Майлардың қорытылуы мен сіңу процесінің бұзылуы




Презентация қосу
Өт қышқылдарының және липаза
ферментінің майларды қорытудағы рөлі .
Майлардың қорытылуы мен сіңу
процесінің бұзылуы.
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Майлардың организімде қорытылуы
2.2 Майлардың сінірілуінің бұзыуы
Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады.
Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді.
Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай
липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет
— олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында).
Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде,
хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты
(грекше hydor — су және phobos — қорқыныш) қасиет көрсетуінің
жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының
ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид
молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы
ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде
жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады.
Липидтердің ішінде көп таралғаны және
ең негізгісі —майлар. Майлардың
химиялық құрылымы күрделі болып келеді.
Оның молекуласы үш атомды спирт —
глицерин мен жоғары молекулалы май
қышқылдарынан тұратындығы мынадай
формулада бейнеленген:
Липидтердің қарында қорытылуы
Майдың қорытылуы қарында басталады. Бірақ онда толық
жіктеліп қорытылып бітпейді. Қарынның қозғала алатын
ерекшелігіне байланысты, майдан қою эмульсия түзіледі. Бұл
құбылыс ферменттердің әсерін жеңілтетеді. Қарындағы қоректердің
ішінде липаза бар. Бірақ оның қасиеттері ұйқы безі липазасынан
өзгеше, ұйқы безі липазасының ең қолайлы рН деңгейі 6-7 болса,
қарын липазасы рН көрсеткіші 3,5 болғанда активті. Бұл липаза
көбінесе көміртегі атомдарының тізбегі ұзын емес, орташа болатын
май қышқылдар эфирлерін гидролиздейді. Бұл кезде босап шыққан
май қышқылдары тікелей қарын арқылы сіңіеді. Жаңа туған
сүтқоректілерде липаза ерекшк қызмет атқарады. Өйткені сүтте
төменгі молекулалық май қышқылдарының триглицеридтер болады.
Майлардың ішекте қорытылуы.
Майлардың негізгі қорытылуы 12 елі ішекте өтеді, оған әсер етуші
ұйқы безінің липаза ферменті. Мұнда қоректік заттар жиынтығы
өттің, ұйқы безі солінің және ішек секреттерінің әсеріне ұшырайды.
Липидтердің қорытылуында және олардың гидролизі өнімдерінің
сіңуінде өт қышқылдары маңызды рол атқарады.
Өт қышқылдары өтпен бірге өт қалтасыфнан шығады. Торт түрлі
өт қышқылы белгілі. Олар: холь қышқылы, хенодеоксихоль
қышқылы, дезоксихоль қышқылы, литохоль қышқылы. Бұл
қышқылдар өт құрамында тиісінше 50,30,15,5% мөлшерінде
кездеседі. Бұлар пептидтік байланыс арқылы глицинмен немесе
тауринмен байланысқан. Соның әсерінен осы қышқылдар ас
қорытушы барлық ферменттерге төзімді келеді. Мұндай комплексті
байланысу өт қышқылдарының ерігіштігін жақсартады. Өт
қышқылдарының байланыспаған тұздары рН көрсеткіші 7-ден
төмен кезде тұнбаға шөгеді. Өт қышқылдарының глицинмен немесе
тауринмен қосылған комплекстері натрий тұздары түрінде кездеседі.
Өт қышқылдарының қызметі – липидтердің эмульсияға
айналуын және еруін стимулдеу. Сөйтіп липаза ферментінің әсерін
жеңілдету.

Ұқсас жұмыстар
МАЙЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ
Май мен нәруыз алмасуының бұзылыстары
Липидтер алмасуы
Зат алмасу
Май қышқылдарының алмасуы
Зат алмасудың типтік бұзылу патологиясы
МАЙДАН АШЫҒУ
Бауырдың потологиялық физиологиясы
Көмірсулары алмасуының бұзылыстары
ЗАТ АЛМАСУДЫҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Пәндер