Сот билігінің органдары



Тақырып 6. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі
Дәріс жоспары (1 сағат)
Мемлекеттік басқарудағы әртүрлі жүйелерінің сипаттамалары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы және олардың түрлері
Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық мәртебесі, Парламенттің өкілеттігі мен жұмыс істеу нысандары
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

Сұрақ 1. Мемлекеттік басқарудағы әртүрлі жүйелерінің сипаттамалары
«Жүйе» түсінігі грек сөзінен шыққан және бөліктерден құралатын органикалық бірлікті білдіреді;
Ол кибернетикадан (грекше kybernetike - басқару өнері), Норберт Винер еңбектерінен бастау алған.
Мемлекеттік басқару жүйесі - қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды зерттейтін ғылым.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

Ғалымдар
Зерттеу объектілері
Аристотель
Әлеуметтік жүйелерді зерттеу
Богданов А. А.
«Әлеуметтік жүйе» түсінігін ғылымға енгізіп, осы жүйелерді басқарудың ғылыми негіздерін қалады
Афанасьев В. Г.
Жүйелік талдау мәселесін ғылыми бағыт ретінде қарастырды
Ч. Барнард
Жүйелік тәсілдеме негізінде басқаруды ұйымдастыру және іскерлік мораль теориясын құрауға ұмтылды
Л. Берталанфи,
А. Рапопорт
Күрделі әлеуметтік құрылымдарды ұйымдастыру мәні, заңдылықтары мен функцияларын зерттеген
Варламов К. И.
Айрықша қоғамдық құбылыс ретінде басқаруды философиялық тұрғыдан талдады
Кесте 1 - Мемлекеттік басқарудағы жүйелерді зерттеудің теориялық астарлары
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

№
Жіктеу критерийлері
Түрлері
1
Мазмұны бойынша
Техникалық, биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, ақпараттық, басқарушылық, құқықтық, адамгершіліктік, концептуалды-теориялық
2
Туындауы бойынша
Материалд және идеалды, табиғи және жасанды
3
Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу сипаты бойынша
Ашық және жабық (тұйық)
4
Құрылымы бойынша
қарапайым, күрделі, ғаламдық
5
Деңгейлік құрылымы бойынша
Екі, үш және төрт деңгейлі
6
Әрекет ету сипаты бойынша
автоматты, егер басқару адамсыз жүзеге асырылса, және автоматтандырылған, егер басқаруда техникалық құраушымен қатар адам қатысатын жағдай
Кесте 2 - Жүйелердің жіктелуі
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

№
Сипаттамасы
Мәні
1
тұтастық
Қоршаған ортада белгілі дербестікке ие автономдылыққа ие күрделі жүйелердің сипаттамасы
2
мақсаттылық
Алға қойылған мақсатқа сәйкес келу
3
Оригиналды, өзіне ғана тән ішкі құрылымның болуы
4
иерархиялылық
Жүйенің құраушы элементтері жоғарыдан төменге, қарапайымнан күрделіге, бағыныштыдан басшыға қарай қатар тәртіпте орналасады
5
эмердженттілік
Жүйе қасиеттерінің сомасы оның жекелеген элементтері қасиеттерінің сомасына тең болмайды
6
жеткіліктілік
Автономды тәртіпте әрекет ету мүмкіндігі, өз жауапкершілігімен ішкі мәселелер бойынша дербес шешім қабылдауға құқылы болу
Кесте 3 - Басқарушылық жүйенің сипатты белгілері
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

Сурет 1 - Мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

Сұрақ 2. ҚР мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы және олардың түрлері
Мемлекеттік билік органдары - біртұтас жүйе. Ол анықталады:
ҚР мемлекеттік құрылғысының унитарлы сипаты, территориясының бірлігі, егемендігі.
Мемлекеттік билік органдарының жүйесі - бұл өздеріне тән ұйымдық-құқықтық формаларда біртұтас мемлекеттік билік функцияларын атқаратын заң шығару, атқару және сот билігінің жоғарғы және жергілікті органдарының жиынтығы
Заң шығару органдары - преимущественно нормотворческой деятельностью айналысады;
Атқарушы билік органдарының басты міндеті - ҚР Конституциясының ережелерін, ҚР заңдары, нормативтік нұсқамалардың ережелерін жүзеге асыру;
Сот билігінің органдары азаматтық, қылмыстық және өзге де заң нормаларын жүзеге асыруға арналған.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

