Туу және туғаннан кейінгі кезең




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы

БУАЗДЫҚТЫҢ, ТУУДЫҢ ЖӘНЕ ТУҒАННАН
КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ ПАТОЛОГИЯЛАРЫ
1) Буаздық, патологиясының таралуы және себептері
2) Туу және туғаннан кейінгі кезең
3) Буаздықтың, туудың және туғаннан кейінгі кезең патологияларының
алдын алу.
Буаздық дегеніміз - зиготаның пайда болып
төлдің пайда болып дамып айы, күні, жетіліп
туғанға дейінгі кезең. Әр малда әр түрлі
уақытта өтеді.
Буаздық кезінде организмдегі
оргоандардың қызметтері қиындап
физиологиялық тепе - теңдік сақтамай
қалады (өкпе, бауыр, бүйрек, жүрек т.б.
мүшелердің). Егер буаздыққа дейін аналық
организмінде патологиялық процесстер
болса буаздық кезеңде олар асқынып ауруға
айналады.
Буаздық патологиясы

1. Жатырдың қансырауы
2. Буаз малдың ісінуі
3. Нефропатия.
4. Гепатопатия.
5. Остеомаляция
6. Буаз-көтерем
7. Жатыр жарығы
8. Жатырдың бұралуы
9. Қынаптың айналып түсуі
10. Аборттар
Жатырдың қансырауы (Hacnatometrіal) сиырда, биеде, ешкіде көп
кездеседі. Жатыр қуысына хорион тамырлары жатырдың клегей қабығының
тамырлары ашылып зақымданып қан кетеді.
Алдын ала келген тоғақ және күшену - көбінесе биеде кездеседі, басқа
малда сирек болады. Оның себептері: малды бағып күтуінің кемшіліктерінен
болады.
Қынаптың айналып кетуі: жыныс тесігі арқылы қынап түтігінің
айналып шығуы. Клиникалық жағынан толық емес болады. айналғанба
жатыр мойны да көрініп тұрады.
Буаздық ісігі – деп буаз малдың туар алдында бір ай шамасы бұрын артқы
аяқтарында, қарнының астыңғы жағында пайда болған ісіктерді айтады.
Аурудың себептері көп-ақ, ең алдымен, жемшөптің құнарсыз болып жетіспеуі,
буаз малдың күнделікті серуенге шықпауы, жүрек, бүйрек аурулары (миокардит,
нефриттер).
Клиникасы: Бұл ісіктер ауырмайды, бармақпен басып көргенде терең
шұнқырлар қалады. Мұндай мал тез шаршайды, ентігеді. Ісінген жерлері
бірдеңеге соғылып зақымданса, тез іріңдеп кетеді. Мұндай ісіктер көбінесе, мал
туғаннан кейін 5-10 күннің ішінде өздігінен жазылып кетеді.
Емі: Туғанға дейін малдың ісіген жерлерін күнде ақырындап уқалап массаж
жасайды, малды серуенге шығарып, сұйық азықты (көжені) азайтып, жоғары
сапалы пішенмен азықтандырып отыру керек. Кейде венаға хлорлы қальцийдің
100-150 мл. 10 пайыз ерітіндісін құяды.
Нефропатия. Бұл ауру көбінесе, сиырларда кездеседі, негізінен бүйректің қызметі
бұзылады, зәр құрамына белок тоқтаусыз өтіп кететін болады (нефроз). Аурудың негізгі себебі
төлдің өсіп дамуына организмнің көрсеткен қарсы реакциясы, оған қосымша буаз малдың
азықтандыруы, бағып-күтімі нашар, рационда құрама жемнің көп болуы зиян. Ауру малдың
жалпы жағдайы нашарлай береді, зәрінде белок, бүйрек эпителийінің көшіп түскен торшалары
болады. Малдың зәр шығаруы сиректейді. Ауру малды емдеумен қатар оның рационын реттеу
керек, атап айтқанда, құрама жемді, тұзды, суды азайту керек. Венаға 100-200 мл 40 пайыздық
глюкозаны хлорлы кальцийдің 100-150 мл 10 пайыз ерітіндісімен қосып жіберген тиімді.
Гепатопатия. Ауру көбінесе, сиыр мен саулықта кездеседі. Аурудың өршуіне негізгі себеп
іштегі төлдің бөліп шығарып жатқан неше түрлі заттардың бауырға тигізетін зиянды әсері, яғни
мұны да ана организмінің төлдің өсіп-дамуына қөрсеткен қарсы реакциясы деп түсіну керек.
Оған қосымша рационда көмірсулар мен дәрумендердің жетіспеуі, құрама жемнің көп берілуі
зат алмасу үрдісін бұзып организмнің резистенттігін төмендетеді.
Алғашқы кезде малдың әлсіздігі, тез шаршайтындығы байқалады, жемшөпке тәбеті
нашарлап, ас қорыту органдарының қызметі баяулайды, бауырының тұсынан түрткілеп көргенде
сиыр ауырсынады, көзі, аузының кілегейлі қабықтары сарғаяды. Ауруды емдемей өзбетінше
жіберсе, әбден асқынып, мал аутоинтоксикациядан өлуі мүмкін, сондықтан шұғыл емдеу
шараларына кірісу керек. Ең алдымен рационнан жемді алып тастап, орнына шырынды
азықтарды қосады. Күніне бір рет венадан 200-400 мл. глюкозаның 40 пайыздық ерітіндісін,
100-150 мл. хлорлы кальцийдің 10 пайыздық ерітіндісін кофеинмен қосып салады, аузынан 0,5
кг қантты 2 л суға езіп ішкізеді.
Остеомаляция. Остеомаляция немесе дистрофия, остеопатия деп аталады.
Бұл ауру негізінен фосфор-кальций тұздарының алмасуы бұзылғандықтан,
минералды заттардың жетіспеуінен болады. Көбінесе, сиыр мен ешкі қысты
күндері ауырады. Жем-шөптің сапасы нашар, құрамында кальций фосфор аз,
каротин-дәрумен Д мүлдем жоқ болып, мал күн көзіне шықпаса, жаппай ауруға
шалдығуы мүмкін. Аурудың негізгі белгілері: малдың іші өтеді, лас-сасық суды
ішеді, тісі былқылдап түсе бастайды, жүргенде ақсайды, буындары іседі, соңғы
құйрық омыртқалары әбден жұқарып жоғары көтергенде бүктеліп тұрады, әлсіз
ғана соққыдан аяқтары сынып кетеді.
Ауруды емдеу үшін ең алдымен, рационның құрамын жақсарту керек:
минералды тұздар, әк, балық майын, дәрумендер, шырша қылқындарының
ұнын қосады. Венаға хлорлы кальций ерітіндісін салады.
Буаз-көтерем. Буаз мал тууға 1,5-2 ай қалғанда аяғынан тұра алмай жатып қалады. Ауру
көбінесе, сиырларда қыстыгүні, көктемде кездеседі. Аурудың нақтылы себептері әлі анықталған жоқ,
дегенмен малдың жемшөптен қысылып, сыртқа шықпай бір орнында ұзақ ұсталуы, суыққа
шалдығуы әсер етуі мүмкін.
Алғашқы кезде сиырдың жүргенде теңселгендігі байқалады, кейіннен жатып-тұруы қиындап, бір
жерден екінші жерге сүйретіліп жылжитын болады. Жемшөпке тәбеті бұрынғыдай, дене қызуы да
қалыпты жағдайда. Туғанға дейін шыдаса, туғаннан кейін 1-2 аптаның ішінде тұрып кетеді. Ал енді
көп жатып қалса ас қорыту органдарында атония, тимпания болып, жатқан жағы тесіліп, ақыры
интоксикациядан, не болмаса септицемиядан өледі.
Малды аман сақтап қалу үшін рационға оңай қорытылатын витамин, минералды заттары, белогі
көп азықтарды кіргізеді, атап айтқанда, ұннан атала жасап береді, өндірілген сұлы (50-100 гр.), балық
майын, сәбіз, құрғақ көк пішен береді. Жатқан жері жұмсақ, құрғақ болуы керек, үстін, аяқтарын,
жамбасын уқалап сүртіп 2-3 рет аударып тұрады. Венаға 100-150 мл. хлорлы кальцийдің 10
пайыздық ерітіндісін, 200-300 мл. глюкозаның 20 пайыздық ерітіндісін кофеин қосып жібереді.
В.С.Кириллов малдың төрт емшегінің де үрпісінен 250 мл жаңа сауған сүт жіберген дұрыс дейді.
Жатыр жарығы. Буаз малдың қарын көк еті соққыдан жыртылып
жатыр тері астына шығып кетеді. Бұл ауру көбінесе, сиырда, биеде, ешкіде
кездеседі. Бұл бүйірі немесе қарынның астыңғы жағы бұлтиып шығып
тұрады, ұстап түртіп қарағанда, ішінде жиналған шарана суды, кейде төлдің
дене мүшелерін сеземіз. Уақыт өткен сайын жатырдың тері астына ығысуы
көбейе береді, сыртынан қарағанда, ісік үлкейе береді. Бірақ бұл патология
төлдің өсіп дамуына аса көп кесірін тигізе қоймайды, малдың жалпы
жағдайы да өзгермейді, тек туу кезінде мал өздігінен туа алмай көп
қиналады да, төл тұншығып өліп кетуі мүмкін.
Ауруды емдеу әдісі табылған жоқ, тек туу актісі басталған кезде төлді
тартып шығару керек, қажет болса, кесар операциясын жасайды.
Жатырдың бұралуы . Көбінесе, сиырда кездеседі, бұл патологияның мәні жатыр өз осінен 180-360°-
қа айналып кетеді. Буаздық мерзімі асқан сайын жатыр ұзара түседі де, оны бекітіп ұстап тұрған кең
жазық байламның (шарбы) әлі жетпей, мал құлағанда, арықтан қарғып өткенде, жатыр оп-оңай өз осінен
айналып кетеді. Сондықтан буаздық мерзімі екінші жартысына ауған малды қуалап айдауға, биік қырдан
төмен қарай түсіруге, тар есіктен сығылыстырып шығаруға болмайды.
Жатыр онша көп бұралмаса, оның қан тамырлары қысылмайды да буаздық үзілмей аяғына дейін
дұрыс жүре береді, ал жатыр толығымен бір айналып түссе, тамырлары қысылып, қан бармай ішіндегі төл
тұншығып өледі.
Жатыры бұралған малдың алғашқы кезде жалпы жағдайы өзгермейді, кейіннен түйнек болған сияқты
мал мазасыздана береді, күшенеді, қынаптың кілегей қабығының қатпарлары жатырдың бұралған жағына
қарай тартылып тұрады. Тік ішекке қол салып жатырдың бұралып тұрғанын оңай анықтауға болады, оның
бір жақ байламы (шарбы майы) тартылып, екінші жағы бос жатады. Жатыр 360°-қа бұралса көп кешікпей-
ақ оның қабырғасында некроз басталады да жатыр қынаптан бөлініп түседі.
Бұралған жатырды қалпына келтіру үшін тік ішек арқылы жатырды кері бұрау керек, ол мүмкін
болмаса малды тегіс жерге жығып, оны арқасынан жатырдың бұралған жағына өте жылдам аудару керек
(Шефер әдісі), тіпті болмаса сиырдың екі артқы аяғын қосып байлап блокқа іліп алып 0,5-1 метр биіктікке
көтеріп тұру керек. Сиыр әрі-бері бұлқынғанда бұралған жатыр жазылып кетуі мүмкін. Бұралған жатырды
түзету мүмкін болмаса, кесар операциясына кіріседі.
Қынаптың түсуі. Буаздықтың соңына қарай көбінесе, сиыр мен ешкіде
қыстың күндері немесе ерте көктемде кездеседі. Жем-шөптің жетіспеуінен,
жайылымға шығармаудан мал арықтап әлсірейді, қынаптың сыртындағы дәнекер
тканьді клечатка тозып жоқ болады, оған қосымша құрсақ қуысындағы қысым
қынаптың босаңсыған қабырғасын сыртқа қарай ығыстырып шығара бастайды.
Сөйтіп қынап қабырғасы бұлтиып жыныс саңылауынан шығып тұрады.
Алғашқы кезде қынап жартылай ғана түседі, тек үстіңгі қабырғасы ғана
жұдырықтай болып қызарып шығып тұрады.
Аборт және оның жіктелуі.
Аборт (іш тастау) деп - ұрғашы малдың буаздық кезенінің уақытына жетпей үзіліп
түсік тастауын айтады. Аборт малдың барлық түлігінде кездеседі.

АБОРТТЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
1.Мезгіліне қарай: ерте болған аборт,
кеш болған аборт.

2.Клиникалық көрінуіне қарай:
-толық аборт,
-жартылай аборт,
-үйреншікті аборт,
-жасырын аборт (эмбриональді аборт).
3.Себептеріне қарай:-жұқпайтын аборт,
-жұқпалы аборт,(індеттік, инвазиялы).
4.Ақырғы нәтижесіне қарап:-ыдырап сіңіп кету,
-іріп-шіру(путрификация),
-түсік(өлі туу),
-шала туу,
-мацерациялану,
-мумификациялану.
Буаздықтың алғашқы жартысында, бір айдың ішінде болған абортты ерте
болған аборт, ал екінші жартысында, соңғы айларда болған абортты кеш болған
аборт немесе шала туу деп те айта береді.
Көп төлді малдың ішіндегі барлық төлі өліп қалса, толық аборт (abortus
completes), бір-екеуі өліп, қалғандары аман-есен ай-күніне жетіп туса,
жартылай аборт (abortus incompletes) дейді.
Ұрғашы малдың жыл сайын буаздықтың, белгілі бір мерзіміне жеткенде іш
тастап кетуін үйреншікті аборт (abortus habitualis) дейді.
Буаздықтың ерте мезгілінде аборт болып, төл ыдырап-сіңіп, ешқандай
клиникалық белгілері байқалмаса, оны жасырын аборт(abortus latentus) дейді.
Әрбір аборт жасаған малды, оның төлін мұқият тексеру керек, себебі
жұқпалы аборт болса, ауру тез арада басқа малға жұғып кең етек алып кетуі
мүмкін.
ТУУ ПАТОЛОГИЯСЫ
Әлсіз толғақ және күшену
Бұл патология кезінде жатыр және қөрсақ бұлшық еттері тез және қарқынсыз жиырылады.

Қарқынды толғақ және күшену
Аса өзақ және күшті жиырылумен сипатталадыы арасында қысқа демалыс, үзіліс болады.
Қарқынды толғақ биеде жиі кездеседі, сиырда және басқа малда сирек болады.

Шудың түспей қалуы.
Бұл туу актісінің үшінші сатысының патологиясы. Ол шудың туғанан кейін белгілі бір уақытқа
түспей қалуы.

Туу патологиясының алдын алу
1. Буаз малды бағып күтуін азықтандыруын қадағалау
2. Малды күніне 2-3 сағат моционға серуендетуге жіберу
3. Туу процесін дұрыс ұйымдастырып анасын күту
4. Жана туған малға 3-5 л шарана суын, 1-2 мл уызды ішкізген жөн.
Туғаннан кейінгі кезеңнің патологиясына:

*Жатырдың, қынаптың айналып түсуі
*Жатырдың субинвалюциясы
*Туғаннан кейінгі сапремия, көтерем болып тұралмай қалуы
*Туғаннан кейінгі эклампсия, жүйке ауруы, туғаннан кейінгі салдануы
*Шуын жеп қоюы, төлін жеп қоюы
*Туғаннан кейінгі цервицит, вагинит, эндометриттер
*Туғаннан кейінгі септицемия және пиемия
Жатырдың, қынаптың айналып түсуі (Ihversio et prolapsus uteri). Бұл ауру көбінесе сиыр мен
ешкіде кездеседі, туу актісінің артынша, іле-шала 4-5 сағаттың ішінде ішкі кілегей қабығымен теріс
айналып жамбас қуысынан сыртқа шығып кетуімен сипатталады
Туғаннан кейінгі жартылай салдану
Жатыр субинволюциясы - жатырдың бөрынғы буаз емес кезіндегідей қалпына келуінің бәсеңдеуі.

Субинволюция кезінде - мал жатқан кезде сарпайынан лохий оқтын-оқтын бұлінеді, егер
созылмалы болып кетсе лохий мүлдем ақпауы да мүмкін. Кейде эндометритпен асқынып кетуі де
мүмкін.
Туғаннан кейінгі сапремия - жатыр субинвуляциясы кезіндегі пайда болған улы заттардың
әсерінен болады, малдың организмі уланады.
Туғаннан кейінгі тұралмай қалуы. Негізгі себептері малдың көтерем болуы, қиналып туудан
жамбас және қөйымшақ байламдары мен еттерінің зақымдануынан болады.
Туғаннан кейінгі эклампсия -- бұл өте жіті өтетін жүйке ауруы, мал тоңған секілді дірілдейді.
Патологияның бұл түрі барлық малда кездеседі, итте өте жиі кездеседі, күшіктерін емізгенде байқалады.
Туғаннан кейінгі малдың есі ауысуы (жындануы) -- сиырда бұл ауру кезінде сілекейі бұлініп,
мал мазасызданады. Кейде мал қатты қозып күтушілреге өмтылады, өзін жарақаттайды (қөтыру
кезіндегідей болады).

Ұқсас жұмыстар
БАЛА ТУУ БАРЫСЫНДА
Ұрық даму сатылары
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Әйелдер консультациясы және отбасын жоспарлау орталықтарында жас ата-аналар мектебінің жұмысына қатысып,есеп жазу
Шығынсыз өнім. Күрке тауық өсіру
Дағдарыс туралы жалпы түсінік
Қан жасаушы мүшелер
Жас кезеңі
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Туғаннан кейінгі салдану
Пәндер