Зәр бөлу жүйесі, бүйректің қызметі сыртқа шығару жүйесінің құрылымы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университеті
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Зәр бөлу жүйесі, бүйректің қызметі сыртқа шығару
жүйесінің құрылымы
Орындаған: Жақсылық М.
Тобы: 113-51
Қабылдаған: Жигитеков Т
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1 Зәр шығару жүйесі
2 Адамның зәр шығару жүйесі
3 Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың
маңызы
4 Несептің түзілуі және құрамы
5 Қуық
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе –
адам мен жануарлар организмінің артық
суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған
қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын
органдары. Теңізде тіршілік ететін
қарапайымдардың организмінен бөлініп
шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы
ортаға диффузия арқылы немесе
жиырылғыш вакуолялар көмегімен шығады.
Төменгі сатыдағы көп клеткалы су
жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және
аз қозғалатын теңіз жануарларында
(тікентерілілер) олар сыртқы ортамен
байланысқан қуыстар арқылы шығып
отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда,
сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және
полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы
протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады,
ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр
шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше).
Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп
атайды.
Адамның зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын
зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық
заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын
(қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин
гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр
шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес.
Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зат алмасуының қалдықтарын денеден
шығарудың маңызы
Зат алмасуы нәтижесінде
тамақпен организмге келген
күрделі органикалық және
минерал қосындылар ыдырайды.
Олардың тіршілікке қажетті
заттары ішек-қарын мен
бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді,
ал зат алмасуынан пайда болган
қажетсіз қалдық заттары
клеткадан, ұлпалардан, денеден
шығарылады. Көмірсуының қос
тотығы мен су буы өкпе арқылы
тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық
күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері,
қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина,
фосфор қышқылы, кейбір тұздар , зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы
заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар , сүт
қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады.
Несептің түзілуі және құрамы
Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен
тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал
екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон
капсуласындағы тамырлар шумағында қан
қысымы жоғары, сондықтан қанның Сұйық
бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның
нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады.
Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен
бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан
клеткалары болмайды.
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы
су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий
иондары т. б. организмге қажетті заттар
қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп
қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және
тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда
қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш
жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек
түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
Қуық
Қуық — қуыс мүше. Оның сырты дәнекер және
бұлшық ет ұлпаларынан тұрады. Сиымдылығы
300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде
сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек.
сфинктер - қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер
жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап
тұрады.
Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде
болады. Нөрестенің қуығының ішіне несеп
жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге
дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы
рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу
импульстері орталыққа тепкіш нервтермен
жұлындағы және мидағы орталықтарға барады.
Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш
нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың
қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті
босайды, содан соң қуық ашылады.
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті
рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткеңі несеп шығару
рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.
Клиникалық бейнесі
1.бүкіл денелік белгілер
науқас қызады, кейде қатты қызып, дене температурасы 39~40 градусқа
жетеді, ауру адам қалтырайды, тіпті қалшылдайды. Буын-буыны
сырқырап, лоқсиды, табеті қашады, дарменсізденеді, сүлкіні түседі.
Онан да қатерлісі бактерия немесе бактериядан пайда болған токсин
қанға өтіп, қан шіриді, егер дер кезінде өнімді шара қолданбаса науқас
жазым болуы да мүмкін.
2.несеп жолы белгілері
несеп жиілейді, қыстайды, несеп жолы шаншиды, ашиды, кейде
несепке қан араласқанын жай көзбен немесе микроскоп арқылы
байқауға болады. Қуық түбі безінің ткандары қанталап, ежептәуір ісініп,
несеп жолының қуық түбі безінен өтетін бөлігін басып қалатындықтан,
қуық мойыны кептеліп, несеп жолы бір сәтке тосылады да, несеп жанға
батып, сыздықтап келеді, кейде қуық тұтылады.
3.шат белгілері
ұма мен анус аралығы шат деп аталады, қуық түбі безі шұғыл
қабынғанда шат солқылдап ауырады, шыбық, бел, шап сыздайды. өте-
мөте тік ішек пен анус маңы ауық-ауық солқылдап ауырып, жанға
батады, тіпті науқас үлкен дәретке отырудан жүрексінеді. Жыныстық
қатынас үстінде, шыбық қатайған жане шауһат бөлінген сәттерде науқас
ерекше қатты ауырсынады.
Пайдаланылған әдебиеттер
•"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
•Балалар ауруларының пропедевтикасы.
Балаш Түсіпқалиев. Актөбе 2002ж
•kk.wikipedia.com еркін энциклопедиясы.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz