БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ДИСКТЕР ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ


Slide 1

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Тақырыбы

Бактериологиялық зерттеу нәтижелерін талдау

Орындаған: Тексерген:

Slide 2 Slide 3

Жұқпалы аурулардың бактериологиялық диагностикасы 3 кезеңнен тұрады.

1. Бактериоскопиялық тексеру

2. Микробтардың таза культурасын бөліп алу және олардың морфологиялық, өсінділік, биохимиялық, антигендік қасиеттерін тексеру

3. Зардаптылық қасиеттерін (биосынама) тексеру

Slide 4 Slide 5

1. Жұғынды даярлау. Препаратты дайындау техникасы қарапайым және келесі кезеңдерден тұрады. Сұйық дақылдан материалдың тамшысын заттық шыныға тамызады және ілмекпен жаяды. Тығыз ортадағы дақылдың аз бөлігін ілмекпен алады, физиологиялық ертіндімен араластырады және шыны бетіне жаяды. Жұғындыны даярлап болған соң ілмешекті спиртовка жалынына күйдіріп, залалсыздандырады.

2. Бекіту Жағындыны ауада кептіреді, сосын оны бекітеді. Ең қарапайым және кең таралған әдіс - ыстықпен бекіту. Шынының жағынды жасалған бетін жоғары қаратып спирт шамынан үш рет өткізеді. Препарат күйіп қалмауы үшін бекіту уақыты 5 - 6 секунд болу керек, оттың тікелей әсер ету уақыты - 2 секунд. Бұл жағдайда жағынды шыныда жақсы ұсталады.

3. Бояу. Микробтарды бояу үшін ең бір қолайлысы анилин бояулары, соның ішініде оның ең негізгісі бейтарап түрі. Пфеффер фуксинімен жұғынды 1-2мин мерзімде ғана, ал метилен көгімен 3-5мин ішінде боялады.

4. Сумен шаю. Бояу мерзімі өткеннен соң бояудың артығын заттық әйнектен төгіп, сумен жуады.

Slide 6

Себінді жасау

Бактериялардың дақылын бөліп алу материалды қорек орталарына себу жолымен жүргізіледі.

Қоректік орталар 3-ке бөлінеді

1. Жай қоректік орталар (ЕПС, ЕПА)

2. Арнайы қоректік орталар (Китт-Тароцци, ЕПЖ, қантты ЕПС, қантты ЕПА, Мартен орпасы және агары, Хоттингер сорпасы т. б )

3. Дифференциалды-диагностикалық орталар (Гисс ортасы, Гисс сұйық ортасы, Гисс жартылай сұйық ортасы, Эндо ортасы, Левин агары т. б)

Бактерияларды бөліп алуды жеңілдету және жеделдету қорек үшін дифференциалды - диагностикалық және элективті қорек орталары (тығыз және сұйық) қолданылады, онда белгілі бактериялар түрі өзіне ғана тән өсу сипатын береді (бұл кезде бөгде микробтардың өсуі тежеледі) .

Slide 7

Бактериологиялық табақшаларға тығыз қорек орталарына себу жасау орта бетіне материалдың бірнеше тамшысын шпательмен жағу арқылы жүргізіледі. Өлтірілген немесе өлген жануарлардың паренхиматозды мүшелерін зерттеу кезінде мүшенің кішкентай кесегін күйдіреді немесе фламбирлейді, сосын оларды стерильді қайшымен үстінен тіліп кеседі және пинцеттің көмегімен кесілген бетімен табақшадағы қорек ортасының бетінен жүргізеді. Сұйық ортаға материалды себу үшін пастер пипеткасын қолданады. Тығыз қорек ортасында микробтардың оқшауланған колонияларының өсуін алу үшін және зерттеу бактерияларын ілеспелі микроорганизмдерден айыру үшін Дригальский әдісімен бөлшектеп себу жүргізіледі. Себу жүргізілген табақшаларды және пробиркаларды бактериялардың әрбір түрінің өсуі үшін қолайлы температурада (жиі 37 °С), 1-2 тәулік, кейбір жағдайларда (туберкулез бактериялары) - 3 - 4 апта термостатта инкубациялайды. .

Slide 8

Таза өсіндіні бөліп алу

Таза өсіндіні бөліп алу үшін микроптардың қоспасынан немесе басқа материалдардан ерітінділері дайындайды. Ол үшін натрий хлоридінің 0, 85%-дық ерітіндісі қолданылады. Дайындалған ерітінділердің үлгісін тығыз қоректік орталарға себеді. Ілмектің немесе пипетканың көмегімен Петри шынысындағы қоректік ортаға материалдың бір тамшысын тамызып, оны шпательмен таратады. Жекеленген микробтардың колонияларын алу үшін материалдың тамшысын бір шпательдің көмегімен бірнеше Петри шынысындағы қоректік орталардың бетіне таратады. Осылай кейінгі шыныларда жекеленген микробтардың мекендерін бөліп алуға болады. Шпательді шыны таяшалардан жасайды. Олардың бір ұшы үш бұрышты болып келеді. Петри шыны аяғының қақпағы себу кезінде жалын бағытында ашылады. Себуді аяқтағаннан соң шпатель күйдіріліп, штативке қойылады. Петри шынысы термостатқа аударылып қойылады. Аударылып қойылған шыныларда микробтардың колониялары бір-бірімен қосылмай өседі.