Мемлекеттік билік органдарының жүйесі:
Заң шығару (өкілетті) билігінің органдары
Атқарушы билік органдары
Сот билігінің органдары
ҚР Парламенті;
Жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар)
ҚР Үкіметі;
Министрліктер;
Комитеттер;
Агенттіктер;
Ведомстволар;
Әкімдіктер
Жоғарғы сот;
Жергілікті соттар
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

1. Заң шығару (өкілетті) билігінің органдары ҚР Конституциясының IV бөлімі. ПАРЛАМЕНТ
(49-бап)
Парламент - ҚР заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы
ПАРЛАМЕНТ палаталары (50, 51-баптар)
Сенат
Мәжіліс
Құрылады: әр облыс, республикалық маңызы бар қала және ҚР астанасынан 2 адамнан өкілдік ететін депутаттар;
Депутаттардың сайлануы: жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен;
Депутаттардың өкілеттік мерзімі: 6 жыл;
Депутат болу құқығы: 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала не Республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрып жатқан адам
Құрылады: жүз жеті депутат;
Депутаттардың сайлануы: 98 депутат сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы; 9 депутат ҚР халқы Ассамблеясы сайлайды;
Депутаттардың өкілеттік мерзімі: 5 жыл;
Депутат болу құқығы: жасы 25 толған адам
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

85-бап
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады;
86-бап
Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды
86-бап
Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды.
ҚР 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады.
Республика азаматы 1 мәслихаттың ғана депутаты бола алады
1. 1. Заң шығару (өкілетті) билігінің органдары ҚР Конституциясының VIII бөлімі ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

2. Атқарушы билік органдары V бөлім. ҮКIМЕТ
64-бап
Үкімет ҚР атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
64-бап
Үкімет - алқалы орган; өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

66-бап
ҚР Үкіметі:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) ҚР сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды
67-бап
ҚР Премьер-Министрі:
Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
Үкімет қаулыларына қол қояды;
4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады;
5) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады
2. Атқарушы билік органдары V бөлім. ҮКIМЕТ
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

2. 1. Атқарушы билік органдары ҚР Конституциясының VIII бөлімі ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
87-бап
Жергілікті атқарушы органдар ҚР атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды.
Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері заңда айқындалатын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады.
Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

3. Сот билігінің органдары VII бөлім. СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛIГI
75-бап
ҚР сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Заңмен құрылған ҚР Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары ҚР соттары болып табылады
79-бап
Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін.
80-бап
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
82-бап
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

3 сұрақ. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық мәртебесі, Парламенттің өкілеттігі мен жұмыс істеу нысандары
III бөлім. ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
ҚР Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
41-бап
ҚР Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайлайды;
ҚР Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

III бөлім. ПРЕЗИДЕНТ
42-бап
Бір адам қатарынан 2 реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу ҚР Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
43-48 баптарға өз бетінше дайындалу!!!
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

Президенттік мерзімі
Басқару ұзақтығы
Партиялылық
1990 жылдың 24 сәуірі
1991 жылдың 1 желтоқсаны
586 күн
Кеңес Одағының Коммунистік партиясы
1991 жылдың 1 желтоқсаны
1999 жылдың 29 сәуірі
2706 күн
Партиясыз
1999 жылдың 29 сәуірі
2005 жылдың 4 желтоқсаны
2411 күн
“Отан” республикалық саяси партиясы
2005 жылдың 4 желтоқсаны
2011 жылдың 4 сәуірі
1947 күн
“Отан” республикалық саяси партиясы (“Асар” партиясымен біріккеннен кейін “Нұр-Отан” ХДП айналды)
2011 жылдың 4 сәуірі
2015 жылдың 26 сәуірі
1483 күн
“Нұр-Отан” ХДП
2015 жылдың 26 сәуірі
Мерзімі 2020 жылдың сәуір айына дейін)
“Нұр-Отан” ХДП
Кесте 4 - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Президенттігі
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

ҚР Парламенті
Типі
Типі
Екі палаталы
Палаталар
Сенат (Жоғарғы палата) ;
Мәжіліс (Төменгі палата)
Басшылық
Сенат Төрағасы
Қасым-Жомарт Токаев (Нұр-Отан, 2013 жылдың 16 қазан айынан бастап)
Мәжіліс Төрағасы
Нұрлан Нигматулин (Нұр-Отан, 2016 жылдың 22 маусым айынан бастап)
Құрылымы
Мүшелері
154 мүшесі бар:
47 сенаторлар;
107 депутаттар
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

IV бөлімі. ПАРЛАМЕНТ
53-бап
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
ҚР Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz