Қанның құрамы мен қызметтері: плазма, жасушалар және ұю механизмі


Slide 1

113-51 топ Биология

Орындаған: Батырханқызы А. Б

Қабылдаған: Жігітеков Т. А

Оңтүстік қазақстан педагогикалық университет

Slide 2

Қан туралы мәлімет

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.

Қанның құрамы: a - эритроцит; b - нейтрофиль; c - эозофиль; d - лейкоцит.

Slide 3

Ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе - судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Slide 4 Slide 5

Қанның қызметі

Қан келесі қызмет атқарады:

асқорыту - қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)

қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.

терморегуляторлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

Slide 6

Қанның ұюы

Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат - тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.

Slide 7

Тромб негізінен ерімейтін талшықты ақуыз - фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген ақуыз - фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан ұлпадер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальций тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан жасушалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.

Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды.

Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.

Қанның ұйюы дегеніміз ағнаны қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.

Slide 8 Slide 9

Қан плазмасы

Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок) ; 0, 12% глюкоза; 0, 7% май; 0, 9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4, 5%) ; глобулиндер (1, 7-3, 5 %) және фибриногендер (0. 4) . Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады .

Slide 10

Қан жасушалары.

Қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Қанның құрамы, қызметтері және ұю механизмі
Қанның құрамы мен қызметтері, ұю механизмі және гипоксияның түрлері мен емдеу әдістері
Қанның құрамы мен қызметі: плазма, жасушалық компоненттер және негізгі функциялары
Қанның құрамы, қызметтері және ұюының физиологиясы
Қанның құрамы мен қасиеттері: плазма, формалы элементтер және гемоглобин
Қанның құрамы, қызметтері және жасушалық элементтері
Қанның құрамы, қызметтері және қан топтарын анықтау
Қанның қорғаныс қызметі және иммунологиялық аспектілері: ұю, лейкоциттер, қан топтары мен резус-фактор
Қанның ұюы: факторлары, механизмі, түрлері және емдеу мен алдын алу
Жүрек-қан тамыр жүйесі: қанның құрамы, тамырларының жіктелуі және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz