Тироксин гормоны және қалқанша безі қызметінің бұзылуы




Презентация қосу
Тироксин гормоны және
қалқанша безі қызметінің
бұзылуы
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр.
thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без
сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан
қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер
безпаренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер
көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады.
Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин —
тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид
толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі
клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы
немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына,
өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың
алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин
және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады.
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция
бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына
орналаскан. Оның массасы адамда 20-40 г, жылқы мен сиырда -25-40 г,
шошқада — 15-20 г, қой-ешкіде 5-10 г, тауықта 40-100 мг. 50 жастан әрі
қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған
баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
белоктардың, кемірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп,
ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен
бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша
без гормондары денедегі су мен минералды заттардың алмасуын реттейді,
ас қорыту ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады.
Аурудың белгілері:
Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны
төмендеп, организм әлсірейді, бұлшық ет болжырап, дене
температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв
жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет
бұзылады. Жүрек соғысы баяулайды, қозғалысы бәсеңдеп, ойлау
қабілеті нашарлайды, шашы түсіп, сирейді,организм ісінеді .
Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей,
жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы
бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр.
«сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.
Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы
бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің
концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін
гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде
болуына көмектеседі
Организмде йод жетіспеген жағдайда без
шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер
қабырғасы керіліп, бездің көлемі өседі,
секрециялық торшалар қысылып, олардың
қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі
бәсендейді, организм жемсау (зоб) ауруына
шалдығады. Без қызметі мүлдем тоқтаса
шырышты ісік — микседема, байқалады.
Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып,
салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сондыктан оны
алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және
болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына
2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен
мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір
түйірінің құрамында 1 мг йодты калий
бар.Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері
0,15-0,20 мг болуы керек.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді;
жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің
қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше
арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері
бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды
бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс
дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.
Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп
алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен
де емдейді.
Қалқанша без кызметі жыл маусымына, организмнің
физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің
белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүттену
кезеңдерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.

Ұқсас жұмыстар
Қалқанша маңы безі
Ұйқы безі бездері
Жыныс бездері
Қалқанша безі гормондары
Айырша без
ІШКІ СӨЛ БЕЗДЕРІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Қалқанша безі
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Тироксин - зат алмасу реакциясын реттейтін гормон түрі
Қалқанша бездің құрылысы
Пәндер