Тұтас педагогикалық үдеріс


Slide 1

Тұтас педагогикалық үдеріс

Slide 2

Үдеріс («processus» - «ілгерілеу» латын сөзі)

күйдің реттілікпен ауысуы

қандай да бір нәрсенің даму жүрісі

қандай да бір нәтижеге жетудің

реттелген

әрекеттер

жиынтығы

Slide 3

Біртұтастық

Біртұтастық - бұл ұйымдасуы жоғары деңгейлі, күрделі ішкі құрылымға ие нысандардың бірігімді, жалпыланған сипаттамасы.

Slide 4

Педагогикалық үдеріс

Педагогикалық үдеріс- білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады.

Slide 5

Педагогикалық үдерістің даму тарихы

«Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П. Ф. Каптерев ендірді.

«Педагогикалық үдеріс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Slide 6

Тұтас педагогикалық үдерістің құрауыштары

Субъектілер (Педагог, білім алушы)

Объектілер (Білім алушы, білім)

Slide 7

Тұтас педагогикалық үдеріс

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ындаландырудың педагогикалық үлгісі.

Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс

Дамыту -

Дамыту

Slide 8

қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету.

Педагогикалық үдеріс

Мақсаты

Slide 9

Тұтас педагогикалық үдеріс - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі.

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыратын -педагог.

Педагогикалық үдеріс - бірнеше элементтен құрылатын жүйе.

Педагогикалық үдеріс

құрылымы

педагогикалық

әдістемелік

психологиялық

мақсат - принциптер - мазмұн -әдістер - құралдар - түрлер

мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді.

Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс -

әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды.

танымдық процестер

оқуға қызығушылық

белсенділігі

Slide 10

Біртұтас құбылыс ретінде педагогикалық үдеріс жүйелілік тұрғысынан ұйымдастырылуы мүмкін, осыдан мұнда ең алдымен назарға алынатыны - педагогикалық жүйе.

Тұлғаның тұтастай дамуына ықпалды нақты тәрбие мақсаты - төңірегінде ұжымдасқан сан алуан әрі көптеген өзара байланысты құрылым бірліктерінің басын қосқан педагогикалық жүйені құрау.

Slide 11

бағдарлы мақсаты болған іс-әрекет түрлері

Біртұтас педагогикалық жүйе

Тәрбие міндеттері

еңбеккерлік

ақыл-ес дамуы

адамгершілік ұстаным

эстетикалық талғам

елжандылық сезім

қызметтік жүйешелер

Slide 12 Slide 13

«Педагогикалық үдеріс - көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні - әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік - бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. Педагогикалық процесс - негізгі, біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді»

И. П. Подласый

Slide 14

«Педагогикалық үдеріс - тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың өмірлік іс-әрекетін мақсат-бағыттылыққа ұйымдастыру»

С. А. Пуйман

Slide 15

«Педагогикалық үдеріс педагогикалық іс-әрекеттер мен құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе: тұтас педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары, тұтас педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең мектебінің мұғалімі».

С. А. Смирнов, И. Б. Котова, Е. Н. Шиянов, Т. И. Бабаева

Slide 16

«Педагогикалық үдеріс тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті»

В. И. Смирнов

Slide 17

«Педагогикалық үдеріс - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) »

Ж. Ә. Әбиев, С. Б. Бабаев, А. М. Құдиярова

Slide 18

Қорытынды

“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы”-деп ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби айтып өткен.


Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагогикалық процесс теориясының дамуы
Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Оқыту процесі Тәрбие процесі
ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС
Мектеп ісін басқару жүйесі
Педагогикалық менеджмент нысандарының ерекшеліктері мен сипаттамасы
Педагогикалық үдеріс жүйенің барлық құрамдас бөліктерін біріктіруші басты жүйе ретінде
Педагогикалық тәжірибе
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz