Эндокринді бездер




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Эндокринді бездер, қарын асты безі, бүйрек үсті
бездері, гипофиз, эпифиз

Орындаған: Құдабай А.
Тобы: 113-51
Қабылдаған: Жигитеков. Т
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1 Эндокринді бездер
2 Қарын асты безі
3 Бүйрек үсті бездері
4 Гипофиз
5 Эпифиз

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Эндокринді бездер
Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция
бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек,
endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін
(гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан,
лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер
тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады,
шығару өзектері болмайды және қан тамырларына
өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция
бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер
болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге:
гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі
эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы,
бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа
организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас
бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы
безі, плацента және тимус (айырша без) жатады.
Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық
ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен
қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін
гуморальды реттеуге қатысады.
Қарын асты безі
Қарын сөлі деп қарын бездері мен
қарынның кілегей қабығының жабынды
эпителийінің әрекеті нәтижесінде
бөлінетін өнімдерді айтады. Қарын сөлі
түссіз, иіссіз, қышқыл реакциялы сұйық .
Оның қышқылдық реакциясы құрамында
тұз қышқылының, органикалық
қышқылдардың және қышқылдық
реакциялары бар басқа да
қосылыстардың болуына байланысты.
Қарын сөлі құрамында белоктар,
полипептидтер, мукопротеидтер,
несепнәр, зәр қышқылы, амин
қышқылдары, ферменттер (пепсин,
гастриксин, химозин, желатиназа,
липаза), шырыш және натрий, калий,
магний, НСО3, НРО4, түрінде
анорганикалық заттар болады.
Бүйрек үсті бездері
Бүйрекүсті безі (лат. glandula sup-rarenalis, лат.
glandula — «без», лат. supra — «үсті» және лат. ren
— «бүйрек») — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда
— артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке
ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция
(эндокринді) безі.
Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке
құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және
жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол
сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен
(капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы
жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық
мезодермадан қалыптасқан интерренальды
денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық
түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін
супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті
безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын
пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі
эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы
аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын,
будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ
эндокриноциттері — андроген гормондарын бөледі.
Гипофиз
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық
мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы
бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек
адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді.
Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан
тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және
артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден
бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп
алынып, толық зерттелген.
Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы
нәруыздан тұратын өсу гормонын
(соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің,
әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша
бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері
пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді.
Эпифиз
Эпифиз (шишковидная железа);
(epiphysis, грек, ері — үстінде,
рһуо — өскін, бүр) — аралық ми
эпиталамусы құрамына кіретін
ішкі секреция бездерінің орталық
мүшесі. Эпифиз сыртынан
дәнекер ұлпалық қапшықпен
қапталған. Одан без ішіне қарай
дәнекер ұлпалық перделіктер
таралып, оның паренхимасын
бөлікшелерге бөледі. Без
паренхимасын екі түрлі
жасушалар: ұсақ глиоциттер
және ірі пинеалоциттер түзеді.
Пинеалоциттер боялу сипатына
қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер
жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы
калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын
бөліп шығарады.
Эпифиз жұқа қапшықпен (capsula) жабылған,
одан тамырлар және жүйке талшықтары бар
көптеген пердешелер өтiп, ағзаны
бөлiкшелерге (98 сурет) бөледi. Бөлiкше
үлпершегi жасушалар желiсi, топтары
жалғамаларынан, екi түрлi жасушалар-
пинеалоциттер, iшкi жасушадан
(интерстициальдi) құралған фолликулалардан
тұрады. Стромада тығыз қабатты
құрылымдар - милы құмдар байқалады.
Пинеалоциттер пiшiнi ұзынша, ядросы
домалақ, ядрошықтары iрi, жиi қатпарлы,
цитоплазмасында тұрақты қосындылармен,
әсiресе iшiнде қызметi әлі анықталмаған
ерекше - түйiспелi бауы, оның көптеген ұзын
өсiндiлерi, тұрақсыз қосындылары болады.
Бұл пинеалоциттер бiр-бiрiмен саңылаулы және десмосома түрлер арқылы
байланысады, оның өсiндiлерiнiң ұштары түйреуiш тәрiздi кеңейедi, онда
көпiршiктер сақтайды, сөйтіп фенестрлi қылтамырларда аяқталады.
Пинеалоциттер екi түрлi заттар: индоламин және пептидтерді өндiредi.
Индоламиндер - меланоцит ширату гормонының қарсыласы-мелатонин
гормонын бөлiп, гонадолиберин бөлiнуiн тежейдi, кейiнгi жыныс бездерiнiң
белсендiлiгiн төмендетедi.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Биоморфология терминдерінің
түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-
Словарь", 2009
2. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
3. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55
Биология: Жалпы білім беретін мектептің
8-сыныбына арналған оқулық. - 2-
басылымы, өңделген, толықтырылған. -
Алматы: Атамұра, 2008.
4. Биохимия. Медицина университеті
баспасы. Алматы

Ұқсас жұмыстар
Аурудың белгісі
Безді эпителий
Эндокринді жүйе
Қалқанша маңы бездері
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
Эндокринді жүйе гормондары
Ұйқы безі бездері
Эндокриндік жүйе
Ішкі секреция бездерінің патологиясы
Бүйрек үсті безі
Пәндер