Эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас




Презентация қосу
Эллинизм дәуірінің
философиясы
Эллинизм — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның
соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл
тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің
заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны
жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл
ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға
дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына
дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі
ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл
осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып
көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениетітарихында
эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр
Македонский державасының барлық жерінде грек
мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс
және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те
қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен
азат еткені үшін Египетабыздары Александрды күн
құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр
өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір
берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің
құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды.
Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және
жиһангері ретінде даңққа бөленген, ұлы Александр отыз
үш жасында дүние салды. Ол өлгеннен кейін (біздің
заманымызға дейінгі 323 жыл) бұл империя ыдырап,
бірнеше патшалық династиялар құрылды.
Эллинизм өнері сол қарқынды дәуір адамдарын
толғандырған идеяларды суреттеді, ал көркем
мәдениет Жерорта теңізінің әр түрлі
облыстарындағы өнердің көптеген түрлерін дамыту
негізі болды. Б.з. дейінгі 1 ғ. соңынан эллинистік
мемлекеттер құри бастағанда антика әлемінде рим
өнері жетекші мәнге ие бола бастайды. Ол өзіне
Греция мәдениеті мен өнерін сіңіре отырып, зор Рим
державасының көркем практикасына үлесін қосты.
Гректердің антикалық антропоцентризміне
римдіктер парасатты дүниетаным белгілерін енгізді.
Ойлау дәлдігі мен тарихилығы, қатаң проза
гректердің миф шығармашылығының мәнді
поэтикасынан бөлек көркем мәдениет негізі болды.
Эллинизм — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезеңі
болды. Оның алдында Ежелгі Элладаның өмірінде Александр Македонскийдің
Персияға қарсы шапқыншылық жорықтарына байланысты орасан зор саяси
өзгерістер өтті. Ол он жыл ішінде, б. э. бұрынғы 334 жылдан 324 жылға дейін,
Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына шейін, Қара теңізден араб
сахараларына дейін ұланғайыр территорияны басып алды. Ежелгі дуниеде
мұндай орасан зор держава болып көрмеген-ді, бірақ қарудың күшімен
құрылған мемлекет онша орнықты болмай шықты, жаулап алушының өзі өлген
соң ыдырап кетті. Ұзаққа созылған қырық жылдық қырқыстан кейін ол
мемлекеттің обаларында Александр сардарларының монархиясы орнап,
олардың ішінде Мысыр, Сирия және Македония аса маңызды роль атқарды.
Олардың арасындағы бақталастық пен үздіксіз, соғыстар бүкіл эллинизм
тарихына созылды. Мемлекеттер билеушілері шығыс дәстүрі бойынша өздерін
патша деп атады. Мәртебелі жер иеленушілер есептелген олардың жерін
өңдейтін тәуелді қауымдық шаруалар тіршілігінің құлдар өмірінен айырмасы
шамалы еді. Шығыс Жерорта теңізі өңірінің барлық елдеріңде құл
иеленушілікке негізделген шаруашылық аса кең тарады, ақсүйектердің ұшан-
теңіз байлығы мен халық бұқарасының қайыршылығы арасындағы қарама-
қарсылық өрши түсті. Сауданың қаулап өсуі, әсіресе, Шығыста жаңа
қалалардың дүниеге келуіне ықпал жасады.
Мысырдағы Алексаңдрия, Сириядағы Антиохия мен Кіші Азиядағы Пергам эллиндік елдердің
аса ірі орталықтарына айналды. Әскери тұтқындар есебінде келген құлдардың орасан зор
тасқыны құрылысты кең өрістетуге мүмкіндік берді. Қалаларда салтанатты патша сарайлары,
сәндік мұсіндермен әшекейленген сәулетті бақтар, театрлар мен храмдар, қомақты әкімшілік
ғимараттар мен көрікті жеке үйлер салынды. Б. э. бұрынғы III ғасырда Фарос аралындағы
Александрия айлағының кіре берісіне тұрғызылған биіктігі 120 м Фарос маягы сияқты
инженерлік өнердің тамаша ескерткіштері дүниеге келді. Монументтілікке талпыныс алып
мүсіндерді жасаудан көрінді: мүсінші Харес құдай Гелиостың биіктігі 32 м «Родос алыбы»
деген атпен
белгілі қола пішінін құйды. Алыс соғыс жорықтары, теңіз саяхаттары және Шығыс елдерінде
грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның ғылыми байлығымен гректер жақсы
танысуына жол ашты, ал жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Бұған содан
бастап, Марсельден Орта Азияға дейін, Каспий теңізінен Ніл жағасына дейін жайылған
жалпы грек тілі едәуір ықпал жасады. Эллиндік дүниенің рухани өміріне тән белгі —
Грекияның мәдени жетістіктері мен ежелгі шығыстық цивилизациялардың өзгеше бір
ұштасуы, сондай-ақ мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған білімнің жүйеленуі.
Мемлекеттер билеушілері өз үстемдіктерін нығайтып, қуаты мен даңқын арттыруға тырысып,
төңірегіне көрнекті суретшілерді, ғалымдар мен ақын-дарды жинады. Александриядағы
ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған жеті жүз мың папирус орамы бар
әйгілі кітапхана қалың жұртқа танымал болды. Б. э. бұрынғы III ғасырда жаратылыстану
ғылымдары, математика мен медицина орасан зор табысқа жетті. Осы тұста Архимед
механика мен физика саласындағы талай ұлы жаңалықтар ашты, Эвклид геометрияның
бастауы туралы еңбек туғызды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ
Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрах Самоский тұңғыш рет
жер мен планеталар күнді айналады деген данышпан болжам айтты.
Әлем шегінің кеңеюі және оны ғылыми тұрғыдан тану адамға қорша-ған дүние шындығының
ұшы-қиырсыз күрделілігін ұқтырды. Тәуелсіз мемлекет-қалалар жоғалып, патша билігіне шек
қойылмайтын қуатты монархиялардың пайда болуы азаматтық сананы біржола құртып,
адамның дүниедегі орны туралы жаңа түсінікті қалыптастыруға жол ашты. Ол монархтың
шын берілген пендесіне айналумен қатар, өзін эллиндік ойшылдар «иеленген әлем» деп
атаған кең ғаламның бір жұрағаты ретіңде бұрынғыдан бетер сезінді.
Эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас. Өйткені, бұл дәуірде Александрияда,
Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дөстүрлері болды. Бірақ оған
қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді.
Біздің заманымызға дейінгі II ғасыр өмір сүрген атақты мүсінші Александр (Агесандр)дың қолынан
шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген
Афродитаның мүсіні қазір бүкіл дүние жүзіне белгілі болып отыр. Бұл мүсіннің өн бойында грек
өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббатқұдайының бұл сырлы
бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нөзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады. Әлемнің
жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының
орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атаққа ие
болған Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуіріне біртұтас жобамен салынған
алғашқы қалалардың бірі болып саналатын Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ
биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі
Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған
оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған.
Пырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық
жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ
төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңыңда жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың
қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге
болады.
Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткішінің бірі — Троялық абыз Лаокоон мен оның
балаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар
родостық шеберлер — Агесандр, Полидоржәне Афанодор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі
жөніндегі аңызхикаядан алынған.
Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды.
Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне төн, патшаны құдай
дөрежесінде мадақтауға негізделген — монархтарға
табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардьщ
әйелдері құдайлар деп таныльш, оларға құдайлардай сый-
құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші
бір белгісі — «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік
етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы
гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді.
Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет — синкретизм еді
(гректік және шығыстың діни ұғымдарының түрлі
элементтерінің өзара араласып кетуі).
Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика
өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлар бойы өз
сәулесін түсіріп келеді. Біздің заманымызға дейінгі ГУ ғасырда
пайда болған эллинистік мемлекеттер көп уақыт өмір сүрген
жоқ, өйткені біздің заманымызға дейінгі II—I ғасыр өзінде-ақ
олардың көпшілігін құлиеленушілік Римнің қалың қолы жаулап
алды. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері
көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің
жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениетібасталды.
Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Балдан тәтті кім
Елдер этикеті
КЛАССИЦИЗМ ӨНЕРІНІҢ ТУЫП ҚАЛЫПТАСУЫ
Ақан Сері
Ағзаларды клондау
Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті
Махабалипурам өнері
Біржан сал Қожағұлұлы
Мемлекеттік тіл - менің тілім. 7 сынып
Тіліңмен жүгірме
Пәндер