 2-7 күндей, ол вирус
штаммдарының вируленттілігіне, вирус
мөлшері және зақымдау жолдарымен
байланысты. Ауру шошқаның
температурасы 40,5-42oC дейін
көтерілуінен басталады, бұл температура
жануар өлгенге дейін сақталады. Бұл
уақытта жануардың жүдеуі, қимыл
қозғалысының бұзылуы, өкпенің
қабынғаны байқалады.
Содан кейін көзге көрінетін кілегейлі
қабықтарда гипермия пайда болады,
терінің қан құйылып көгеруі байқалады,
әсіресе іш және жақ астында анық
көрінеді. Кейде ас қорыту бұзылыстары
– қанды іш өту байқалады. Буаз
шошқалар іш тастайды. Кейбір
шошқаларда орталық жүйке жүйесі
бұзылуы мен мұрыннан қан кету
байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер аурудың
ену жолына тәуелсіз, вирус организмде әртүрлі
мүшелерде септикалық құбылыс пен геморрагиялық
диатез, қабынулар, дистрофиялық және некроздық
өзгерістермен сипатталады.
Вирусты бөліп алу. Вирус ауру малдың барлық
ұлпалары мен мүшелерінде табылған.
Организмнен вирус қанмен, нәжіспен, зәрмен,
сілекеймен және шығарылған деммен бөлінеді
және жұғады. Ауырып жазылған жануарлар өмір
бойы вирустасымалдаушы болып қалады.
Зертханалық балау. Әртүрлі жолдар арқылы вирусты бөліп алу,
антиген мен антиденені табуды қосады. Бұл үшін зертханаға:
қанды, қан сарысуын, іші қуыс сүйекті, паринхиматозды
мүшелерді жібереді.
Зертханада бұл
материалдарды:
Вирусты клетка
культурасында бөліп
алу және ДПР, ГАЖР,
ҚКИЭФ реакциялары
арқылы
идентификатциялайды.
Гемадсорбция қасиеті. Шошқаның жілік майы мен лейкоцит
культурасында, бұзылған клетка бетінде эритроциттердің
адсорбция көрінісі байқалады. Сырттай көрінісі бұл тұт ағашының
жемісіне ұқсайды. Мұндайда эритроцит лейкоцит қабығына
жабысып, оның формасы шарға ұқсайды, кейде клетканы барлық
жағынан жабады.
Вирусты өсіру үшін 3-4 айлық торайларды қолданады, оларды
әртүрлі жолмен зақымдайды, әсіресе бұлшық ет астына. Егерде
шошқада аурудың клиникалық белгілері 4-6 тәулік байқалса, онда
ауру малды өлтіреді және ол вирустасымалдаушы болғандықтан,
қаны мен көкбауырын зертханалық балауға қолданады.
Вирусқа лейкоцит
культурасы мен жұлын
миының макрофагы,
адаптациядан кейін торай
бүйрегінің торшасы, Макака
Vero-клеткасы сезімтал
келеді. 48-79 сағаттан кейін
ол клеткадан
цитоплазмалық
сұйықтықтың ағып кетуін
тудырады, сол себепті көп
ядролы гигант торшалар
(симпластар) пайда болады.
Вируспен инфекцияланған
культура өсіндісінен ИФР
арқылы анықтайды. 2-4
айлық торайларға биосынама
қойылады. Вирусқа қарсы
антиденені ИФР, ҚКИЭФ
реакциялары арқылы
анықтау.
Африкалық шошқа обасының
арнайы препараттарымен
профилактикасы жоқ.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz