Мұғалімнің түпкі мұраты


Slide 1

Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

Орындағандар: Жақсылықова. И, Хожамкулова. К, Өктембаева. Д

Slide 2

«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.

Назарбаева Сара Алпысқызы

Slide 3

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Slide 4

1. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері

В. А. Сухомлинскийдің сөзі: «Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей-теңіз нұр жинауы керек», - дейді

«Егер мұғалім тек сабағына деген махаббатты көрсетсе, онда ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім балаға анасы, әкесі сияқты махаббатты сыйласа, онда ол барлық кітапты оқып, бәрін білетін мұғалімнен екі есе жақсы мұғалім», - деген екен Л. Толстой.

К. Д. Ушинский: «Білімін үздіксіз жетілдіруден жалықпаған ұстаз ғана мұғалім болуға жарайды, ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні мұғалім болудан да қалады».

Slide 5

Адамның өзін - өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде маңызы артып келеді

оқыту жүйесіндегі көзқарастар

тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербенстігін дамыту туралы идеялар

отандық және щетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой - пікірлер

тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік - психологиялық қырларын қарастыру

Slide 6

Сократтың ең бірінші қағидасы

«Сен алдымен өзіңді өзің таны»

Екінші қағидасы:

«Менің білетінім: менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді»

"Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер!"

«Кімде кім әлемді өзгерткісі келсе, алдымен өзі өзгерсін»

Дүниедегі ең оңай нарсе - біреуге ақыл айту,

Ең қиын нәрсе - өзіңді өзің түсіну

Slide 7

Мұғалімнің түпкі мұраты

Баланың рухани өсуіне, өзін-өзі тануына басшылық жасау

Кісілік қасиетін дамыту

Шығармашылық қабілетін дамыту

Дүниетанымын кеңейту

Slide 8

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа. . . » «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Slide 9 Slide 10

Әркімнің рухани байлығы оның ісінен, мінез-құлқынан, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын көрінеді. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекетіде соғұрлым саналы болып келеді. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақытқа бөлейді

Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін ингерациялау арқылы ақиқатқа жетуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге, дұрыс іс-әрекет жасауға баса назар аударатын болса жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, үлгілі өнеге беруге болатыны, өзін-өзі тәрбиелей отырып жүрегінде ішкі тыныштық орнату арқылы ешкімге, ешқашанда қиянат жасамауға үйрету басты ұстаным болып қалады.

Slide 11

Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім туралы

Абай Құнанбаев

(1845­1904)

Өзіңе сен. Сенің тірегің мен

бақытың - бір­бірінен ажырамас

санаң мен еңбегің болмақ.

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай

берме

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа

ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан - шын асыл, тастай

көрме.

Slide 12

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Slide 13

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1858­1931)

Адамның жақсы өмір

сүруіне үш сапа негіз бола

алады, олар барлығынан

басым болатын­ адал

еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
ӨНЕР факультеті
Шығармашылық қабілетті дамыту жолдары
ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Сөз мағыналары
Мұғалімнің шектеулілігі
Әрбір мұғалімнің кәсіби. Мұғалім имиджі
Кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі
Болашақ мамандарға қойылатын талаптар
Педагогтың жеке тұлғасы
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz