Инсулин гормоны және ұйқы безі жұмысының бұзылуы



Инсулин гормоны және ұйқы безі жұмысының бұзылуы

Ұйқы безі (поджелудочная железа) (лат. pancreas - ұйқы безі) -сыртқы және ішкі секреция безі. Ол бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15-22 см, құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады. Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны, ал қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқыбездің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады.


Ұйқы безі ауруларына соқтыратын себептер. Дертті дамытатын негізгі себептер - алкогольдік ішімдікке үйірлік және өттасы ауруы. Ішімдіктен болған панкреатит аурулардың 25-60%-да негізінен ер адамдарда кездеседі. Өт қабы ауруларынан туындаған панкреатиттер 25-40% жағдайда, көбіне әйелдерде ұшырасады. Аталған екі топқа тағы үшінші топ - ұлтабардың аурулары қосылады, ал төртінші топқа бұдан басқа әртүрлі себептер жатады. Соңғы топқа жарақаттар, уытты дәрі-дәрмектер қабылдау, В және С гепатиттерін, паротитті қосқанда түрлі жұқпалар, қанда майдың шамадан тыс көп болуы жатады. Созылмалы панкреатит қантты диабет кезінде пайда болуы мүмкін. Кей адамдарда панкреатитке тектік бейімдік болады.


Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кезіесетін В- жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А- жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, үйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР- жасушалар гормоны
қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді. Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.


Лангерганс аралшығында екі түрлі клетка түрі - α және β клеткалары бар. Олар екі түрлі гормон бөліп шығарады. Ол екеуі инсулин және глюкагон деп аталады және олар біріне-бірі қарама-қарсы қызмет атқарады.
Инсулин - бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді.
Глюкагон-бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді

Инсулин (лат. insulinum insula - арал) - эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В-инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В-инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақсы жетілген. Бета - безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин
дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді.

Инсулин гормонының физиологиялық маңызы:
1. Бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады: сондықтан инсулинді «сараң сарбаз» деп атайды.
2. Жасушалардың қантты пайдалануына әсер етеді.
3. Көмірсулардың майға айналуына әсер етеді.
4. Гликонеогенезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын тежейді. Инсулин, диабетпен ауырған адамның бұзылған зат алмасуын жөнге келтіреді. Бірақ тамақтың құрамына, қасиетіне, қандағы қанттың мөлшеріне қарай ауру оны күнделікті қабылдап отыру керек. Инсулинді тек қана тері астына жібереді, себебі оның негізі белок болғандықтан, ішкенде асқорыту ферменттері оны ыдыратып жібереді.

Паталогиясы. Қандағы глюкоза мөлшерінің қалыпты деңгейін ауытқуы паталогиялық көрсеткішке жатады және оны гипо немесе гипергликемия деп атайды. Егер қандағы глюкозаның концентрациясы 0, 5 г/л дейінгі деңгейге төмендесе терлегішітік, тахикардия, ашқарақтық және қозғыштық пайда болады. Егер глюкоза мөлшері одан әрі төмендесе - гипогликемиялық комаға ұласады. Гипогликемиялық кома негізінде адам есінен танады, ақыры өлімге әкеліп соғы мүмкін. Мұндай жағдайда организмге глюкозамен глюкагон гармонын енгізу арқылы ғана адамды гипогликемиялық шоктан шығарып алуға болады.

Ұйқы бездік (шынайы)
Лангерганс аралшығының бета-жасушалары зақымданғанда дамиды.
Қантты диабеттің І түрінің негізін құрайды
Қалыпты және/немесе зақымданған бета жасушаларының иммундық зақымдануы
бета жасушаларының зақымдануы
инсулиннің түзілуі мен бөлінуінің бұзылуы (инсулиннің шынайы жеткіліксіздігі)
диабет
Ұйқы безден тыс (салыстырмалы)
инсулин өндіріледі, бірақ әсері болмайды
Патогенезі:
жасуша бетіндегі инсулиндік рецепторлардың азаюы және/ немесе зақымдануы,
инсулиннің пострецепторлық әсер етуінің бұзылуы;
инсулиннің қан нәруыздарымен тығыз байланысуы;
инсулиннің антиденелермен ыдыратылуы
инсулиннің антагонистерінің (контринсулиндік гормондар, БМҚ) артық болуы
инсулиннің бауыр инсулиназасымен ыдыратылуы
Қантты диабеттің II түрінің негізін құрайды
Патогендік жайттар:
вирустар (паротит, қызылша, қызамық, коксаки В)
химиялық жайттар (аллоксан, ауыр металл тұздары ж. б. )
Инсулин жеткіліксіздігі:

Инсулиннің безден тыс (салыстырмалы) жеткіліксіздігі
Симптомдар
Патогенезі
1. Гипергликемия
Глюкозаның қандағы артық мөлшері
галактозаға айналады
өзгерген синтезі
ангиопатиялар
Инсулиннің шынайы және салыстармалы жеткіліксіздігі
(инсулиннің жеткіліксіздігі, гормондық гипергликемияның патогенезін қараңыз. )
2. Глюкозурия
Қандағы глюкозаның деңгейі бүйректік межеден жоғары
Бүйрек өзекшелерінде гексокиназаның белсендігі төмендеген
алғашқы несептен глюкозаның кері сіңірілуінің төмендеуі
3. Полиурия
глюкоза алғашқы несептің осмостық қысымын арттырады, сол себепті судың кері сіңірілуіне кедергі жасайды
4. Гиперосмолялды гипогидратация
Полиурия
Гипергликемия
5. Полидипсия (шөлдеу, сұйықтықты көп ішу)
Гиперосмолялды гипогидратация
6. Полифагия (тағамды артық пайдалану)
Инсулин жеткіліксіздігінен қоректік заттардың қорытылуы бұзылыстары

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz