Бездің құрылысы
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық
университеті
ЭНДОКРИНДІК БЕДЕУЛІК
СЕБЕПТЕРІ.
ОРЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:
АЛМАТЫ 201 ЖЫЛ
«androz» - грек сөзінде еркек, аталық.
«loqos» - ілім. Ветеринариялық андрология – бұл аталық
жыныс мүшелерінде патологиялық өзгерістерді
қарастыратын және сонын әсерінен аталықтарда бедеулік
байқалып, оны зерттейтін клиникалық ветеринариялық
бөлім саласы.
Ветеринариялық геникология – бұл аналық жыныс
мүшелерінде төлдеуден кейін байқалатын патологиялық
құбылыстардың әсерінен бедеуліктің дамуын зерттейтін
ветеринариялық бөлім саласы.
Осы ветеринариялық андрология және геникология бір
бірімен тығыз байланысты, неге десе, яғни малдарды
көбейту құбылысында аналықтармен аталықтар жыныстық
қатынасына байланысты. Мал шаруашылығына малдың
бедеулігі өте көп экономикалық зиян келтіреді. Бұл зиян
құралады:
Төл алу аздығынан
Сүт өнімі төмендеуінен
•Бедеу малдарды күтіп – азықтандыру шығыны әсіресе көп болып,
нәтижесі жоқ
•Бедеу малдарды емдеу немесе қайтадан ұрықтандыруға шығын
жұмсалуы
Мал шаруашылығында бедеуліктен келген зиян әр түрлі аурулардың
зиянынан артық келеді.
Бедеулік пен қысыр қалу ұғымында ажырататын 4 белгі бар:
Бедеулік – аналықтар мен Қысыр қалу – бұл барлық
аталықтарды дұрыс күтпеуіне аналықтардан өткен жылда төл
ұрпақ беру қасиеті бұзылады алмау.
Бедеу мал – бұл төлдегеннен бір Қысыр мал – бұл шаруашылықтың жыл
ай соң ұрықтанбаған, ал жас бойы төл бермеген
аналықтар физиологиялық
жетілгеннен соң бір айдың ішінде
ұрықтанады.
Бедеулік – бұл биологиялық Қысырлық – бұл экономикалық
құбылыс, оны өшіп жатқан көрсеткіш
жылдың әр күніне зерттеліп
есепке алады.
Гонадотропты гормондар (гонадотропные гормоны)
— адам мен жануарлар жыныс бездерінің қызметтерін реттейтін гормондар.
Гонадотропты гормондар — адам мен жануарлар гипофизінің аденогипофизіндегі
эндокриноциттерінде түзіледі. Бұл гормондарға фолликулдарды жандандырушы
гормон (ФЖГ) және лютеиндеуші гормон (ЛГ), сондай-ақ пролактин жатадЖыныс
бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және
аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық
тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық
және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг),
организмніңпісіп-жетілуін реттейді.
Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және
аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы,
ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық
гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.
Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон,
тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон.
Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте
белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік
қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын
азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий
хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.
Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап,
жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. Эстрогендер
(эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су
мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр
қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.
Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және
андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары — прогестерон, прогненол —
ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. Прогестерон буаздық
кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың
дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің
басталуына ықпал етеді. Аналық бездің аралық, торшаларында түзілген
андрогендер фолли-кулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция
(фолликуланың жарылуын) реттеуге қатысады.
Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин
Жыныс
гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс
бездерің қызметін рефлекстік жолмен гапофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді.
Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп-жетілуін, ал
аталық организмде — сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының
түзілуін, ал пролактин — сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүттену процесін жандандырады.
Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.
Жыныс бездері немесе гонадалар аралас функция-генеративтік және эндокриндік қызмет атақарады.
Олардың генеративтік қызметі-сперматозоидтар мен аналық жұмыртқа клеткаларын жасау, ал эндокриндік
функциялары-жыныс гормондарын синтездеу мен секрециялау.
Еркек жыныс бездері (аталық бездер). Еркек жыныс бездері жұп санды болып келеді және дене қуысынан
тысқары орналасқан. Себебі, сперматогенздік процесс қалыпты жүру үшін температура 35 0С аспауы қажет.
Эмбриогенездік даму барысында ұрық бездері дененің бел омыртқа тұсында пайда болып, кейіннен
хориондыө гонадотропин гормонының қатысуымен сыртқы ортаға шығарылады.
Еркек жыныс бездерінің қызметі гипофизға тәуелді екендігі туралы алғашқы мәліметтер 1920-1930
жылдарда қалыптасты. Мысалы, гипофизді алып тастағанда аталған бездер солып, олардың
гормондарының организмге әсер кенет азайған. Ал, ондай жануарларға гонадотропты гормондар
енгізгенде бездің қызметі бастапқы қалпына келген.
Бездің құрылысы. Тұқым бездері сыртынан серозды қабықпен
қоршалған. Серозды қабықтың астында дәнекер тканьдерінен тұратын
белокты қабық жатады. Белокты қабықтан ішке қарай дәнекер тканьді
қатпарлы перделер тарайды. Олар без паренхимасын 100-ден 250-ге
дейін жекеленген бөліктерге бөледі. Әр бөлікте 1-2 дейін ирек тұқым
каналшалары орналасқан. Тұқым каналшалары Гойморов денесінен
өткеннен кейін өзара қосылыса келіп, каналшалар торын құрайды да
негізгі тұқым жолына барып ашылады.
Безге қан қолқадан шығатын артерия тамырлары арқылы жеткізіледі. Қан
тамырлары тұқым каналшаларының ішіне кірмей, олардың арасындағы
кеңістіктерде орналасады. Каналшалар арасында жатқан қан
тамырларының маңайында Лейдиг клеткалары топтасқан. Мұның
физиологиялық мәні бар. Біріншіден, тұқым каналшаларынан Лейдиг
клеткалары лимфаға толы кеңістік арқылы бөлінген. Бұл- гормонның
клеткадан канлшаларға кедергісіз өтуіне қолайлы жағдай туғызады.
Екіншіден, Лейдиг клеткаларында түзілген гормондар қанға тоқтаусыз өте
алады.
Еркек жыныс бездерінің құрылымдық және функционалдық бірлігі-тұқым
каналшалары. Каналшалардың қабырғалары Сертоли клеткаларымен
көмкерілген. Сертоли клеткаларының арасына сперматозоидтар түзетін
сперматогенді клеткалар орналасқан. Сертоли клеткалары бір-біріне жақын
жатады және өздерінің сүйір ұштарымен каналшалар ішіне, ал доғал
жағымен мембрана сыртына бағытталған. Сертоли клеткалары бірнеше
функциялар атқарады: 1) трофикалық қызметі, яғни каналшалар ішіне
енген қоректік заттарды ұстапалып, жыныс клеткаларын қоректендіреді; 2)
клеткалардың редукциялық бөліну процестерін активтендіретін жыныс
гормондарын бөледі; 3) андрогендерді өзара байланыстырып тұратын
белокті заттар синтездейді.
Сперматогенез. Организм жыныстық кәмелетке толғаннан бастап ұрық
каналшаларында еркек жыныс клеткалары-сперматозоидтардың түзілуін
қамтамасыз ететін спрематогенездік процестер басталады. Аталық жыныс
бездері сперматозоидтарды организмнің жыныстық активтілігіне сәйкес
бөледі. Алдымен, каналшалардың ішкі қабырғасында орналасқан
сперматогонийлер көбейіп, олардан бірінші реттегі сперматоциттер түзіледі
Процестің осы сатысында ФСГ тікелей әсер етуімен сперматоциттерде
митотикалық бөліну процесі басталады. Нәтижесінде әрбір бірінші реттік
спрематоцит екінші реттік сперматоцитке айналып, олардың әрқайсысынан
төрттен сперматид түзіледі. Кейіннен, сперматидтердің әрқайсысынан төрттен
сперматозоид пайда болады. Осы процестердің барысында Сертоли
денешіктері қоректендіруші клеткалар ролің атқарады. Сперматидтер өсіп-
жетілу деңгейіне қарай бастарымен Сертоли клеткаларының цитоплазмасына
батып, құйрықтары каналшалар кеңістігіне шығып тұрады.
Организмге физиологиялық әсері. Андрогендер бүйрекүсті бездерінің
қыртысты қабатында да түзіледі. Олар жынысбездері пісіп- жетілмеген жас
организмдерде үлкен роль атқарады. Организмнің жыныс бездері пісіп-
жетілген кезден бастап олардың функциясы біршама бәсеңдейді, ал организм
қартайған кезде олардың функциясы қайта жанданып, қыртысты қабат
андрогендер түзетін бірден-бір мүшеге айналады.
Организмнің эмбриональдық даму кезеңінде жыныс мүшелерінің жіктелуі мен
одан арғы дамуы тестостерон гормонының тікелей қатысуымен жүреді.
Андрогендер бірінші және екінші жыныстық белгілердің қалыптасуы мен дамуын
реттейді. Егер жыныс бездері толық қалыптасып болмаған жануарларға
андрогендік гормондар жіберсе, олардың жыныс мүшелері мен екінші жыныстық
белгілері ерте пісіп-жетіледі. Андрогендер сперматозоидтардың дамуы мен пісіп-
жетілуіне де үлкен әсер етеді. Гормондар жетіспеген жағдайда қалыпты
сперматозоидтар түзілмейді. Андрогендер анаболизмдік гормондарға жатады.
Аналық жыныс бездері.Аналық жыныс бездері-жұп санды. Олар дененің жамбас
бөлігінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан. Бездің сыртқы бір қабатты
эпителиальді клеткалардан тұратын қабықпен қоршалған. Без екі бөлімнен –
қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатта көлемдері әр түрлі
фолликулалар бар. Майдаларын примордиальдық немесе алғашқы жұмыртқа
фолликулалары деп, іші сұйыққа толы ірілерін көпіршікті фолликулалар деп
атайды. Фолликулаларда жыныс клеткасы (ovum) дамиды.
Фолликулалар өсе келе көлемдері ұлғайып, бездің шетіне жақындай
түседі. Фолликула мен бездің мембраналары өзара жанасқан кезде
фолликула жарылады да жұмыртқа клеткасы босап шығады. Босап
шыққан жұмыртқа клеткасы жатыр түтігі арқылы жатырға барып түседі.
Бұл процесті овуляция деп атайды. Жарылған фолликуланың орнына сары
дене түзіледі. Жұмыртқа клеткасы ұрықтанса сары дене ұзақ уақыт
(босанғанға дейін) сақталады. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн
қызмет етеді де кер дамуға ұшырайды.
Фолликулалардың құрылысы мен гормондары. Аналық жыныс бездерінің
құрылымдық және функционалдық негізі-жұмыртқа клеткасы пісіп-жетілетін
фолликулалар. Сондықтан, фолликулалар-генеративтік және эндокриндік
функцияларды біріктіретін материалдық субстрат. Фолликуланың қабырғасы бірнеше
қабаттан тұрады. 2-3 қатардан тұратын ішкі эпителиальдықклеткалар гранулездік
зонаны құрайды. Бұл зона жұмыртқа клеткасының өсуі мен дамуына қолайлы жағдай
туғызып, оны бір деңгейде ұстауда маңызды роль атқарады. Гранулезді қабаттан
фолликуланың ішіне қарай томпақ өсінді-жұмыртқаклеткасы орналасқан дөңес пайда
болады.
Гранулезді қабаттан кейін безді-эпителиальді клеткалардан тұратын ішкі қабат (тека)
орналасқан. Ол қан тамырларымен жақсы жабдықталған және жыныс гормондарын
(эстрогендер) түзетін негізгі құрылым болып есептеледі.
Қазіргі көзқарасқа сәйкес аденогипофизде түзілетін ЛГ қатысуымен фолликуланың
безді-эпителиальді қабатында андрогендер түзіледі. Андрогендерқанға немесе безді
қабаттың базальді мембранасы арқылы фолликуланың ішіне қарай өтуі мүмкін.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz