Аренавирустар: құрылысы, түрлері және клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы


Slide 1

Аренавирустардың әсерінен туындайтын аурулар диагностикасы

Slide 2

Аренавирус (лат. Arenaviridae, гр. arenosa - құмды) - вирионындағы рибосомасы құмға ұқсас болғандықтан құмды деп аталады. Вирион пішіні шар тәрізді, диаметрі 120нм құрайды. Капсиді спираль тәрізді. Сыртқы қабаты гликопротейдті инелерден тұрады GP1 және GP2. Қабық астында құмға ұқсас 12-15 клеткалық рибосомалары бар. РНҚ-лы вирус. Құрамында 5 белок, вирустардың 13 мүшесі кездеседі.

Slide 3

Аренавирустар -Arenaviridae (латынның- arena-құм деген сөзінен алынған) тұқымдасына жататын вирустардың ішкі жағында құм тәрізді түйіршіктер бар. Вириондарының пішіні әртүрлі, көбісі сфералық, вирионның сыртқы жағында липопротеидтен тұратын қабықшасы бар. Үлкендігі 50-60 нм, нәсілдік қасиет (геномы) үзілмелі, 4 бөліктен тұратын бір жіпті, сызықшалы РНҚ-нан тұрады. РНҚ-ның мас. салмағы 3, 2 mD, “теріс жіпті”, вирионның әрқайсысы спираль тәрізді симметриядан тұрады. Вирустың құрамында 1-3 полипептид, РНҚ-на тәуелді РНҚ- құрайтын полимераза ферменті бар. Аренавирустар торшаның цитоплазмасында өсіп жетіледі, вирион цитоплазма мембранасының бүршіктенуі арқылы бөлінеді. Аренавирустар табиғатта белгілі бір аймақта ғана тарайтын аса қауіпті жұқпалы аурулар таратады, олардың экологиясы кемірушілерге байланысты.

Slide 4

Вирус қоздырушысының құрылысы

Slide 5

Вирустың микроскопиялық көрінісі

Slide 6

Аренавирус 4 топқа бөлінеді:

Лимфоцитарлы хориоменингит вирусы

Хунин және Мачупо вирусы

Ласса вирусы

Такарибе кешенінің вирусы

Slide 7

Лимфоцитарлы хориоменингит вирусы

Вирусты 1934 жылы Армстронгом және Лилли, Сент-Луис энцефалитінен қайтыс болған адам миының суспензиясымен жұқтырылған маймылдан бөліп алған. Вирионының диаметрі 37-55нм құрайды. Вирус қоздырушысына маймыл, ақ тышқандар, теңіз шошқалары, иттер, сұр тышқандар және тауық эмбрионы жұғымтал болып келеды, ал құстар, шошқалар және қояндар бұл вирусқа сезімтал емес. Бұл вирус адамдарда серозды менингит тудырады. Таралуы Австралиядан басқа, бүкіл әлем бойынша тіркелген.

Slide 8

Ласса вирусы

Вирус 1970 жылы ауру адамнан Бакли және Касальсомнан бөлініп алынған. Жаңадан туылған тышқандар онша сезімтал емес, егер миға көп мөлшерде тышқандар өлімге ұшырайды. Вирус мида көбейіп, қозады және зәрі арқылы бөлінеді. Ал ересек тышқандарда жұқтырылғаннан кейін 83-ші күннен бастап зәрмен бөлінеді. Таралуы Нигерия, Либерия, Сьерра-Леоне, Республика Гвинея, Орталық африканска Республикасында.

Slide 9

Хунин және Мачупо вирусы

Вирусты 1963 жылы Джонсон деген ғалым қоздырушысын ауырған адамнан және кеміргіштерден бөліп алған. Вирус көлемі 120-180нм құрайды. Жаңадан туылған тышқандар, хомяктар сезімтал болып келеді. Жұғу жолдары жұқтырылған кеміргіштер. Таралуы Боливияның Солтүстік-шығыс аймақтары.

Slide 10

Такарибе кешенінің вирусы

Вирусты 1956 жылы Даунс деген ғалым 8 түрлі масалардан және жарқанаттардың миынан, сілекей бездерінен жаңа туылған тышқандарға жұқтыру арқылы бөліп алған.

Вирус ақ жарқаннатардың ең алғаш миын зақымдайды және 6 күндік тауық эмбриондарын зақымдайды.


Ұқсас жұмыстар
Энтеровирустардың этиологиясы, таксономиясы, морфологиясы және клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы
Тогавирустар мен рабдовирустар: альфавирустар, құтыру вирусы және клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы
Амебиаз: эпидемиологиялық сипаттамасы, клиникасы, емі және профилактика мен бақылау алгоритмдері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2012 жылғы 8 айдағы АИВ-инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы, клиникалық сипаттамасы және профилактикасы
Эпидемиологиялық зерттеулер: әдістері мен түрлері
Медициналық гельминтология: цестодалардың құрылымы, өмірлік циклдері және клиникалық-эпидемиологиялық маңызы
Анемиялар: патогенезі, түрлері және клиникалық-патологиялық сипаттамасы
Сібір жарасы (Bacillus anthracis): қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық көрінісі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайы
Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық зерттеу: әдістер, тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Науқастардың ауруға қатынасының түрлері мен клиникалық-психологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz