Бактериологиялық зертханада жұмыс істеу тәртібі



Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Тәжірибелік сабақ 1:
Бактериологиялық зертханада жұмыс істеу тәртібі. Микробиологиялық бокспен танысу. Зертханадағы техника қауіпсіздігі.
Дайындаған :

Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі
Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
Қызметкерлердің бекітілген орындары болуы тиіс.
Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн.
Жұмыс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.
Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын жинастырып, тәртіпке келтіруге міндетті.
Спирт шамын тек сіріңкемен жағу қажет. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті.
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі.

8. Химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.
9. Электр тогына сақ болу қажет.
10. Зардапты материалдармен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.
11. Лабораториялық жануарлардың өлекселерін арнайы халатта, қолғап киіп арнайы табақшаның (кювет) ішінде сою керек. Егер патологиялық материалдың бөлекшелері столға түсіп кетсе, дереу дезинфекциялық ерітіндімен сіңірілген тампонмен сүртіп алу міндетті.
12. Зардапты материалмен жұмысты аяқтағаннан кейін зерттеген материалды, аспаптарды, жұмыс столдың үстін зарарсыздандыру қажет.
13. Лабораториядан шығар алдында қолды сабындап жуып йодталған спиртпен зарарсыздандырып, халатты шешу керек.

Зертханада студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні бағдарламасының мәселелерімен танысады.
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т. б. қойылады.
Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып тексеруге арналған кішірек үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректік орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.

Жуу бөлмесінде үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, кептіргіш, ауа сорғыш шқаф судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл жердің едені мен қабырғалары кафельмен қапталады.
Стерильдеу бөлмесінде бір немесе екі бумен стерильдейтін қондырғылар мен үстелдер болады. Стерильдеу бөлмесінде стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын кетіру үшін бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік арқылы сыртқы ортаға шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бұл бөлменің есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылғаны жөн.

Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің қабырғалары плитамен қапталған немесе майлы бояумен сырланған, ал еденіне плита немесе линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны түтіктерге құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер, қоректік орта компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сұйық орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафтар болады
Термостат бөлмесінде әр түрлі көлемдегі термостаттар орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды өсіруге арналған термостаттың температурасын 20-25°С, көптеген сапрофитті микроорганизмдерге 25-30°С, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына 35-37°С, ал термофилді микроорганизмдерді өсіру үшін 40-45°С-ге реттелген термостаттар болады.
Препарат бөлмесі - зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті құралдарды дайындауға арналған жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, дистиллятор, таразылар, центрифуга, микроскоп және т. б. ) .

Бокс бөлмесі - стерильді жағдайда микроорганизмдер дақылдарын себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий гидрокарбонатын (ас содасын 2-3%-ы), 3-5%-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм ультракүлгін сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т. б. ) 30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерилдейді. Бактерицидтік лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.

Вивари - ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу үшін қолданылады.

Сұрақ -Жауап:
Қоректік орталардың консистенциясына және қолданылуына қарай түрлерін атаңыз?
Зертханада қандай бөлмелер болуы қажет?
Термостат не үшін колданылады?
Виварий дегеніміз не?
Арнайы қоректік орталардың неше түрі бар?
Қандай қоректік орталар зардапты бактериялардың сақталып, сапрофиттердің қырылуына жағдай жасайды?
Дифференциалды-диагностикалық орталар не ушін қолданылады?
Коли-индекс дегеніміз не?
Физиологиялық ерітіндіні қалай дайындалады?
Бактериофаг дегеніміз не?
Фермент дегеніміз не?
Микроорганизмдер түзетін улы заттар калай аталады?
Комплимент қай жануардан алынады?

Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz