Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи философиялық негіздері
Презентация қосу
«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік
білім беру бағдарламасының тарихи
философиялық негіздері
Жоспары
Грек ойшылы Сократтың өзін - өзі тану
рухани адамгершілік идеялары
Қытай философы Конфуцийдың рухани
адамгершілік идеялары
Шығыс ойшылдарының рухани адамгершілік
идеялары
СОКРАТ
470-399 б.з.б
Сократ адам,
адамгершілік туралы өз
ойларынан ілім құрап,
өмір және
индивидуалды мораль
тақырыптарына сұқбат
жүргізді. Сократ «алғаш
болып философияны
жерге түсірді» .
Аристотель - Сократ
іске асырған осы
интеллектуалдық
революцияны
нұсқайды.Сократ ілімі
бізге оның шәкірттері
арқылы жетті. Олардың
әрқайсысы Сократ ілімін
өздігінше баяндайды. .
Сократ «Философияның басты міндеті -
табиғатты зерттеу емес, адамды тану»
екенін бірінші болып айтты;
Сократ пікірінше, философияның басты
мақсаты - адамды өмір сүруге үйрету;
Сократ жанның денеден-денеге көшуі
идеясын жақтады.
СОКРАТ
Сократтық иронияның мәні: «Мен ештеңе білмеймін. Мен өзімнің ештеңе
білмейтінімді ғана білемін. Бір нәрсені айыптау үшін немесе бір әрекет
жасамас бұрын сол нәрсе туралы біліп алуым қажет. Жақсы кәсіпкер - өзі
жұмыс істейтін материалдың және құрал-сайманның қасиеттерін жақсы
білетін адам. Адам организміне дәрінің әсерін жақсы білетін дәрігер
жақсы емдейді. Адам табиғаты мен дүние, тіршілік заңдарын жақсы
білгендіктен – адам ізгілене түседі. Жеке бастың ізгіліктері –
интеллектуалдық (соған сәйкес) білімге байланысты.
Жаман дегеніміз - жақсы туралы білімді елемеу. Өйткені жақсы әрекет
жасау үшін оны жақсы білу жеткілікті. Ешкім өз еркімен ақымақ
болмайды. Парасаттылық (благоразумие) сияқты, ізгілікті де тәрбиелеуге
болады
«Өзіңді өзің таны»- бұл «жеті дананың» /әсіресе Хилон мен Фалес/ аузынан шыққан дана сөз
немесе даналық формуласы. Дельфия шіркеуінің маңдайшасына ойып жазылған. Дельфиялық
дана сөз Сократқа дейін белгілі болатын кейін ол Сократқа танылды. Бұл кездейсоқтық емес
еді, себебі Сократқа дейін антикалық бірде - бір ойшыл адам қызметінің басқару принципінің
бірден бір бөлігі өзін-өзі тану екенін Сократтай бағалай алған жоқ. Греция тарихында
теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану
арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізді
“Кімде-кім өзін - өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не
істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір
сүре отыра өзін қанағаттандыра алады білмейтін нәрсесінен аулақ
бола өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте
алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын
көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”
Сократтың ауызша таратқан даналық
ойларының туындыларында өзіндік
танымның негізін:адамның танымы,
оның іс- әрекеті, ой - өрісі, тұрмысы
деп білді. Бұл таным, тек өзін-өзі
тануда ықтимал екенін айтты “өз-
өзіңді тани біл” бұл тұжырымды
дәлелдеу үшін Сократ өз өмірін
зерттеді.
VI-V ғ.ғ. өмір сүрген
Конфуций
(551-479).Кезінде
оны Күн-цзи, яғни ұстаз, «ұстаз Күн» деп атаған.
Тірі кезінде өте жоғары, үлкен беделге ие болған.
Оның тікелей шәкірттері он мыңға жеткен деген
дерек тер бар. Солардың 20 шақтысы оның
қасынан
шықпай, онымен ертелі-кеш бірге болған деседі.
Конфуций ілімі ел арасында мол тарағандығынан
оны, әрине дін деп те атаған. Ол да себепсіз емес,
шындық. Конфуций айтқан өсиеттер Қытай
жазуымен бар болғаны 75 қатарға сыйған, ал
түсіндірмелері арқылы олар 1546-ға жеткен. Оның
айтқан өсиеттері «Луньюй» деп аталады. Мәнісі –
нақыл сөздер. Олардың бәрі бір мезгілде айтылған
ойлар емес, әр уақытта, түрлі жағдайларға
байланысты дүниеге келген пікірлер.
Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол
адамгершілік мәселелерін бірінші
кезекке қойған. Конфуций өз ілімін
адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет
адамның кісілік тұлғасы туралы ой
қозғаған философ. Үлгі тұтуға
жарайтын ер адамның адамгершілігі
(жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-
ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли)
жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам
тумысынан жаман болып тумайды, оны
жаман да, жақсы да қылатын өскен
ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен
отбасы деп түсіндірген.
Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ
адам оларды басқадан іздейді...
Өте ақылдылар мен өте ақылсыздар ғана
өмірде өзін-өзі өзгерте алмайды.
Өзімізге қалайтын нәрсені, басқаларға да
тілейік. Бұдан асқан адамгершілік жоқ
Ақылсыз адам өзгенің оны түсінбейтінгін
айтады, ақылды адам өзгені түсіне алмай
жүргенін айтады.
Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз
өзгеден іздейді
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz