ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАНУАРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ




Презентация қосу
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАНУАРЛАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАНУАРЛАРДЫ
ЗАҚЫМДАУ ТӘСІЛДЕРІ.

Орындаған:
Тексерген:
Зертханалық жануарлар - биологияда, медицинада, ветеринарияда және
ауыл шаруашылығында ғылыми жұмыстарды жүргізу мақсатында
пайдаланылатын жануарлар.
Зертханалық жануарларға
жүргізілетін ғылыми
тәжірибелер мақсаты мен
міндеттеріне қарай таңдалып
алынады.

Зерттеу жұмысының тиімді де
жақсы нәтиже беруі үшін таңдап
алған түрдің тек биологиялық
ерекшеліктері ғана емес,
олардың мінез-құлықтары да
ескеріліп, жануарлардың өніп-
өсуіне және тіршілігіне қолайлы
жағдай жасалуы қажет.
Зертханалық жануарлардың қатарына
мамандардың ғылыми ізденістеріне қажетті
жануарлардың барлық тобы
(қарапайымдардан сүтқоректілерге дейін)
жатады: тәжірибе,негізінен,
омыртқалылардан – бақа, тышқан (бұлар
зертханалық жануарлардың 70%-ын
құрайды), егеуқұйрық, ит, мысық, қоян, майм
ыл, сонымен қатар тасбақалар мен
құстарға да,
ал омыртқасыздардан – дрозофила
шыбыны, кене, құрттарға, т.б. жүргізіледі.
Зертханалық жануарларды виварияларда ұстайды. Виварий,
хайуанхана - ғылыми мақсатта және биологиялық
сынамалар үшін зертханалық жануарларды ұстайтын және
өсіретін бөлме
Ақ тышқандар торда 1 еркек 5-6 ұрғашыдан
орналастырылады. Осы жерде тыш-қандардың
шағылысуы, көбеюі және өсуі өтеді.
Жыныстық жетілген тышқандардың салмағы
ұрғашысінікі – 18-19г, еркегінікі- 19-22г
болады. Тышқандардың буаздығы 18-25 күнге
созылады, туылған кезде тышқандардың
салмағы 1,5г болады. Тышқандарды 25-30
күндік жасында енесінен айырып, торларға
20-25 бастан орналастырылады. Бұл кезде жас
тышқандардың салмағы 8-10г -ға жетеді.
Қояндар торда 2-3-тен, ұрғашы,
еркегі бөлек орналастырылады.
Қояндардың жыныстық жетілуі 6
айда болады. Буаздығының
ұзақтығы 28-32 күнге созылады.
Туылған көжектер саны 1-12-ге
дейін болуы мүмкін. Көжектер
енесін 20 күнге дейін еміп,
жұмсақ азықтарды біртіндеп
қабылдай бастайды. Көжектерді
енесінен 1-1,5 айында біртіндеп
айырып, тор-ларға қоңдылығына,
жынысына байланысты 2-3 тен
топтайды.
Теңіз шошқалары торда 4-5-тен
орналастырылады. Теңіз шошқашықтарын шағы-
лыстыруға 9 айдан кейін ғана жібереді және
ұрғашысының салмағы 540г, ал еркегінің
салмағы 630г кем болмауы қажет. Теңіз
шошқаларын шағылыстыру үшін бос торға ең
алды-мен еркегі, содан соң 4 ұрғашысы
орналастырылады. Буаз теңіз шошқаларын жеке
торларға ауыстырады, олардың буаздығы 2 айға,
ал лактация кезеңі 1 айға созылады. 1 аналық
теңіз шошқашығы 2-3-тен балалайды. 1 айдан
кейін жас теңіз шошқаларын 5-6 бастан торларға
орналастырады.
Зертханалық
жануарларды зақымдау
тәсілдері
Құрсақ қуысы арқылы – жануарды
шалқасынан ұстап, басын бекіткеннен кейін
шприцтің инесін қарынның төменгі 1/3
бөлігіне, ақ сызықтан сәл ауытқыған жерге
салады.

Мөлшері 0,1-0,2 мл
аспау керек.
Күре тамырға – зерттеліп отырған
материалды үй қояндарына құлақтың шеткі
тамырына, тышқандар мен егеуқұйрықтардың
құйрық вена қан тамырына енгізеді. Зақымдау
алдында ол жерді ксилолмен немесе жылы суға
батырылған мақтамен сүртеді, ол
қантамырының қанға толып, оңай табылуына
себепші болады.
Тері арқылы зақымдау – теріні сол қолдың саусақтарымен жинақтап тұрып,
инені терінің ішіне енгізеді. Егер дұрыс салынған болса тері томпайып
шығады.
Бұлшық ет арқылы зақымдау –
материалды жамбастың ішкі жағындағы
бұлшық етке енгізеді. Мөлшері
тышқандар үшін 0,5 мл, теңіз шошқасы
үшін 3-5 мл, үй қояндарына 5-8мл.

Тері асты арқылы зақымдау –
саусақтармен теріні керіп тұрып,
пайда болған “қалташыққа” инені
салып, шприцтің ішіндегі енгізеді.
Интрацеребральды зақымдау – материалды миға енгізу.

Интраназальды зақымдау – мұрын қуысы арқылы зақымдау.

Скарификация – жануардың терісін скальпельмен тіліп жіберіп,
зерттеліп отырған бактерия өсіндісін сол жерге үйкейді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Зертханалық жануарлар
Ірі қара малдың спорадикалық энцефаломиелиті
Жануарлар клеткасының және ұлпаның культурасы
Зертханалық жануарларды пайдалану тәсілдері және виваримен танысу
GLP негізгі мақсаты жүргізілген лабораториялық зерттеудің барлық процесін толық бақылау және зерттеудің сатыларын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету
ТОРША ӨСІНДІЛЕРІНІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖАНУАРЛАР МЕН ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫНАН
Вирустардың ерекшелігі
Эксперименттік биология сабақтарының әдістемесі
Стандартты микробиологиялық зертхана
Бактериологиялық лаб
Пәндер