Slide 9 Slide 10

Антибиотиктер-бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің және жануарлардың тәнді тіршілік өнімдері. Олар микробтардың кейбір топтарына олардың өсуін тоқтату немесе мүлдем тіршілігін жою арқылы әсер етеді. Кез-келеген микробтың антибиотиктің белсенділігін анықтау үшін сол антибиотикке сезімтал тест-микробты пайдаланады.

Антибиотиктің белсенділігін биологиялық әдіспен, яғни оның тірі микроб клеткасына әсер ету қарқындылығына қарай анықтайды.

Микробтың атибиотикке сезімталдығын төмендегідей әдістермен анықтайды.

Сұйық және қатты қоректік ортада үстемелеп сұйылту арқылы

2. Құрамында антибиотиктері бар дискілері пайдалану арқылы

Slide 11

БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ДИСКТЕР ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ.

Зерттелетін бактерия дақылын Петри табақшасынадағы қорек ортасына газонмен себеді, содан кейін оның бетіне пинцетпен біркелкі арақашықтықта әртүрлі антибиотиктердің белгілі дозасы бар қағаз дискілерін орналастырады (43 сурет) . Себулерді 37°С келесі күнге дейін инкубирлейді. Стафилококк дақылының өсу тежелу аймағының диаметрі бойынша оның сәйкес антибиотиктерге сезімталдығы туралы айтады. Өсудің тежелу аймағының диаметрі 10 мм дейін болғанда дақыл аз сезімтал, ал 10 мм жоғары болса - өте сезімтал деп бағаланады. Егер қағаз дискілерге бір антибиотиктің әртүрлі концентрациялары

сіңірілген болса, зерттелетін бактерия дақылы сезімтал препараттың ең аз дозасын анықтауға болады.

Slide 12

БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ САХАРОЛИТТІК ҚАСИЕТТЕРІН

Бактериялардың сахаролиттік қасиеттерін оларды әр түрлі көмірсулары мен индикаторы бар дифференциалды диагностикалық орталарға себу арқылы анықтайды. Осы мақсатта Гисса ортасы жиі қолданылады. Әр түрлі көмірсулары бар орталардың жиынтығы (глюкоза, лактоза, мальтоза, сахароза, дульцит, арабиноза, сорбит және т. б. ), майсыздандырылған стерильді сүт, лакмусты сүт, метилен көгі бар сүт - «түрлі-түсті қатар» деп аталады. Микроорганизмдердің өсінділерін бактериологиялық ілмектің немесе Пастер пипеткасының көмегімен аталмыш қоректік орталарға себеді. Қоректік орталарды белгілі бір уақыт аралығында термостатта ұстағаннан кейін ферментациялану (өзгеріске ұшырау) деңгейін анықтайды: қоректік орта түсінің өзгеруі (Андредэ индикаторы болғанда қызыл түске өзгереді) көмірсулардың ыдырауы мен қоректік ортада қышқыл өнімдерінің түзілуінің дәлелі болып табылады.

Slide 13

Егер көмірсудың ыдырауы кезінде қышқыл ғана емес, сонымен қатар, газ тәріздес заттар пайда болса, олар қалтқының ішіндегі сұйықтықтың белгілі бір бөлігін ығыстырып шығарады да, оның жоғарғы бөлігінде жиналады. Микробтардың сахаролиттік қасиеттерін анықтау үшін көбінесе көмірсулары мен ВР индикаторы бар қоймалжың, сонымен қатар көмірсулары мен индикаторлары бар тығыз қоректік орталар қолданылады (Эндо, Левин, Тлоскориев агарлар және т. б. )

Slide 14

АГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ


Ұқсас жұмыстар
Тығыз қоректік орта
Клиникалық микробиология
Сүт қышқылды бактериялардың туыстық бөлінуі
Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы
Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңызы
Стафилококктардың биохимиялық активтілігімен антигендік қасиеттері
Сүтқышқыл бактерияларының антагонистік қасиеті
Клебсиеллез және протоез
Жалпы және биологиялық химия кафе
Клебсиаллалар. Патогенділігі. Этиологиялық және патогенділік орны. Экологиясы. Аурухана ішілік инфекция кезіндегі орны. Лаборторлы диагностикасы. Профилактикасы мен емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz