ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Презентация қосу
Орындаған: Дүйсехан М
ВМ-310
Тексерген: Акимжан Н.
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
Онтогонез–
организмнің жеке дара
дамуы. Онтогенез
ұрық болып түзілуінен
бастап, тіршілігінің
соңына дейінгі барлық
өзгерістердің
жиынтығы. Онтогенез
терминін неміс
биологы Э.Геккель
ұсынған (1866).
Онтогенездің алғашқы сатысы
ұрықтанған жұмыртқажасуша
— зигота. Жануарлардың
митоз жолымен бөліну
нәтижесінде туындаған жаңа
жасушаның пайда болуын
онтогенез деп есептеуге
болады. Партеногенездік
түрлер үшін
жұмыртқажасушаның
митоздық жолмен бөліне
бастауын онтогенез дей
аламыз.
Жасушалардың
бөлінуі
жасушалардың
өсуі
жасушалардың
жіктелуі
жасушалардың
жіктелуі
органогенез.
Ұрық қатпаршақтары былай
орналасады: сыртында — эктодерма,
оның астындағы ортада —
мезодерма, ал ең ішкісі — энтодерма
болып жайғасады. Ал олар біршама
өзгеше ретте түзіледі. Ең алдымен
сыртқы эктодерма оқшауланады да,
ішкі энтодерма жайғасады. Ал
бұлардан соң солардың аралығына
ортаңғы мезодерма
орналасады. Энтодерма гаструлалық
қуысқа (ішектерге) төсеніш
болады. Енді осы ұрық
қатпаршақтарынан түзілетін мүшелер
мен жүйелерді анықтап
қарастырайық.
Энтодерма гаструла қуысын шектейді, соған сәйкес асқазан жолын
қалыптастырады. Дене ішіндегі теріге байланыссыз эволюциялық
алғашқы бездер асқорыту бездері болды. Бауыр және ұйқыбез қарын
мен ішектердің сілемейлі қабықшаларынан түзілетін дөл сол жасуша
қабаттарынан пайда болған. Ал кейінірек барлық сөлденіс (секреция)
бездері: қалқанша без, бүйрекүсті безі және басқалары пайда
болды. Сонда ішектің өкпемен қандай байланысы бар? Атап
айтқанда, балықтың торсылдағы алғашқы қарапайым қосмекенділер
өкпесіне бастама болды. Ал торсылдақтың өзі ішектің тармағы
ретінде туындады. Сөйтіп осы кезге дейін кейбір балықтар түрінде
торсылдақ ішекке қосылған қалпында қалды. Сонымен өкпе де,
кеңірдек те және ауатамырлар да ұрық қатпаршағының дөл сол
асқорыту жүйесі пайда болған энтодерманың туындылары болып
табылады.
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер
порталы
Мезо — латынша аралық деген сөз. Демек, мезодерма эктодерма (жабын) мен
энтодерма (ішек) аралығында болады. Сонымен, тері және ішек құрылысы
аралығында болатын мүшелердің барлығына жуығы мезодермадан
тұрады. Дегенмен ұқсастығы бойынша есте сақтаудың оңай және сенімдірек
жолы бар.Мезодермалар мен бұлшық ет М өрпінен басталады. Бұлшық ет
болатын жерлерде сүйектер, байламдар, шеміршектер және сіңірлер де
болады. Қаңқа бұлшық еттерінен басқа қатты бұлшық етті мүше жүрек болып
табылады. Ал жүрек болатын жерде қан да, тамырлар да болады. Жүрек және
қаңқа бұлшықеттерінен басқа қуатты бұлшық етмүшелері — жыныс
мүшелері болып саналады. Өйткені, жатыр бала туу кезінде орасан күшпен
жиырылып, нәрестені жылжытып жарыққа шығарады.
Эмбрионды кезең Постэмбрионды кезең
Ғалымдар әр түрлі топтағы ағзалар ұрықтарының құрылысы ұқсастығын
әлдеқашаннан байқады. Ұрық ұқсастығының заңын орыс эмбриологі
К.М. Бор 1828 жылы тұжырымдады. Ол омыртқалы жануарлар
жұмыртқажасушаларының даму сатысын бақылай отырып, ерте
кезеңдерде барлығының ұқсастығын тапты. Яғни эмбриогенезде барлық
жоғары сатыдағы формалар едәуір қарапайым формадағы кезеңдерден
өтеді. Арнайы бағыттық белгілер эмбриогенез соңында біртіндеп пайда
болады. Со-нымен бірге алдымен кластың, бұдан соң отрядтың, соңынан
туыс пен түрдің белгілері пайда болады. Өкінішке орай, Бір бір жағынан
оптикалық техниканың жетілдірілмеуінен өсімдіктердің жөне омыртқасыз
жәндіктердің эмбриогенезін зерттеген жоқ. Сондықтан оның
қорытындысы тек қана омыртқалы жануарларға қатысты болды.
Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің
жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі
көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын
жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын
анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық
бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл
бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың
әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың
әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен
жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге
асады.
Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок
молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу)
арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы
бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге
асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық
нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне
тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында
Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының
мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің
мүмкіншілігі мол.
РЕТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
Жануарларда Онтогенез процесін
реттеуде жүйке және эндокрин
жүйелері маңызды рөл атқарады.
Олардың Онтогенезінде мынадай
кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі
кезең (ол гаметогенез бен
ұрықтанудан тұрады);
эмбрионалдық кезең – жануарлар
Гаструляция(1 - блас организмінің ұрықтанғаннан
бастап (зигота), ұрықтың туғанға
тула, 2 - гаструла) немесе жұмыртқадан шыққанға
. дейінгі даму, өсу, қалыптасу
мерзімі; постэмбрионалдық кезең
– жануарлардың туғаннан кейінгі
өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю
сатыларынан тұрады.
Назарларыңызға
рақмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz