ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ КЕЗІНДЕ




Презентация қосу
ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ
КЕЗІНДЕ
БЕДЕУЛІККЕ ӘКЕЛЕТІН
ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Орындаған:
Тексерген:
ЖОСПАРЫ

Малдың бедеулігінің себептері
Малдың бедеулігін жіктеу
Қолдан жасалған бедеулік
МАЛДЫҢ БЕДЕУЛІГІНІҢ
СЕБЕПТЕРІ
Малдың бедеу қалуының себептері өте
көп, оның ішінде қайсысы негізгі рол,
қайсысы қосалқы рол атқаратынын
ажыратып айту оңай шаруа емес, өйткені
бедеулікке әкеліп соқтырған
факторлердің бәрі де өткен шақта, бұдан
көп уақыт бұрын әсер еткен болып
шығады. Мысалға жыныс
органдарындағы табылған патологиялық
өзгерістер малдың бедеулігінің, қысыр
қалуының тікелей себебі болса, сол
патологиялық өзгерістердің себебі
әлдеқайда тереңде жатады.
МАЛДЫҢ БЕДЕУЛІГІН
ЖІКТЕУ
1. Туа біткен бедеулік
2. Кәріліктен болған бедеулік
3. Симптомдық бедеулік
4. Алиментарлық бедеулік
5. Эксплуатациялық бедеулік
6. Климатық бедеулік
7. Қолдан жасалған бедеулік
ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН
БЕДЕУЛІК
Мұндай бедеуліктің себебі мал
қашыру, қолдан ұрықтандыру
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмау
болып табылады. Малдың
организмінде оның буаз болуына
барлық мумкіндік бола тұрып,
бедеулікке ұшырайды да қысыр
қалады.
ОНЫҢ НЕГІЗГІ
СЕБЕПТЕРІНЕ:
- күйлеген малды ұрықтандыру;
- әлі күйлеу феномені басталмаған
немесе күйі қайтып кеткен малды
ұрықтандыру, яғни уақытынан бұрын
немесе кешіктіріп ұрықтандыру;
- қолдан ұрықтандыру техникасын
дұрыс орындамау;
- сапасы төмен шәуетпен ұрықтандыру;
-шәует алу, оны өңдеу, сақтау және
ұрықтандыру кезінде малдәрігерлік
санитарлық ережелердің сақталмауы;
ОНЫҢ НЕГІЗГІ
СЕБЕПТЕРІНЕ:
- ұрықтандырушы техниктер білмінің,
тәжірибесінің, кәсіптік деңгейінің
төмендігі;
- ұрықтандыру қабілеті нашар аталық
малды пайдалану;
- аталық малды тиімді пайдалана алмау;
- аталық малдың жетіспеуі;
- есепті дұрыс жүргізбегендіктен буаз
малды етке өткізіп, қысыр малды қалдыру;
- қолдан ұрықтандыру жұмысының
тиянақты жоспарының болмауы жатады.
Кейбір жағдайда мамандар белгілі бір мақсатпен,
өздерінің мүддесі үшін күйлеп тұрған малды әдейі
ұрықтандырмайды, сөйтіп малды уақытша
бедеулікке ұшыратады. Мысалға, бұзаулаған
сиырларды лактациялық кезеңін ұзарту үшін
алғашқы 2-3 жыныстық циклін ұрықтандырмай
өткізіп жібереді немесе физиологиялық тұрғыдан
әлі өсіп жетілмеген құнажындарды күйлеп тұрса да
ұрықтандырмайды, сол сияқты спорттық жарысқа
қатысатын биелерді ұрықтандырмайды, сондай-ақ
семіртіп етке өткізетін шошқаларды овариоэктомия
жасап жіберу – қолдан әдейілеп, мақсатты түрде
жасалған бедеулік болып табылады. Бедеуліктің
бұл түрі мамандардың білімділігін, кәсіпшілік
деңгейінің жоғарылығын көрсетеді.
Қолдан жасалған бедеулікпен күресу үшін ең
алдымен, қолдан ұрықтандыру жұмысына
квалификациясы жоғары, тәжірибесі мол, өз
ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын
кісілерді қою керек, аталық малдың
денсаулығының жақсы болып, шәуетінің
сапасы жоғары болуына көңіл бөліп, бірде
бір күйлеген мал назардан тыс қалмауы тиіс.
Малдың күйлеген уақытын дәл тауып, дер
кезінде ұрықтандыру үшін, әсіресе, қысты
күндері, ерте көктемде күйіттеуші малды
пайдаланған дұрыс. Қолдан ұрықтандыру
жұмысының тиянақты жоспары болып, есеп-
қисап құжаттары дұрыс жүргізілуі керек.
ҚОЛДАН
ҰРЫҚТАНДЫРУ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ш.Қ.Қалтаев, Б.Д.Жукин,
М.Н.Жоланов, Қ.У.Қойбағаров
Ветеринариялық акушерлік,
гинекология және көбею
биотехникасы.Алматы 2011
2. М.Н.Жоланов, Қ.У.Қойбааров,
О.Т.Төребеков Мал көбею
биотехнологиясы. Алматы 2009
3. Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Малды ұрықтандыру
Қолдан ұрықтандыру
ЖАНУАРЛАРДЫ ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАУ ПУНКТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
СИЫРДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ
Биені қолдан ұрықтандыру
Акушерлік аурулар
Аталық қошқардың шәуетін саулықтарды экстракорпаралды ұрықтандыруға дайындау технологиясын жетілдіру
Биені қолдан ұрықтандыр
ДНҚ фрагментациясын анықтауда қолданылатын компонеттер
Биелер мен сиырдың цервициті
Пәндер